Атырауда тура Отан қорғаушылар күнінде әскери бөлімнен жауынгер қашып кетті
Ол өзін қуғандарға қарсылық білдіріп, оқ атқан.

Мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні жауынгер 41433 әскери бөлімінен қару мен оқ-дәрілерді алып қашып кетті.
Ұстауға талпынған кезде ол оқ атқан. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлердің «Арлан» арнайы бөлмшесі мен ҰҚК-ні көмекке шақыруына тура келген.
Ақмола облысынан осы жылы 18 сәуірде шақырылған бұл жауынгер өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 оқ-дәрі алып кетіпті.
Қашқын ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
t.me/guwonline
