Мазмұнға өту

Жаңа

Аптаның қызықты материалдары #14

Достар, сенбі сайын сайтымыздан мәдени жаңалықтардың дайджесін оқи аласыздар. Театрдағы соңғы қойылымдар, қызықты сұхбаттар, музыка, әдеби әлем... Отандық БАҚтар мәдениет тақырыбында тағы не жазып жүр? Нобель Сыйлығын алған қазақ Белгілі бір топтың төңірегінде қалып қойған бұл хабар бүкіл елге ақпарат құралдары арқылы сүйіншіленбегені түсініксіз жайт. Бәлкім бір-екі рет айтылған да, жазылған да шығар. Сонда да жеткіліксіз, бұқара халық Достай Раманқұловтың кім екенін дұрыс білмейді. Иә, әлемдегі ең бағалы сыйлық – Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов! Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық поли-техникалық университеттің түлегі (толығымен). «Шындық детекторы». Ол не? Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік ака…

8
1
2691

Кептелістен құтылып жатырмыз

31.10.12.Кеше алматылықтар тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болды. Әсіресе, сағаттап кептелісте тұратын жүргізушілердің әкімдікке айтар алғысы шексіз. Көлік тәулік бойына толастамайтын Сайын көшесінің Торайғыров көшесімен қиылысқан тұсында жаңа жол-айрығы іске қосылды. Осылайша, магистральдердің негізгі бір тармағы іске қосылды. Мұның өзі темір тұлпарлардың қозғалысын біршама жеңілдетті. Айтпақшы, үстіміздегі жылдың 10 қазанында Сайын - Жұбанов көшелерінің бойындағы жолайрығы ашылып, көлік қозғалысы реттелген болатын. Дәл осындай қозғалысты ретке келтіру шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Айта кетер болсақ, Алматыда бір мезгілде ірі алты жол­айрығының құрылысы жүріп жатыр. Олар - әл-Фараби даңғылы - Розыбакиев көшесінің, әл-Фараби - Дулати, Сайын - Жұбанов, Сайын - Торайғыров к…

0
0
561

Жастар Отанға еңбек етсе игі

31.10.12.Ел саясатының маңызды бөлшегінің бірі - жастар саясаты. Келешекте ел тізгінін қолына алып, жаңа замандағы жаңа Қазақстанды қалыптастырып, дамыту жас ұрпақтың мойнына жүктелер басты міндет. Сол себепті жастарды отансүйгіштікке, ел мен жерге адал еңбек етуге шақыру маңызды-ақ. 16 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының республикалық ІІ съезі өткізіледі. Дәл осы жиында жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданып, нақты іс-шаралар бекітілмек. Еліміздегі жастардың саны 4,7 мил­лион адамды құрайды. Яки жастар ел халқының төрттен бірін қамтиды. Жастар мәселесімен айналысатын мыңнан аса ұйым тіркелген. Аталмыш ұйымдардың атқарар қызметі мен мақсат-мүддесі әр­қилы. Міндеті әрқи…

0
0
666

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу

Т.Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының жатақханасы Жатақхана саны: 1 Жатақханада тұру ақысы: жылына 15 000 теңге Бір бөлмеде: 4 (2) студент тұрады Бөлме ішінде: әр тұрғынға жеке төсек, орындық және ортақ 2 үстел, шкаф, 1 кітап сөреcі, 2 тумбочка. Жатақханаға кірген кезде: теледидар, кресло және студенттердің жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін үлкен ақпараттық тақта орналасқан. Жатақхана ішінде: Бір қабатта 1 асхана бар. Душ: бар Әжетхана: әр секцияда Интернет: жоқ (компьютер кабинетінде ғана бар) Кір жуатын орын: жоқ Жатақханада: студенттер тамақтануына ыңғайлы дәмхана және интернет, спорт, жаттығу, теннис залдары бар. Жатақхана маңында: азық-түлік дүкендері, шаштараз бар. Ерекшелігі: ұлдар мен қыздардың бөлмелері екі қанатта бөлек орналасқан. Анар, кескіндеме және мүс…

