Шегінерге жол жоқ, артымызда Бажалар!
Отандық телехикаялардың қатары жақында тағы бір жаңа туындымен толығатын болды. «B.A.S. production» шығармашылық тобының қолға алған «Бажалар» атты комедиялық жанрдағы телехикаясын жуырда көретін боламыз. Бажа – туыстық атауға жататын ұғым. Нақтырақ айтсақ, апалы-сіңлілі немесе туысқан қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне бажа болады. Бажалар арасында өзара туыстық байланыс болмаса да, кез келген отбасында ерекше ықыласқа бөленеді. Олардың өз қыр-сырлары, ешкімге айтылмайтын құпиялары, оған қоса тек өздеріне тән әзіл-қалжыңы бар. Назарларыңызға ұсынылатын жаңа топтама үш бажа, үш достың хикаялары жайлы болмақ. Қазақы көрермендердің жанына жақын болатын бұл телехикаяның ерекшелігі - қарапайым отбасына бажалардың келуі. Олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастардың жаңа қырларын ашуға себ…











