Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК-тің шағын форматтағы жиынына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шағын форматта өткен отырысына қатысты.

undefined

ЖЕЭК саммитіне Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев келді.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi

0
0
422

Осы тақырып бойынша