Мазмұнға өту
alpamis

Алпамыс Батыр

@alpamis

Сайтта 2011 ж. 9 қаңтарКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

67

пікірлер

287

тіркелуші

11

жазылымдар

5

Атақ па саған керегі?

Атақ па саған керегі?
Береді Алла, береді.
Даңқты даңғой боларсың,
Ниетің сондай себебі.
Өмірден өтіп кетсең де,
Дейді жұрт «пай-пай, ер еді!»,
Байлық па саған керегі?
Береді Алла, береді.
Сұғанақ қолың сумаңдап,
Теңге мен тиын тереді.
Бересің жауап сен де ертең,
Сұраусыз су жоқ себебі.
Сұлу ма саған керегі?
Береді Алла, береді.
Желкілдеп тұрған желегі,
Еріп те тұрған немені,
Ерінің талай емеді.
Жүзіңнің мұңы болмаса,
Ізіңнен мыңы ереді.
Өлімге үрке қарайсың,
Қойылар соңғы нүкте деп.
Нүктенің арғы жағынан,
Басқа бір сөйлем күтпе деп.
Сүйесің мына жалғанды,
Бақ керек саған, құт керек.
Сынақта жүрген құлына,
Раббысы артар жүк бөлек.
Өмірді думан, той көрсең,
Ібіліс салған ойға ерсең,
Ақыретте саған, біліп қой,
Азаптан басқа түк те жоқ.
1
1
2436

Шал ақын - ТЕҢ

ШАЛ АҚЫН(1748-1819) ТЕҢ Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең. Өмірде көрген жақсылық Ұйықтап өткен түспен тең. Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың Ләзім болған іспен тең. Үлкеннен көрген зорлығың, Жаманнан көрген қорлығың, Ойлап тұрсаң, бозбала, Дұшпаннан көрген күшпен тең. Ағайының көп болса, Бірлігі оның бек болса, Жамандық жер кез келсе, Бір-біріне сеп болса, Бүтін тұрған бұзылмай Отыз екі тіспен тең. Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең. Шешен жігіт дүрмен тең, Имансыз көңіл кірмен тең. Ақылы жоқ надандар, Іс бітірмес жамандар Жүз болса да бірмен тең. Мектептен сабақ алсаңыз, Алуа, шекер, балмен тең. Саясы жоқ бәйтерек Сазға біткен талмен тең. Жаман туған балаңыз Бұғып өткен тазбен тең. Қайғы ойлаған жігіттің Кең дүниесі тармен тең, Уайымшыл адамның Алды тұйық ж…

1
0
2601

Мақал

Бүгін сағы сынды деп жақсыны басынба,
Қиын-қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
Қазыбек би
0
0
918

Нәсәйи риуаят еткен хадис

Амр ибн Шуғайб әкесінен, ал, әкесі өз әкесінен (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Шаш пен сақалға түскен ақты жұлмаңдар. Өйткені, қиямет күні ағарған шаш пен сақал мұсылманның нұры болады  деп айтты»  деген.
(Әбу Дәуіт; Тирмизи; Нәсәйи риуаят еткен)
1
0
468

Сұлтанмахмұт, «Айтыс» дастанынан үзінді

Ислам деп қазағымның айтсам дінін, Дос тұрсын, дұшпан таппас оның мінін. Негізі ақылменен сонша үйлесер, Мін іздеп қозғай алмас ешкім тілін. Мақсаты: адам ұлын бақты қылмақ, Дінімнің байқасаңыз ішкі сырын: Бұйырған пенделерге әділ бол деп, Әділдік бақыт үшін жалғыз жол деп; Қажы менен жұманы парыз қылған, Жиылып бір ынтымақ қылған оң деп. Зекет бер, нашарларға көзің сал деп, Ғылымды қайдан болса сонан ал деп. Ешкімге өзің тиме, біреу тисе, Өзіңді қорғау үшін қарсы бар деп. Зекет бер дегеннің білсең мәнін - Қырық жылда нашарға бер малдың бәрін. Деген сөз бір есептен ойласаңыз, Социалист емес пе пайғамбарым. «Адамға еш нәрсе жоқ тектен тегін, Орарсың бейнеттеніп ексең егін: Адам ұлы - патшасы жер жүзінің, Еңбегің сал, пайдалан, шығар кенін». Ішті, тысты таза қыл дегені ғой, Ойласаң дәрет, н…

