Мазмұнға өту

Жаңа

Gran El Clasico !!! І - бөлім

Испания Суперкубогі үшін болған кезекті Эль Класико өз деңгейінде өтті. Бар білгенін көрсетуге ұмтылған Виланова мен Моуриньоның шәкірттері "Камп Ноуды" қызықты қойылым аренасына айналдыра білді. Матч Астана уақытымен түнгі 2-30-да басталса да, ойынды көрген көрермендердің бірде-біреуі өкінді деп айта алмаймын. Ал бұл керемет кездесуді көре алмағандар келесі ойынды асыға күтетіндері анық. Бірінші таймда алаңда ауыз толтырып айтарлықтай оқиғалар бола қойған жоқ. Біріне бірі тіс қайраған қос қарсылас қанша тырысса да, есеп аша алмады. Алғашқы таймда аз да болса "Барсаның" басымдығы байқалды. Командалар он бес минуттық үзіліске 0-0 есебімен кетсе де, бар қызықты екінші таймға іріккен екен. Екінші 45 минут алаң иелерінің шабуылымен басталды. Көп ұзамай Месси және оның командасы бірінші болып…

3
0
550

Ақтаудағы сотта сотталушыларды сарапшылар састырды

Тамыздың 16 да басталған тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғалидың және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың үстерінен қозғалған қылмыстық істерге қатысты Ақтау қаласындағы сот мәжілісі 20 және 21 тамыз күндері жалғасуда. Жиырмасыншы тамыз күнгі сот отырысында сотталушылардың қорғаушылары талап еткеніндей, алдымен сотқа куәгер ретінде тергеу қызметінде болған сарапшылар шақырылды. Сот отырысы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында жүріп жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар бірінші келген сарапшы Назым Медеуоваға онша көп сұрақ бермегенімен, сотталушылардың қорғаушылары және олардың өздері біршама сұрақтарды жаудырды. В. Козловтың қорғаушысы А.Плугов еңбек коэффициентт…

0
0
647

Демалыс күндерімнің бір парасы немесе Арыс қаласына барғанда...

Бөлтірікті қанша асырасаң да тоғайын аңсайтыны секілді тұлымшағы желбіреген құндағына әркімнің бір бүйрегі қашанда бұрып тұратыны сөзсіз. Оқу мен еңбек демалысы бастала салысымен туған жерім Арысыма қарай жол тарттым. Жүйіткіген пойызбен тәулік бойы тағатсыздана жетуді мақсат етсең де, әудем жер қалғанда сабырың сарқылып, аз ғана жол ұзап кеткендей көрінеді. Вокзалдан өне бойы сағынышқа тұнған ата-анаң, туыстарың құшақ жая қарсы алғанда, жұдырықтай жүрегіңнің соғысы жиілеп кетеді де. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс өңірі «қала» атанғанымен ауыл тіршілігінің жұқанасы. Алдымнан аптаған ыстық күнге қақталған қап-қара қағілез балалар жүгіріп келіп амандасуда. Тұрпатын қай жерден көрген едім деп ойланып тұрсам, сәби кезінде мұрнынан «кәкәйі» жылтылдап жүрген кішкентайлар екен ғой. Еншіг…

Сұлтанмахмұт, «Айтыс» дастанынан үзінді

Ислам деп қазағымның айтсам дінін, Дос тұрсын, дұшпан таппас оның мінін. Негізі ақылменен сонша үйлесер, Мін іздеп қозғай алмас ешкім тілін. Мақсаты: адам ұлын бақты қылмақ, Дінімнің байқасаңыз ішкі сырын: Бұйырған пенделерге әділ бол деп, Әділдік бақыт үшін жалғыз жол деп; Қажы менен жұманы парыз қылған, Жиылып бір ынтымақ қылған оң деп. Зекет бер, нашарларға көзің сал деп, Ғылымды қайдан болса сонан ал деп. Ешкімге өзің тиме, біреу тисе, Өзіңді қорғау үшін қарсы бар деп. Зекет бер дегеннің білсең мәнін - Қырық жылда нашарға бер малдың бәрін. Деген сөз бір есептен ойласаңыз, Социалист емес пе пайғамбарым. «Адамға еш нәрсе жоқ тектен тегін, Орарсың бейнеттеніп ексең егін: Адам ұлы - патшасы жер жүзінің, Еңбегің сал, пайдалан, шығар кенін». Ішті, тысты таза қыл дегені ғой, Ойласаң дәрет, н…

1
0
2851

менің интернет сайттағы жарияланымдарым

Кеңес беру орын алған мәселелер міндеттерін шешуге бағытталған, ақыл беру арқылы жәрдемдесудің бір түрі. Ақылы түрде жүргізілетін кеңес беру экономикалық жағынан мол қаржыны қажет ететін, қарқындылығы және мерзімі жөнінен уақытшалығымен ерекшеленеді. Ақысыз кеңес беру жолдары күнделікті тұрмыстық өмір-салтында ауызекі түрде жүргізіледі. Жалпы кеңес берудің барлық түрлері әлеуметтік-саяси, рухани-мәдени, қоғамдық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді. Әумесерлік мінез-құлық пен жаман қылықтарға үйір болмай, әдептілік жолымен жүруді үндейді.

