Мазмұнға өту
Дөңгеленген дүние
57 жазбалар3 тіркелуші

Тұңғыш киберспорттық Олимпиаданың қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Шешім Парижде Халықаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) 142-ші сессиясы барысында қабылданды.Фото: Yong Teck Lim / Getty ImagesСонымен, тұңғыш киберспорттық ойындар (Olympic Esports Games) 2025 жылы Сауд Арабиясында өткізіледі деген ұйғарым жасалыпты. Сондай-ақ осынау ірі жарыстарды ұйымдастыру үшін аталған елмен 12 жылдық серіктестік келісім бекітілген.ХОК президенті Томас Бах бұл олимпиадалық комитеттің жаңа дәуірге қадам басуы екенін және осы саланың цифрлық революцияға сай болуға талпынып келе жатқанын атап өтті.«Бұл – олимпиадалық бренд пен бүгінгі жастар арасында сақтап қалған құндылықтарымыздың тартымды болып тұрғандығының тағы бір дәлелі. Осы жоба Сауд Арабиясының Ұлттық олимпиадалық комитетіне мол тәжірибе әкеледі», – деп мәлімдеді Бах.Оның сөзі бойынша, бұл бастаманы киберспорт…

0
0
284

Есірткіге елірген теңіз жануарлары

Бразилия жағалауларындағы акулалардың ағзасынан кокаин табылған.Көрнекі фото: Emin Sansar/Anadolu AgencyҒалымдар Рио-де-Жанейроға жақын маңда ұстап алынған 13 сүйіртұмсық акуланың тініне биохимиялық зерттеу жүргізді. Сөйтіп, олардың бұлшық еті мен бауырында көп мөлшерде кокаин бары анықталған.Негізі, осы есірткі мен басқа да психиканы қуаттандырғыш заттардың қалдықтары теңіз жануарларының ағзасынан бұрындары да табылған еді. Бірақ бұл жолғысы тым өзгеше болып тұр. Яғни бүгінгі көрсеткіш бұрынғысынан жүз есе дерлік асып түскен.Судағы алып тіршілік иелерінің елірткіш затты қалай «қабылдағанына» қатысты түрлі болжам бар. Сарапшылардың ойынша, кокаин Атлант мұхитына не оны жасайтын астыртын зертханалардың кәріз жүйесі арқылы, не соны тұтынатын адамдардың нәжісімен келеді.Сондай-ақ ол контраба…

0
0
404

Спектакль үшін сотталды

Мәскеудің екінші Батыс округтік соты режиссер Евгения Беркович пен драматург Светлана Петрийчуктың әрқайсысын алты жылдан бас бостандықтарынан айырды.Светлана Петрийчук пен Евгения Беркович. Фото: kino-teatr.ruОларға «лаңкестікті ақтады» деген айып тағылған. Бұған екеуі қойған «Финист – айқын сұңқар» («Финист Ясный Сокол») атты спектакль себеп.   2020 жылы қойылған бұл спектакльде радикалды діни ағым өкілдеріне тұрмысқа шығып, Сирияға кетуді жөн көрген қыздар туралы баяндалады. Онда шынайы өмірдегі әйелдерден жауап алу мен оларға қатысты үкімдер негізге алынған.  «Финист – айқын сұңқар» 2022 жылы «Золотая маска» сыйлығының бірнеше аталымын жеңіп алған. Соның ішінде пьеса авторы Светлана Петрийчуктың өзі де жүрдегер атанды.Кейін осы қойылымға қатысты бірнеше арыз жазылды. Ол…

0
0
353

ШЫҰ қандай ұйым?

Астанада 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетінін бұрынырақ хабарлағанбыз.Фото: ria.ru мұрағатынанҚХР төрағасы Си Цзиньпин осы жиынның қарсаңында мақала жазды. Ол «ҚазАқпаратқа» жарияланған.Қытай басшысы Қазақстан тарапы бүгінге дейін аталған ұйымға төраға кезінде жемісті жұмыс атқарып, ШЫҰ-ның беделін арттыруға мол үлес қосқанын атап өтті.«Қытай тарапы бұны жоғары бағалайды. Астана саммитінің күш біріктіру арқылы жемісті өтетініне, ШЫҰ-ны нығайта түсіп, ынтымақтастың жаңа белесін ашатынына сенімдімін», – деді Си Цзиньпин.  Айта кетейік, осы саммиттен кейін ШЫҰ-ға ротациялық тәртіппен Қытай төраға (2024–2025 жылдары) болады.Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихына келсек, оның құрылғанына биыл 28 жыл болып жатыр. 1996 ол «Шанхай бестігі» болып жұмысын бастағ…