1
0
2775

Муғира ибн Шуғбадан

Муғира ибн Шуғбадан  (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Аллаһ тағала аналарыңның тілін алмауды, бересіні өтеуден бас тартуды, өздеріңе тиесілі болмаған дүниеге қол сұғуды және қыз нәрестелеріңді тірідей көмуді харам қылды. Сондай-ақ, сендер үшін нақты білгенді емес, естігенді сөз етіп, өсек айтуды, орынсыз көп сұрақ қоюды, дүние-мүлікті оңды-солды шашып, ысырап қылуды жағымсыз істерден қылды - деп айтты» - делінген.(Бухари, Муслим риуаят еткен)
1
0
481

Сандалма, Сейдуманов!!! Есірме, Есімов!!!

29 мамыр, 2012 «Алматы қайтадан Алма-Ата болуы мүмкін. Әкімнің және менің көзқарасыма сәйкес, қала атының Алма-Ата болғаны әдемі жазылады, әдемі тасымалданады және жақсы естіледі. Конституцияны жазғанда оны дайындағандар ешкімнен сұрамай қазақша да, орысша да қаланың атын «Алматы» деп жіберген», - депті әкімнің орынбасары өз сөзінде (http://abai.kz/node/13812 ) Серик Турарович! Мәскеуде есін жыйып, етегін қымтаған Сіз үшін, әрине, қазақ құндылығы - әрі өгей, әрі құнсыз. Бірақ, ол - қазақтың тілі мен құндылығының құнсызданғаны емес, Сіздің санаңыздың уақыт талабына сәйкес құнсызданғанын білдіреді. Есі дұрыс лауазымды тұлға басқарып отырған туған ұлтын бұлай масқаралап, тұқыртпайды, қазақша мұндайды «сандалау» дейді. Орысшасы - «нести чужь»! Сіздің бастамаңызға орай бірқатар сауалдар туында…

0
0
783

Аллаһ тағала қандай істі анағұрлым жақсы көреді

Абдуллаһ ибн Мас‛уд (р.а.):
«Бірде Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): Аллаһ тағала қандай істі анағұрлым жақсы көреді?  деп сұрадым. Ол: Уақытылы оқылған намазды  деді. Мен тағы: Одан кейін ше?  деп сұрағанымда: Ата-ананы құрметтеуді  деді.  Мен үшінші рет: Одан кейін ше?  дегенімде: Аллаһ жолындағы күресті  деп жауап берді»  деген.
(Бухари, Муслим риуаят еткен)
0
1
2073

Жастық шақ

Жастық шақ.



Барған сайын қиындаған үлкен өмір ағыны,
Төзіміңді сарқылтады салсаң-дағы барыңды
Бірақ менің пәк сезімге берілгенім соншалық,
Өшпей қойды саған деген махаббаттың жалыны.
Бал-бұл жанған жүзіңді мен көрген сайын әр-уақыт,
Шаттанамын сыртыңнан мен көңілімді жай тауып,
Қаншама рет оқталсам да, батылдыққа бара алмай,
Айтам деген бар сырымды айта алмадым сөз тауып.
Көз ұшында кете бердің, сағымдай боп, бұлдырап,
Қайран көңіл құлазыды тұңғиыққа құлдырап,
Сен кеткенде, байғұс жүрек тоқтатса да соғуын,
Уақыт шіркін тоқтамады, өте берді зуылдап.
Арамызда сан мыңдаған сырлар қалды айтылмай,
Бәлкім солай қала берер, тіпті мүлдем байқалмай,
Болашақта құрған сенің және менің отбасым,
Берік болсын керегесі, шаңырағы шайқалмай.
1
1
1248