Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Халық қазақ тілін қорлаған ForteBank-ті басқаларымен қосып орнына қоя ала ма?

Әлде банк басшылары әлі де «бұл халық бізге не істей алады?» деген оймен алаңсыз отыр ма?

undefined

Әлеуметтік желінің құдіреті ғой. Соңғы бірнеше күнде ForteBank төңірегінде дау өршіді. Оған осы қаржы ұйымының жұмыс берушілер мен іздеушілердің хабарландыруын жариялайтын сайтқа бір вакансия туралы жазып, онда «Қазақ тілі міндетті емес» («Казахский язык – не обьязательно») деп қойғаны себеп. Дәл осы бір ауыз сөз халықтың шамына қатты тиді. Расымен бұл сөздің қазақ тілін әрі елдің негізін құраушы білдей бір ұлтты қорлап тұрғаны анық.

undefined

Банк өкілдері оның себебін айтты (әлде солай дей салды ма?). Олардың уәжі бойынша, әлгі бос жұмыс орны туралы хабарландыру сайтқа жасанды интеллект басқаратын робот рекрутер арқылы автоматты түрде жіберілген көрінеді. Сөйтіп тым ақылды болғанымен, сезімге түк жоқ робот қателікке жол берген. Ол оңбаған «қай тілдерді білу керек?» деген сұраққа қазақ тілін белгілемей қойыпты. Ал бұны банк қызметкері (яғни адам) тексермеген. Осылай деп, бар кінәні роботқа жапты.

Жалпы, банктердің қазақ тілінде қызмет көрсетуіне қатысты дау-дамайлар бұған дейін талай болған. Оның бәрі біраз уақыттан кейін ұмытылып кетіп отырды. ForteBank-тің адамдары да халықтың наразалығын кезекті бір сондай жағдай ғой, әлгіндей жауап беріп құтыламыз деп ойлаған шығар. Мұның үстіне бұл оларға «қара» PR болды.  

Жоқ, банктегілердің ол ойы бола қоймады. Дау өрши түсті. Тіпті өзіміз күтпеген жағдай бола бастады. Әлеуметтік желіде ForteBank-тің қызметінен бас тартуға қатысты нақты қадамдар жасалып жатыр.    

Сондай ұйғарымға келгендердің алғашқысы – QAZBILIM GROUP компаниясы.

«QAZBILIM ұлттық лицейлерінің 8 қаладағы 420-дан астам қызметкері бүгінге дейін жалақысын ForteBank-тен алып келген еді.

Форте банк ұлттың тілін қажет етпесе, онда QAZBILIM Ұлттық лицейлерінің қызметкерлері де Форте банктің картасын қажет етпейді. Қолданбайды. Бұдан былай жалақыны басқа банктен алатын боламыз!

Бұл – QAZBILIM GROUP компаниясы басқармасының ресми шешімі. Біз толыққанды форте банк қызметінен бас тартып, ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміздің жалақысын ресми түрде басқа банкке ауыстырамыз!

Форте банкке байкот!» – деп жазды Фейсбукте аталған компанияның басқарма төрағасы Аятжан Ахметжан.

Сең қозғалды, мырзалар! ForteBank пен басқа да қаржы ұйымдарын жақсылып орнына қоятын кез келді. Жақсылап дейтініміз, осыған дейін олар кешіріп сұрап қана құтылып келді. Енді бұл аз. Енді бұлардың (қаржы саласынан өзге де компаниялардың) мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге дұрыстап (әншейін жұртқа көз қылып емес) ден қоюына, сайттарын ашсақ алдымен қазақша нұсқасы шығып тұратындай (бұл да маңызды!) қылып жасауына барынша ықпал етуіміз керек.  

0
0
523

Осы тақырып бойынша

Халық қазақ тілін қорлаған ForteBank-ті басқаларымен... - Yvision.kz