Мазмұнға өту
Kabanbai

Kabanbai

Сайтта 2012 ж. 14 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

72

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Шындықтың ауылы алыс емес

17 қыркүйек Ақтаудағы сотта В.Козлов, С.Сапарғали, А.Әминовке қатысты қылмыстық істің айғақты заттарын көрсету жалғасты. Cот отырысына қатысушылардың қарасы аз көрінді. Саусақпен санарлық бақылаушылар мен бірлі-жарлы журналистерден басқа, айыпталушылардың жақын туысқандары да процеске құлық танытпай отырған сыңайлы. Өткен аптаның жұма күнінде сот тергеуі аяқталып, айғақты заттарды көрсету басталған болатын. Бүгінгі отырыста оның ізі жалғасып, мемлекеттік айыптаушылар көптеген дәлелдемелерін ұсынды. Бейне, аудио дыбыстық жазбалар тыңдалып, көрсетілді. Бейнежазбаның бірінде Еуропарламент депутаты Пол Мерфидің жаңаөзендіктерге келіп жағдайды қалыпқа келтіруге ат салатынын, мұнайшыларды қолдайтынын айтып, әкім қаралармен кездесу арқылы жұмыстан босағандарды қайтадан орындарына алғызуға барынш…

1
0
587

Айыптаушылар мүддесін жақтас куәлар құптады

Ақтау қаласында В.Козлов, С.Сапарғали, А.Әминовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда. 16 тамыз басталған сот біраз жерге келіп қалды. Бүгінгі сот отырысында бірталай қорғаушылар тарапы куәлерлерінің жауабы тыңдалды. Енді процесс соңының ауылы алыста емесі анық. Семей қаласындағы «Алға» партиясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі Фатима Қасенова атты куәден бүгін жауап алу жалғасты. Мемлекеттік айыптаушылар Ф.Қасеноваға «Алға» апартиясы мүшелерінің өзара Мұхтар Әблязовпен скайп конференциясымен байланысқаны турасында стенограмманы назарға ұсынды. Бұл конференцияға куә қатысса да, алайда біршама ақпараттарға мардымды жауап бере алмады. Тек М.Әблязовқа өзінің оң көзқарасын білдірді. «Билікті сындыру керек, келесі жылдың аяғына қарай бұл іске асып қалуы мүмкін. Мұнайшыларды, ша…

1
0
475

Мұнайшылар «Халық майданына» имандай сеніп қалған...

Жаңаөзен оқиғасының басты айыпталушылары В. Козловтың, С.Сапарғалидың, А.Аминовтың істеріне қатысты Ақтауда өтіп жатқан сот процесі жұма 31тамызда қайта жалғасты. Сот залында негізгі процеске қатысушылардан басқа адам қарасы өте аз болды. Тіпті оннан да аспады. Отырғандардың өзін тек журналистерқауымы құрады. Алғашқы күнгі сот отырысына келген сотталушылардың жақтастарының бірін де байқамадық. Бұл күні жауап беруін жалғастырып жатқан А.Амированы қосқанда алты куә жауап берді. Сот басталысымен А.Амирова келіп, бұған дейін аяқталмаған жауап беруін жалғастырды. С.Сапарғали сұрақ қоюды бастап, Амированың да қамауда болғанын ескеріп, ең қажетті сауалдарды ғана қоятындығын айтты.Алайда, сұрақ қоямын деп пікірін білдіріп тұрып алды, судья оған ескерту берді, нақты сауалын қоюға. «Сіз неге ереуіл…

0
0
753

«Алға!» мұнайшылар ереуіліне миллиондаған қаржы бөліпті

2011 жылы орын алған желтоқсан оқиғасына қатысты Жаңаөзендегі бүліктің кінәлілерін анықтау мақсатында Ақтау қаласында 16 тамыз басталған сот әлі жалғасуда. Бүгінгі сот процесіне Еуроодақтың Қазақстанның саяси мәселелері бойынша жауапты тұлғасы Анэт Джейкобсон да қатысты. 29 тамыз күні Айжангүл Әмірова куәлік ете бастаған болатын, алайда 8 сағатқа созылған жауап алу аяқталмаған соң, келесі күнге қалдырылып, яғни 31 күні жалғасын тапты. А.Әміроваға айыпталушы Серік Сапарғалидың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сізді бәрі біледі. В. Козловтың сеніміне ие болдыңыз. Тіпті, Еуропаға дейін танымалдығыңыз артып Халықаралық деңгейдегі саясаткер атандыңыз» сынды сөздермен куәнің деңгейіне де тоқтала кетті. Ал Козлов куәге сұрақ қоюды бастамас бұрын, әуелі оны…

1
0
547

Козловтың «Мылтықсыз қаруы» нені меңзеген?

Кеше Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына айланысты В.Козовтың, С.Сапарғалидың, А.Әминовтың қылмыстық істері бойынша сот отырысы жалғасты. 31 тамыз күні сот отырысының соңында Б.Мырзабеков дүйсенбіде қорғаушылар тарапы куәгерлерінен жауап алу басталатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, кеше сот отырысына Польша мемлекетінен келген бақылаушылар да қатысты. Осы отырыста мемлекеттік айыптаушылар тарапы куәсінің бірі – Қуан Имашевтен жауап алу басталды. Ол ереуілге қатысқан мұнайшы 7 ай бойына жалғасқан шерудің ұзаққа созылуында саяси партиялар жағдайды ушықтырып, саясиландырып жіберді дейді. Бастапқы бетте еңбек дауы 3-4 талаптан басталып, кейін талаптардың саны 15-16- ға жетіп, соңында халық не үшін тұрғанын да білмей қалғанын айтты. Оның айтуынша жұмысшылар «Халық майданы», «Алға» партиясы өкілдерін…

1
0
554

Әблязовтың адамгершілігі бар ма?

Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтауда өтіп жатқан сот кезінде шетелде қашып жүрген миллиардер Мұхтар Әблязовтың ұлттық салт-дәстүрімізге қайшы келетін бір мінезі әшкере болып қалды. Тиым болмаған жерде жаман әдет тез жұққыш болады. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда барса, соңғысы да сонда барады» - Әблязовтың жаман әдеті оның ықпалындағы адамдарға да жұғып, «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» жасайтын атадан келе жатқан ұлттық тәрбиені аяқасты етіп отыр. Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыпталған Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминнің үстінен жүріп жатқан сот тамыздың 21-і күні сарапшыларды тыңдады. Солардың бірі, Алматы сот-сараптамасы институтының сарапшысы Әсет Сыбанқұлов шетелде із жасырып жүрген Мұхтар Әблязов пен Владимир Козловтың, Серік Сапарғали мен Козловтың Жаңаөзен оқиғасы…

0
0
482

Ақтаудағы сотта сотталушыларды сарапшылар састырды

Тамыздың 16 да басталған тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғалидың және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың үстерінен қозғалған қылмыстық істерге қатысты Ақтау қаласындағы сот мәжілісі 20 және 21 тамыз күндері жалғасуда. Жиырмасыншы тамыз күнгі сот отырысында сотталушылардың қорғаушылары талап еткеніндей, алдымен сотқа куәгер ретінде тергеу қызметінде болған сарапшылар шақырылды. Сот отырысы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында жүріп жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар бірінші келген сарапшы Назым Медеуоваға онша көп сұрақ бермегенімен, сотталушылардың қорғаушылары және олардың өздері біршама сұрақтарды жаудырды. В. Козловтың қорғаушысы А.Плугов еңбек коэффициентт…

0
0
586

Сотта Соколова мұнайшыларды адастырғанын мойындады

Кеше «Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар» деп айыпталып жатқан В.Козлов, С.Сапарғали және А.Әминнің ісі бойынша сот отырысы өзінің үшінші күнін аяқтаған болатын. Сотқа айыпталушылардың туыстары, бірлі-жарым бақылаушылар мен журналистер қатысып, куәгерлерлік етуге бірнеше адам шақырылды. Естеріңізге сала кетсек, соттың екінші күнінде, яғни 17 тамызда Козловтың қорғаушысы В.Сәрсембина соттан Киікбай Ешманов пен Амангелді Айтқұловты бір-бірімен беттестіруді талап еткен еді. Бүгінгі отырыста аты аталған азаматтарды кездестіріп, көкейді тескен сауалға мардымды жауап алғандай болды қорғаушы В.Сәрсембина. Айтқұлов Ешмановтың оған қоңырау шалғанын жоққа шығармады. Сондай-ақ, Ешманов мырза әкімшіліктегі басқа да азаматтарға хабарласып, олармен тікелей байланысқа түскенін де хабарлады. Екі азаматты бетт…

1
0
493

Жаңаөзен жарасы КІМ КІНӘЛІ?

Асырып айтқандық болмас, дегенмен, 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзен қаласындағы оқиға егемен ел – Қазақстанның тарихындағы өзіндік айтулы кезең болғандығы анық, және ол біздің мемлекетіміздің тұрақтылығына айтарлықтай кері әсер еткендігі дапусыз. Оқиға неліктен осындай сипат алды? Неліктен жай ғана қарапайым еңбек кикілжіңі осындай ауқымды көлемдегі қайғылы оқиғаға ұласты? Осының барлығына кім кінәлі? Трагедияның алдын алуға болар ма еді? Сараптап, анықтап көрелік. Бұл мәселенің әрқилы жақтары бар. Біріншіден, мұнай компаниясы басшылығының өкілдері мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы келіспеушіліктің салдары осындай болды. Әрине, бұл орайда басшылық тарапынан да кемшіліктердің кеткендігі анық. Мүмкін келісім-шарттарда жұмысшылардың еңбек жағдайлары нақтылы жазылмаған болар. Немесе, к…

0
0
766

Жаңаөзен халқын арандатқан кім?

Ақтау қалалық сотында 16 тамыздан бастап В.Козлов, С. Сапарғали, А.Әминнің қылмыстық істері бойынша дүмпулі дүбірдің ақ-қарасын анықтау жалғасуда. Кешегі күні яғни, он алтыншы тамызда прокурорлар тарапынан заңды фактілер тізбегіне куә болсақ, келесі күні айыптаушы жақ кәугерлерінің сөзі тыңдалды. Таңғы онда басталған сот, әуелгі куәгер «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы директоры Киікбай Ешмановтан жауап алуды бастады. Негізі бұл процестегі куәгерлер саны қырық бір. Ешмановтың сот отырысында берген жауабынан түйгеніміз, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жасалған бүліктің бір ұшының басталуы осы оппозиция партиялардан дегенге сайып келеді. Ешмановтың берген жауабы бойынша, «Өзенмұнайгаздағы» ереуілдердің басты айдап салушысы Ақжанат Әмин мырза екендігімен түсіндірді. Ол өзінің беделдігінін арқас…

0
0
413