Java-да switch операторымен жұмыс істеу. ЗеРтХанаЛық жҰмЫС #6
Сәлем достар!), бұл сабақты жасағаныма 2 жылдай уақыт болып қалды. Бірақ кеш болса да, сіздерге ұсынғым келіп тұр). Кеттік... Жұмыстың тақырыбы: Java тіліндегі басқарушы операторлар. Жұмыстың мақсаты: switch шартты операторының қолдану ерекшеліктерін игеру. switch таңдау операторы. Бірнеше таңдау шарттарына қатысты if шартының аналогы болып табылады. Оператор синтаксисі келесідей: switch(өрнек){ case мәні1: операторы1; …………………………… case мәніN: операторы N; default: операторы; } Шынымен айтқанда, мәндер аралығын көрсетпеу, не бірдей операторлар сәйкес келетін мәндерді үтір арқылы тізіп шығу мүмкіндігі жоқ болуы өте ыңғайсыз. Өрнек типі қандай да бір бүтін типтерден болуы керек. Оның ішінде заттық типтерді қолдануға тыйым салынған. Оператор келесі принцип бойынша жұмыс істейді: алдымен өрнек…