Сауда-логистикалық орталық аймағы инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталуда
Шымкент қаласындағы «Сауда-логистикалық орталық» индустриалды аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылуда. Жоба электр қуатымен және сумен жабдықтауды және кәріз жүйелерін салуды қамтиды.









