Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңаөзен жарасы КІМ КІНӘЛІ?

Асырып айтқандық болмас, дегенмен, 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзен қаласындағы оқиға егемен ел – Қазақстанның тарихындағы өзіндік айтулы кезең болғандығы анық, және ол біздің мемлекетіміздің тұрақтылығына айтарлықтай кері әсер еткендігі дапусыз. Оқиға неліктен осындай сипат алды? Неліктен жай ғана қарапайым еңбек кикілжіңі осындай ауқымды көлемдегі қайғылы оқиғаға ұласты? Осының барлығына кім кінәлі? Трагедияның алдын алуға болар ма еді? Сараптап, анықтап көрелік. Бұл мәселенің әрқилы жақтары бар. Біріншіден, мұнай компаниясы басшылығының өкілдері мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы келіспеушіліктің салдары осындай болды. Әрине, бұл орайда басшылық тарапынан да кемшіліктердің кеткендігі анық. Мүмкін келісім-шарттарда жұмысшылардың еңбек жағдайлары нақтылы жазылмаған болар. Немесе, к…

0
0
780

Жаңаөзен халқын арандатқан кім?

Ақтау қалалық сотында 16 тамыздан бастап В.Козлов, С. Сапарғали, А.Әминнің қылмыстық істері бойынша дүмпулі дүбірдің ақ-қарасын анықтау жалғасуда. Кешегі күні яғни, он алтыншы тамызда прокурорлар тарапынан заңды фактілер тізбегіне куә болсақ, келесі күні айыптаушы жақ кәугерлерінің сөзі тыңдалды. Таңғы онда басталған сот, әуелгі куәгер «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы директоры Киікбай Ешмановтан жауап алуды бастады. Негізі бұл процестегі куәгерлер саны қырық бір. Ешмановтың сот отырысында берген жауабынан түйгеніміз, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жасалған бүліктің бір ұшының басталуы осы оппозиция партиялардан дегенге сайып келеді. Ешмановтың берген жауабы бойынша, «Өзенмұнайгаздағы» ереуілдердің басты айдап салушысы Ақжанат Әмин мырза екендігімен түсіндірді. Ол өзінің беделдігінін арқас…

0
0
445

Ла Лига. "Онша емес" командалардың "жынды" ойыны

Алғашқылардың бірі болып Испания Ла Лигасының да шымылдығы ашылды.Бұл біріншілікте де болашақта аңызға айналар кездесу ойналып үлгерді. Таңданыс тудырса да, ел мақтаған "Реал" мен "Барселонаның" бұл керемет матчқа еш қатысы жоқ. Сонау 2005 жылғы ЧЛ-ның финалын еске түсірген екі команда - "Атлетик Бильбао" мен "Бетис". Есепті қонақтар ашты. Ойынның 7 минутында Рубен Кастро алғашқы голдың авторы атанса, 26 минутта Хорхе Молина есепті 0-2 жеткізді. 31 минутта соғылған Беньяттың голы алаң иелерін тас-талқан еткендей болған... Сағы сына қоймаған "Атлетик" футболшылары үзілістен кейін алаңға ширыға шықты. Екінші таймның екінші минуты өтер өтпестен Де Маркос алаң иелерінің алғашқы голын соқты. Шамамен жиырма минуттан соң Ибаи Гоместен пас алған Сан Хосе жергілікті жанкүйерлерге үміт сыйлаған соқ…

2
4
518

Чемпиондық триллер

Төрткүл дүниенің төрт бұрышы көз тіккен Ағылшын премьер лигасының алғашқы ысқырығы да естілді. Бірінші тур біріншіліктің деңгейін көрсететін кездесулерге толы болды. "Ливерпуль" мен "Тоттенхэмның" жеңілісі, "Арсеналдың" тең ойыны, 5-0 есебімен көпшілікті елең еткізген екі матч осының айғағы. Ал жаңа чемпиондардың атағын қорғаудағы алғашқы ойыны қызығырақ болды десем, артық айтпаспын. Өткен біріншілікте жанкүйерлерінің жүйкесін әбден жұқартқан "Манчестер Сити" ойыншылары бұл кезеңді де сол әдетпен бастады. Сырт алаңда "Саутгемптон" чемпиондарды басым түседі дегенге көпшілік (оның ішінде мен де бармын) сене қоймас. Бірақ ойында барлығы басқаша болып шықты. Ойынның 17 минутында "Саутгемптон" қақпасына пенальти белгіленеді. Айып добын тепкен Давид Сильва мүлт кетті. "Қасиетті" қонақтарды қина…

