Yvision.kz
ru
Қылмыс пен жаза
87 жазбалар2 тіркелуші
0
06:36, 06 мамыр 2024

Байжанов соңғы сөзінде не айтты?

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында "қылмысты жасырды" деп айыпталған Бақытжан Байжанов та соңғы сөзін айтты.

undefined

Ол қылмысты жасырса, өзін ешқашан кешірмейтінін жеткізді.

"Мен білген жоқпын, ант етемін. Егер білсем, осы әрекеттердің бірде бірін жасамайтын едім. Менің әрекеттерім қылмысты жасыру ретінде қабылданатынын түсінбек түгілі болжаған да жоқпын. Егер мен шынымен саналы түрде жантүршігерлік қылмыстың ізін жасыруға көмектессем, онда мен өзімді қорғамайтын едім, өз-өзімді кешірмейтін едім", - деді Байжанов.

0
348
0