Егер қызықсаңыз осы туралы ой Маса интернет газеті мен Абай ақпараттық порталында жарияланған:   http://masa.kz/article/view/id/3755;

http://abai.kz/content/myrat-nasimov-sayasi-terbie

1
2
544

Мұратым - болашақтың журналистикасын меңгеру

Мектеп қабырғасында жүрген кезімде, болашақ мамандық туралы мүлдем ойламайтынмын. Ең бастысы сабақты жақсы оқып, ата-ананың үмітін ақтау болды. Мамандық таңдау туралы тек 11-ші сыныпта ғана ойлана бастадым. Бала кезімнен шығармашылық бағытқа жақын болғандықтан, электрондық журналистика мамандығын таңдауға бел будым. Қазіргі таңда «электрондық журналист» деген сөзді біреу естіген болса, енді біреу мүлдем естімеген болар. Көпшілік жұрт бұл мамандықты көбінесе компьютермен немесе теледидармен байланыстырады. Қазақстанда өкінішке орай, әзірге электрондық журналистер мыналар деп көрсететін мамандар аз. Тіпті, электрондық журналист мамандығын меңгеріп, елдің назарына ілігіп, осы мамандыққа қызығушылықты оятып жатқан мамандар жоқтың қасы. Бұл оларды жоғары деңгейдегі сапалы біліммен дайындайтын…

1
0
2442

Қыздар неге шылым шегесіңдер? Блеать..

Кішкентай кезімді Солтустік Қазақстан облысы, Аққайын ауданы, Қызыл-Жұлдыз ауылында өткізген едім. Сол ауылда бұрыннан әйел затынан тек қана бір кәрі кемпір шылым шегетін болған. Аты есімде жоқ өте кішкентай едім, бірақ түрі есімде қалды. Сол кезде сол кемпірдің шылым шеккенің көргенде таң қалатын едім, әйел затына шылым шегуге бола ма деп. Өсе келе қалаға да жиі баратын болдым, соның өзінде де шылым шегетін қыздар, әйелдер сирек кездесетін. Қазір болса кез келген жерде, уялмай қызармай шылым шегіп журген қыздарды көресін((( Өз басым шылымды шекпеймін, шегіп те көрген емеспін. Сол себепті шылымның иісінен басым айниды. Жігіттер шексе, шегіп жүре берсін. Олар өз денсаулықтарына өздері жауапты, ал қыздар сіздер ше? Сіздер өздеріне ғана емес, өздерінің болашақ балаларына да әсер етесіндер ғо…

Олимпиада жеңістері - Қазақтың Рухының биіктеуінде!

Олимпиада жеңістері - Қазақтың Рухтануы мен бірлігінің нығаюында. Лондон Олимпиадасы қазақ халқы үшін өте табысты болды, егер өткен төрт Олимпиадаларда бар болғаны \ Атлантада -3, Сиднейде -3, Афинада- 1, Бейжінде -2\ 9 алтынға қол жеткізе алсақ, 2012 жылы бірден жеті алтынға қол жеткіздік. Бұл біздің тарихымыз үшін болмаған, түске ғана кіретін табыс болғаны рас. Жеті алтын туралы Қазақ спорты ешуақытта армандап та көрмеген шығар, спорт министрі Ермегияев мырзаның Олимпиада алдында үш алтын жайында планымыз бар деуі де дұрыс еді, себебі бүгінгі таңдағы спортағы биік конкуренция одан артықты болжауды, бастан асыра секірумен бірдей бағалар еді. Спорт министрі прагматикалық адам болғандықтан қол жеткізе алар биіктікті межеледі. Ал қазақ спортшылары алды да, айды аспаннан бірақ шығарды. Мұнда…

1
0
1358

Әсем шақтар

Мына суретті қыста Астанада түсіріп едім. Астаналықтар үшін еш қызық емес шығар, күнде көріп жүр:))) Астанаға жиі барып жүрсем де, бұрын көрмеппін. Жаңа суреттерімді ақтарып отырып, арасынан тауып алдым. Назарларыңызға ұсынамын.

Ал мына суреттерді Ақтауда түсіргенмін. Ол да қыс мезгілі. Ақтауда қар сирек жауады. Бірақ биыл мол жауды ғой. Сондай әсем шақтардың бірі.

Сосын Каспийдің аққулары. Онсыз болмайды. Ақтаудың сәні емес пе? Неге қыс мезгілінің суретін ұсынып отырмын. Өзім де білмеймін. Сірә, қысты сағынған сияқтымын. Оған қоса, күн де суытып кетті. Тұман, бұлт. Сосын еріксіз есіме қыс мезгілі түсті.

2
3
1957