Кәрізге "тарақан" кіріп кетпесін...
"Тарақан" деген - «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің жаңа құрылғысы. Бұл коммуналдық қызметақысын төлемейтін, сот шешіміне бағынбайтын борышкерлерді "селт еткізу" үшін қолданылатын құрылғы. Мекеме басшысының айтуынша, мұндай әдіс Киевте қолданылады екен. Қондырғыны мекеме 15 мың АҚШ долларына Украинадан сатып алыпты. "Бірақ бекер шығындалмаппыз, қондырғы іске қосылған күні-ақ бірнеше жылдан бері қарызын төлемей келген пәтер иелері орнынан қозғалып, берешектерін бере бастады",- дейді. Ол қалай жұмыс жасайды? Қондырғы тек борышкер пәтердің ғана құбыр желісін сырттан жауып тастайды екен. Яғни, көршіге кесірін тигізбейді. Берешек пәтер жоғарғы қабатта орналасса шатырдан, ал төменгі қабат болса жертөледен кәріз құбыры арқылы арнайы «зонд» жіберіледі. Шағын бейнекамера орнатылған "тарақан" жа…