Әсем шақтар
Мына суретті қыста Астанада түсіріп едім. Астаналықтар үшін еш қызық емес шығар, күнде көріп жүр:))) Астанаға жиі барып жүрсем де, бұрын көрмеппін. Жаңа суреттерімді ақтарып отырып, арасынан тауып алдым. Назарларыңызға ұсынамын.

Ал мына суреттерді Ақтауда түсіргенмін. Ол да қыс мезгілі. Ақтауда қар сирек жауады. Бірақ биыл мол жауды ғой. Сондай әсем шақтардың бірі.

Сосын Каспийдің аққулары. Онсыз болмайды. Ақтаудың сәні емес пе? Неге қыс мезгілінің суретін ұсынып отырмын. Өзім де білмеймін. Сірә, қысты сағынған сияқтымын. Оған қоса, күн де суытып кетті. Тұман, бұлт. Сосын еріксіз есіме қыс мезгілі түсті.

