Мазмұнға өту
dribbler_nur

Нұршапағат Несіпбаев

@dribbler_nur

Сайтта 2012 ж. 12 тамызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

3

тіркелуші

3

жазылымдар

8

Gran El Clasico !!! І - бөлім

Испания Суперкубогі үшін болған кезекті Эль Класико өз деңгейінде өтті. Бар білгенін көрсетуге ұмтылған Виланова мен Моуриньоның шәкірттері "Камп Ноуды" қызықты қойылым аренасына айналдыра білді. Матч Астана уақытымен түнгі 2-30-да басталса да, ойынды көрген көрермендердің бірде-біреуі өкінді деп айта алмаймын. Ал бұл керемет кездесуді көре алмағандар келесі ойынды асыға күтетіндері анық. Бірінші таймда алаңда ауыз толтырып айтарлықтай оқиғалар бола қойған жоқ. Біріне бірі тіс қайраған қос қарсылас қанша тырысса да, есеп аша алмады. Алғашқы таймда аз да болса "Барсаның" басымдығы байқалды. Командалар он бес минуттық үзіліске 0-0 есебімен кетсе де, бар қызықты екінші таймға іріккен екен. Екінші 45 минут алаң иелерінің шабуылымен басталды. Көп ұзамай Месси және оның командасы бірінші болып…

3
0
509

Ла Лига. "Онша емес" командалардың "жынды" ойыны

Алғашқылардың бірі болып Испания Ла Лигасының да шымылдығы ашылды.Бұл біріншілікте де болашақта аңызға айналар кездесу ойналып үлгерді. Таңданыс тудырса да, ел мақтаған "Реал" мен "Барселонаның" бұл керемет матчқа еш қатысы жоқ. Сонау 2005 жылғы ЧЛ-ның финалын еске түсірген екі команда - "Атлетик Бильбао" мен "Бетис". Есепті қонақтар ашты. Ойынның 7 минутында Рубен Кастро алғашқы голдың авторы атанса, 26 минутта Хорхе Молина есепті 0-2 жеткізді. 31 минутта соғылған Беньяттың голы алаң иелерін тас-талқан еткендей болған... Сағы сына қоймаған "Атлетик" футболшылары үзілістен кейін алаңға ширыға шықты. Екінші таймның екінші минуты өтер өтпестен Де Маркос алаң иелерінің алғашқы голын соқты. Шамамен жиырма минуттан соң Ибаи Гоместен пас алған Сан Хосе жергілікті жанкүйерлерге үміт сыйлаған соқ…

2
4
505

Чемпиондық триллер

Төрткүл дүниенің төрт бұрышы көз тіккен Ағылшын премьер лигасының алғашқы ысқырығы да естілді. Бірінші тур біріншіліктің деңгейін көрсететін кездесулерге толы болды. "Ливерпуль" мен "Тоттенхэмның" жеңілісі, "Арсеналдың" тең ойыны, 5-0 есебімен көпшілікті елең еткізген екі матч осының айғағы. Ал жаңа чемпиондардың атағын қорғаудағы алғашқы ойыны қызығырақ болды десем, артық айтпаспын. Өткен біріншілікте жанкүйерлерінің жүйкесін әбден жұқартқан "Манчестер Сити" ойыншылары бұл кезеңді де сол әдетпен бастады. Сырт алаңда "Саутгемптон" чемпиондарды басым түседі дегенге көпшілік (оның ішінде мен де бармын) сене қоймас. Бірақ ойында барлығы басқаша болып шықты. Ойынның 17 минутында "Саутгемптон" қақпасына пенальти белгіленеді. Айып добын тепкен Давид Сильва мүлт кетті. "Қасиетті" қонақтарды қина…

2
0
479

Мадрид періштесі

Футбол тарихында ұзақ жылдар бойы бір команданың намысын қорғап,жақсы мен жаманын,қиыны мен қызығын қатар көрген, жанкүйерлер есінде мәңгі қалған атақты футболшылар жеткілікті. Сондай есімі бір ғана командамен байланысты ардагерлердің бірі – мадридтің мәңгілік 7-ші нөмірі Рауль Гонсалес. Рауль Гонсалес Бланко – Мадрид маңайындағы Маркони да Сан Кристобаль де лос Анхелес аймағында өскен. Әкесі дон Педро мадридтік «Атлетиконың» жанкүйері болған. Рауль бастапқыда әкесінің сүйікті клубында ойнайды, бірақ, 65 гол соққан 15 жасар талантты клуб президенті Хесус Хиль командада қалдырғысы келмеді. Болашағынан мол үміт күттіретін дарынмен «Реал» тез арада алты жылдық келісімшартқа отырады. Клубтың сол кездегі бапкері Хорхе Вальдано Раульді «Сарагосаға» қарсы жасыл алаңға шығарады. Осылай,1994 жылы…

2
0
561