"Қазақтелекомда" өрт шығып, кейбір телефондар тілсіз қалды
Таңертең жұмысқа келсем, телефон жасамай тұр екен. Түнде (1-ші қазан күні түнгі сағат 22:30-дар шамасында) Телекоммуникация ғимаратынан өрт шыққан екен. Мамандардың хабарлауынша, өрттің салдарынан Ақтаудағы 30, 31-ден басталатын 7000-нан астам телефон нөмірі істен шықты. Осылайша, тілсіз жау Ақтаудың кейбір шағынаудандарын телефонсыз қалдырды. - Тілсіз жау нөмірі 30, 31-ден басталатын автономды телекоммуникациялық қызметтің сымдарын зақымдап кетті. Қазір ол сымдарды ауыстыруға кірісіп кеттік. Әзірге, жүйенің қай уақытта қалпына келтірілетінін нақты айта алмаймын, – дейді «Қазақтелеком» АҚ МОФ бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Ақниязов. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына 5 өрт сөндіру және құтқару көлігін жөнелтіп, жеті байланысшыны аман алып қалды. Алдын-ала жасалған болж…






