Мазмұнға өту

Жаңа

Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев бүгін соттағы соңғы сөзін алқабилерге арнады.

undefined

Ол соттың алқабилермен өтуін өзі қалағанын жеткізді.

«Бұл мен үшін оңай таңдау болған жоқ. Елімізде бұл істі білмейтін адам қалған жоқ. Әлеуметтік желілерде пиар компаниялар, мені жеккөрінішті етіп көрсету, істі бұрмалау, мені және менің отбасымды қаралау науқаны жүргеніне қарап кез-келген алқабидің маған қарсы екенінен қауіптенемін. Соған қарамастан мен және менің қорғаушыларым ашық алқабилер сотына жүгіндік. Менде тек бір мақсат болды. Ең құрығанда 10 адамға сол қайғылы түн туралы шындықты дәлелдеу, Салтанат екеуміздің қарым-қатынасмыз қандай болғаны туралы айту», - деді айыпталушы.

0
0
472

Алматы облысында жер сілкінді

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 09 сағат 12 мин 44 сек жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 194 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2-3 балл, Қарқара ауылында 3-4 балл, Тоғызбұлақ ауылында 3 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

0
0
668

Журфак пен Жазушылар одағының арасында не болып жатыр?

Әл Фараби Атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбай оқытушы Ермахан Шайхыұлын қорғап жазба жариялады.ШАЙХЫҰЛЫН НЕГЕ ШЫРЫЛДАТАСЫҢДАР?Жазушылар одағындағы төрелер! Сендердің "бір істерің үшін жолдарыңда өлгім келеді, бір істерің үшін қолдарыңда өлгім келеді". Жап-жақсы бастамаларың бар болғанмен, жымысқы істеріңе де есеп жетпейді. Осы жымысқылықты қашан қоясыңдар? Сыйлық, бәйге, мүшайра, байқау болса, сыбырласып, күбірлесіп, қырын тартасыңдар да кетесіңдер. Соңынан сөз болатынын, түбі өздерің масқара болатындарыңды біле тұра сөйтесіңдер. Әділдікке ғана жүгінетін кез болды ғой. Талантты сатирик, қарымды қаламгер әріптесіміз Ермахан Шайхыұлын отқа салғандай етіп неге шырылдатып жатырсыңдар? Таяуда ғана сатираның сардары Ғаббас Қабышұлының өтінішін д…

0
0
511

Соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеге дейін төленді

Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды.

undefined

Фото: egemen.kz

Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді.
Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ардагерлер 2 млн теңгеден алды.

Елімізде ІІ Дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері тұрады.

@qazaqstantv

0
0
521

Жамбыл облысында есірткі сатушылар ұсталды

Таразда есірткі сатушылардан мефедрон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды.  Яғни 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасына бағаланады.  "Екі жақын дос Тараз қаласында…

0
0
427

Тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Жаңажол ауылында 3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген.

undefined

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Қуанышты жаңалық осы, алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлдем бас тартты.

Polisia.kz

0
0
405

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың салық төлеу мерзімі ұзартылды

Қаржы министрлігі су тасқынынан зардап шеккен салық төлеушілердің барлық салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзартты."Төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрі "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрыққа қол қойды.Естеріңізге сала кетейік, су тасқынынан зардап шеккен салық төлеушілерге 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында басталатын салық есептілігінің барлық нысандары бойынша тапсыру мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.Тиісінше 2024 жылғы 1 шілдеге дейін салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама беру жөніндегі шаралар қолданылмайды", - делінген хабарламада.Салық төлеушілерге мемлеке…

0
0
430

ТЖМ жұртты жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстауға үйретіп жатыр

ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары бойынша сауалнамадан өтуге шақырады.

"4-25 мамыр аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында «Сіз жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын білесіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізіледі.

Сауалнама мақсаты - азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, олармен кері байланыс орнату.
Баршаңызды сауалнамадан өтуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

https://t.me/qr_tjm

0
0
455

Бишімбаевқа қатысты сотта прокурор Абайдың сөзін тереңірек оқу керектігін айтты

Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөз жалғасып жатыр.

undefined

Прокурор Айжан Аймағанова бұған дейін сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы өз сөзінде келтірген Абайдың "Қара сөздерінен" үзінді "контекстен үзіп алынған" деп мәлімдеді.

"Абайдың үшінші сөзіне келсек. Десе де қорғаушы тарап контекстен үзіп алған, өйткені Абайдың "Қара сөздерін" түгел оқысаң, мағынасы мүлде басқа. Және Абайды тереңірек оқу керек. Құрметті сот! Мен көп нәрсені айтқым келеді, бірақ бұл ескерту болғандықтан, бұл қысқаша қарсылығымыз", - деді Аймағанова.

Tengrinews.kz

0
0
448

Ресей Нигердегі америкалық базаны басып алды

Ресей мен АҚШ әскері Нигердегі бір базада тоғысып қалды. Вашингтон әскерилердің әртүрлі ангарларда тұратынын, бір-бірімен қиылыспайтынын мәлімдеді.Фото: AFPРесей әскерилері америкалық әскер орналасқан Нигердегі базаны басып алды, деп жазды Reuters агенттігі Пентагонның жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап. Мұны кейін АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин де растады.Ақпарат көзінің дерегінше, ресейліктер америкалықтармен араласпайды, олардың әскери техникаларына қол жеткізе алмайды және Нигер астанасы Ниамейдегі Амани Диори халықаралық әуежайының жанында орналасқан 101 әуе базасында жеке ангарды пайдалануда. CNN телеарнасының мәлімдеуінше, ресейлік әскерилерілердің Ниамей маңында жүргеніне бірнеше апта болды.Бұған дейін елдегі билікті басып алған әскери хунта Вашингтоннан елден мыңға жу…

0
0
495