0
0
531

Айдос Садықов қайтыс болды

Украинада оқ тиіп жараланған қазақстандық журналист Айдос Садықов ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы оның әйелі Наталья Садықова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.Фото: azattyq.org«Айдос Садықов бүгін Киев уақыты бойынша 3:00-де бізден кетті... Айдос 13 күн бойы өліммен арпалысты. Бірақ одан қайран болмады», – деп жазды Садықова.  Естеріңізге салсақ, Айдос Садықовты 18 маусымда Киевте өз үйінің жанында атып кеткен еді. Артынан бұл қастандықты екі адамның жасағаны анықталды. Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаев сол оқиғадан кейін Украинадан қашып кеткен. Екеуі де – Қазақстан азаматтары. Тіпті Қаратаевтың Қостанай облысында полицей екені айтылды. Бірақ еліміздің Ішкі істер министрлігі оның осыдан 5 жылдан аса уақыт бұрын ішкі істер органдарынан шығып кеткенін хабарлады.Ал Жақанбаев…

0
0
447

"Ойып жаздым ALI деген атымды..."

Қазақтар Еуропаны дүрліктіріп жатыр. Италияда тарихи ғимарат қабырғасына атын ойып жазған қазақстандық қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

undefined

Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura

Италияда отандасымыз Помпей археологиялық паркіндегі Цейлер үйінің қабырғасына ALI деген атын ойып жазып, тарихи орынды бүлдіргені үшін ұсталған еді. Қазір ол босатылған. Бірақ енді осы жағдай бойынша әкімшілік сот болады.

Қазақстандықтың вандализм үшін 10 мыңнан 15 мың еуроға дейін айыппұл төлеуіне тура келейін деп тұр. Ал бүлдірген қабырғаны жөндеу үшін бөлек шығындалуы керек.

Айта кетейік, екі күн бұрын Грекияда қазақстандық туристер яхтада отшашу атамыз деп орманды өртеп жіберген болатын.

0
0
412

Грекияда аралдағы орманды өртеп жіберген туристерге қатысты жағдайға СІМ түсініктеме берді

Осыған дейін Грекия жағалауындағы яхтада отшашу атамын деп Идра аралындағы орманды өртеп жіберген қазақстандық саяхатшылар туралы ақпарат тараған еді.

undefinedФото: BILD

Бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осыған қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қазақстанның консулы Грекияның билік орындарына бірден хабарласқан.

«Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Және оларға ешқандай кінәрат тағылмаған», – дейді Смадияров.

Ал болған жағдайға гректердің заңы бойынша кеменің экипаж мүшелері жауап беруге тиіс.

Айта кетейік, әлгі яхтада 17 қазақстандық турист болған.  

0
0
369

Тоқаев Қазақстан Дағыстандағы лаңкестіктер бойынша жедел шараларға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.Коллаж: 24krasnodar.ru«Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды», – деп жазды Aqorda.Айта кетейік, қаскөйлер Дағыстандағы Дербент қаласында синагога мен шіркеуге оқ атып, Махачкалада жол-патруль қызметі бекетіне шабуыл жасаған еді. Алдын ала мәлі…

0
0
301

Германияда Еуропа чемпионатынан хабар беретін бағдаршамдар іске қосылды

undefined

Жаяу жүргіншіге жолдан өтуге рұқсат беретін жасыл түсі жанғанда, доп тепкен адамның сұлбасы көрінеді. Ал қызыл түсі ойыннан қуатын ескерту қағазын көрсетеді. Осылайша Франкфурт көшелері футбол мерекесінен тыс қалмай, қала тұрғындары мен қонақтарын бір қуантып қойды.
Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионаты шілденің 14-іне дейін жалғасады. Алайда бағдаршамдар дүбірлі дода аяқталғаннан кейін де Еурокубоктан хабар беретін естелік нышан болып қала бермек.

@qazaqstantv

0
0
689

Қырғызстанда алты бала бірден суға батып кетті

Қырғызстанда көлік тоғанға құлап, салондағы сегіз баланың алтауы суға батып кетті.Оқиға кеше, 20 маусым кешке Қара Балта ауылы маңында болған. Volkswagen Jetta жүргізушісі көлік тізгінінен ие бола алмай, жолдан шығып тоғанға құлаған. Көлікте үш ересек пен сегіз бала болған. Төрт пен тоғыз жас аралығындағы алты бала суға батып кетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері.Қара Балтаның 40 жастағы тұрғыны әйелі және төрт баласымен бірге № 3 тоғанға демалуға келген. Олардың жанында ер адамның әпкесі және оның төрт баласы — бас-аяғы үш ересек және сегіз бала болған. Демалыстан қайтып келе жатқанда жүргізуші көлік руліне ие бола алмай, суға құлайды. Көлік жүргізген адам мас болған.    Жүргізуші, оның әйелі, үш айлық қызы, ер адамның әпкесі және оның жеті жасар…

0
0
557