Мазмұнға өту
Түркістан облысы
15 жазбалар3 тіркелуші

Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан аймақ. 1932 жылы Оңтүстік Қазақ облысы болып құрылып, 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы болып өзгерген. 1962-1992 жылдары – Шымкент облысы. 1992-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы.

Түркістан: Төлеби ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі тексерілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өңір аумағында улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталу барысын тексерді.

0
0
330

Түркістан: Келес ауданында жол сапасы 21 пайыздан 65 пайызға өсті

Түркістан облысында елді мекендерді абаттандыру және жол жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. 2018 жылы қайта құрылған Келес ауданында елді мекендердегі ішкі жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі небәрі 21 пайызды құраған еді. Ауданда жол сапасын арттыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы аудан аумағында 23 жол нысаны жөнделді.

0
0
248

Түркістан облысында ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жұмыстары басталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қаңтардың қақ ортасында ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жұмыстары басталды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және өңір тұрғындарын сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында биыл аудан бойынша жалпы көлемі 60,3 мың гектар егістік алқапты игеру көзделген болса, оның ішінде 1405 гектар жерге ерте және орта мерзімде пісетін көкөніс дақылдарын егу жоспарланып отыр.

0
0
182

Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4%-ды құрап (3 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі қалыптасты.

0
0
121

Төлеби ауданында мәжіліс депутаты әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданына арнайы іссапармен келді. Сапар барысында халық қалаулысы аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловпен бірге аудан аумағында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты. Сапар аясында депутат Көксәйек елді мекенінде орналасқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Қазіргі таңда спорт кешенінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті материалдық-техникалық жабдықтар орналастырылуда. Спорт кешенін 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

0
0
142

Тәуелсіздік күні арыстық жастар асар дәстүрімен мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылында Тәуелсіздік күні қарсаңында игі іс жүзеге асты. Ауыл жастарының бірлескен еңбегінің нәтижесінде асарлату дәстүрімен салынған жаңа баспана Досыбаевтар әулетіне табысталды.

0
0
161

Шардаралық балуан пара дзюдодан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Бразилия мемлекетіндегі Сан-Паулу қаласында пара дзюдодан Гран при Халықаралық турнирі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде шардаралық балуан, пара дзюдодан Әлем чемпионы Бексұлтан Құлмырза 81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Нәтижесінде кіл мықтылар қатысқан додада Бексұлтан алтыннан алқа тақты. Ол финалда тағы бір қазақстандық пара дзюдошы Ғалымжан Смағұлұлымен күш сынасқан.

0
0
163

Түркістан облысында қыс мезгілінде 14 жылыту пункті қызмет көрсетеді

Түркістан облысы аумағында қысқы маусымда қызмет көрсететін мекемелерде жалпы 139 бірлік техника, 4 200 тонна – тұз, 15 190 тонна – құм, 377 тонна – дизель, 196 тонна – бензин, 160 тонна – көмір, 1 225 дана – «Тайғақ жол» ескертуші тақтайшалары дайындалған. Қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 14 жылыту пункттері бар. Бұл туралы баспасөз жиынында Түркістан облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Дәурен Жүсіпов мәлімдеді.

0
0
150

Қазақстан мен Түркия стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген қазақ-түрік ынтымақтастығы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында тұрақты дамып келе жатқанына назар аударды. – Біз осы сара жолды жалғастырып, өзара байланысты бүгінгіден де биік белеске көтеруге мүдделіміз. Құрметті Президент мырза, Өзіңізбен жаңа ғана шағын құрамда өткізген келіссөздерді жоғары бағалаймын. Біз ықпалдастығымызды кеңейтуге ниетіміз бар екенін тағы да бекемдей түстік. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Екі елдің арасында ауқымды шарттық-құқықтық…

0
0
167

Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады

Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұл жайында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов брифингте мәлімдеді.«Биыл ашылатын төрт ірі жобамыздың екеуі арнайы экономикалық аймақта, қалған екеуі индустриалды аймақта орналасқан. Атап айтар болсақ, «KentauRedStar»ЖШС-і – кірпіш өндірісімен айналысады. 2023 жылы құрылысы басталған нысанның жоба құны - 1,5 млрд теңге. Биыл мамыр айында іске қосылған зауытта 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны жылына 45 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, «TURAN SHENHUA» ЖШС-і газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіруді қолға алмақ. 2025 жы…

0
0
168