ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
4

Қыздар неге шылым шегесіңдер? Блеать..

Кішкентай кезімді Солтустік Қазақстан облысы, Аққайын ауданы, Қызыл-Жұлдыз ауылында өткізген едім. Сол ауылда бұрыннан әйел затынан тек қана бір кәрі кемпір шылым шегетін болған. Аты есімде жоқ өте кішкентай едім, бірақ түрі есімде қалды.

Сол кезде сол кемпірдің шылым шеккенің көргенде таң қалатын едім, әйел затына шылым шегуге бола ма деп. Өсе келе қалаға да жиі баратын болдым, соның өзінде де шылым шегетін қыздар, әйелдер сирек кездесетін.

Қазір болса кез келген жерде, уялмай қызармай шылым шегіп журген қыздарды көресін(((

 

Өз басым шылымды шекпеймін, шегіп те көрген емеспін. Сол себепті шылымның иісінен басым айниды. Жігіттер шексе, шегіп жүре берсін. Олар өз денсаулықтарына өздері жауапты, ал қыздар сіздер ше? Сіздер өздеріне ғана емес, өздерінің болашақ балаларына да әсер етесіндер ғой! Сіздер болашақ анасындар!

Шылымның зиянын айтпай-ақ қояйын, өздерін де білесіңдер оны.

Қазақтың қыздары, айналайындар-ау, шылымды қойындар!!!