2
0
493

Қазақтың үш жүзі

Осы біз қазақ аталарымыздың тарихын білеміз бе? Тарихын білемін дегенге сұрақтарым бар: Неге біз өзімізді Қазақ деп атаймыз? Сонымен қоса Әзірбайжан елінде де өздерін қазақ деп атайтын ел бар, бізге мүлдем қатысы жоқ. Оған дәлел Әзірбайжан картасы: Қазақ ауданы жасыл түспен белгіленген. Неге біз қазаққа қатысы жоқ бұларда өздерін қазақ деп атаған? Ол аз болғандай, бәрің білесің, тағыда өздерін қазақ деп атаған казактар болды. Олардың атқа құмар екенін бәріміз білеміз. Ал сөзін қарасаң қазақи естіледі: Есауыл - Ауыл иесі. Хорунжий - Қоржын иесі. Атаман - Ел атасы мен дегені. Осының бәрі кездейсоқ дегенге кім сенеді екен? Сонымен Қазақ деген сөздің өзі жәй сөз емес болар... Ал енді өз қазағымды алсақ, біз үш жүзге бөлінеміз. Онысы неге? Сонымен қоса бірінші болып Ұлы жүзді айтады. Өз басым…

1
2
5453

Ой қорыту жөнінде Шерлок Холмс не дейді?

Артур Конан Дойл «Қызыл қошқыл реңді этюд» (A Study in Scarlet) повесінен үзінді. Доктор Ватсот өзі байқамай Шерлок Холмстың жазған мақаласын газеттен өзіне дауыстап оқи бастайды:«Логикалық ойлау қабілеті бар адам» -деп жазады автор, -«бір судың тамшысына қарап Атлант мұхитының немесе Ниагар сарқырамасын ешқашан көзімен көрмесе де бар болуы мүмкіндігі туралы ой қорытады. Автор әрі қарай жазыпты: «Бүкіл тіршілік -бір-бірімен байланысқан өте ұзын себеп-салдар тізбегі. Табиғатты бір түйінінен танып білуге болады. Саралау арқылы шешім шығару да өнер. Кез-келген басқа өнерлерді танып білуге қажет ынтаны және көп еңбектенуді қажетсінеді. Бірақ өмір қысқа. Сондықтан бұл саланы бірде-бір тірі жан толық игере алмайды -деп оқуын тоқтатқан соң Шерлок Холмсқа газеттегі мақаланың күмәндылығын білдіред…

1
1
664

Таңдау. Монотеизм немесе ортодоксия?

Таңдау. Монотеизм немесе ортодоксия? Сәлем құрметті оқырмандар! Мінекей www.nurmura.kz сайтының ашылғанына алты айдай болып қалды. Осы өткен уақытта сайтымыздан ақпарат іздеген, сынға алған, жәй ғана кіріп көрген неше түрлі адамдар болды. Сайтқа келушілердің көбі студенттер мен діни ақпарат іздеушілерден деп ойлаймыз, өйткені сайттың нағыз қайнар мақалалары «дін», «сүннет», «вахабит», «пәлсапа», «ғылым», «секта», «әлеумет» тақырыптарына қатысты еді. Рас, сайтқа келушілердің деңгейі бастапқыда өте жоғары болды. Осыған себеп болған факторлар: жаңа, дәстүрлі ағымдардан өзгеше тақырыптарды талқылаушы, «рационалды монотеизм» термині, сүннизмге қарсылық, ортодоксияға қарсылық болды. Алайда уақыт өткен сайын сайттын деңгейі түсе бастады. Неге олай болды? Себебі сайтқа келушілердің басымы сынға а…

0
0
2348

Қазақ тілі

К слову «вид» профессор М. Машанов в своем «Русско-киргизском словаре» приводит следующий си-нонимический ряд:
түр, кескін, сынық, сымбат, тұрпат, келбет, нобай, нұсқа, көрік, әлпет, шырай, рең, тұлға, ұсқын, ай-бар, пыс, кейіп, сұрық, ажар, мүсін, пішін, бейне, сын, өң, көрініс. И добавляет: «вот неполный перечень компонентов того синонимического ряда, который соответствует русскому понятию «вид».
Каково?! 25 казахских синонимов к одному «виду» и это еще неполный перечень! И после этого говорят о бедности казахского языка!

Герольд Белгер

2
0
776