Руслан Минулин: «Мен — еуропалық оралманмын»

Бүгінгі кейіпкеріміз Руслан Минулин 2002 жылы Германияға көшіп кетеді, алайда туған жер өзіне тартып отырды, 4 жылдан кейін Руслан Қазақстанға қайтып келді. Жай ғана қайтып келмей, бұрын энергетика мамандығын меңгерген Руслан журналистика мен қазақ тіліне деген үлкен махаббатпен оралды. Бүгінде Руслан журналист, «Let’s speak қазақша!» әлеуметтік курсының тренер-оқытушысы. Сондай-ақ бірнеше достарымен қосылып, 2011 жылы «Сөйле» клубын ашты. Клубқа қазақ тілін үйренем деген кез келген адам келіп, қазақы ортада қазақшасын жетілдіре алады. — Сәлеметсіз бе, Руслан! Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат беріп өтсеңіз: қай жерде туылдыңыз, өскен жеріңіз? — 1974 жылы Алматыда дүниеге келдім. Академик Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебін, кейін Алматы энергетика институтын үздік дипло…

Мадрид. II бөлім.

Келесі күні, яғни 31 желтоқсан күні музейлерге арналды. Мадридте болып, Прадо мұражайын көрмей кету - күнә жасаумен тең дейді испандықтар. Сондықтан алдымен әлем туындыларының үздік үлгілері мен Испания классикалық сурет өнерінің тамаша коллекциялары сақталған Прадо мұражайына тарттық. Мұражайға жыл сайын 2 жарым миллионнан астам әлемнің түкпір-түкпірінен өнер бағалаушылар ағылып келіп жатады. Әрине мұнда дүние жүзіне атағы жайылған Веласкес, Гойя, Босха, Рубенс, Эль-Греко және т.б. суретшілердің 8600-дей туындыларын түпнұсқасында көруге болады. Ол эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Айтпақшы, мұражайға бізді тегін кіргізді. Студенттік ISIC картасын ғана көрсеткенбіз, не үшін тегін кіргізгенін өзіміз де түсінбей қалдық. Адам көп, ішінде суретке түсіруге әрине болмайды. Бірақ, со…

«За тебя, Бәке» қазақ жастарын қалай жинап алды?

Ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде соңғы жылы трендке айналған парақшалар (странички немесе pages) френдлентамызды небір әзіл, комикс, әдемі фото немесе цитаталармен қаптатқаны белгілі. Арасында қазақша әзілдер, өлең мен мақал-мәтелдер де кездеседі. Алайда жазылушы (подписчики немесе subscribers) саны бойынша алда келе жатқан — көпшілікке белгілі «За тебя, Бәке» парақшасы екен. 52 000 адамы бар топтың танымалдылық құпиясы неде? Мыңдаған қазақ жастары неліктен осы парақшаның әзілдеріне «лайктарын» аямай, үнемі «шеирлетіп» жүреді? Осы мәселе «Екпін» журналын бұрыннан қызықтырып жүрді, сәті түскенде тілшіміз Айжан «Бәке» авторын тауып алып, сұхбатқа шақырған болатын. Алдарыңызда «Бәке үшін» жауап беретін адам әрі жобаның әкімшісі — Марғұлан Тұрсыновпен сұхбат. - Марғұлан, өзің жайында…

Баскетболшы Балғын мен Әйгерімнің арманы мен мақсаты не?

Елімізде Сенда Беренсон, Джеки Стилс, Ребекка Лобо сынды атағы жер жарған, даңқты қыз баскетболшылар жоқ екені рас. Дегенмен, ондай таланттар бізде де туарына кәміл сенімдіміз. Биылғы жылдың 24-наурызында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен 4 қазақстандық баскетболшы Колорадо штатының Денвер қаласына ұшты. Мақсат - әйелдер арасындағы дүниежүзілік баскетбол біріншілігіне (WNBA) қатысып, тәжірибе жинау. Сапарға биылғы мектеп түлектері Балғын Сәрсек (Астана), Әйгерім Ақпан (Қызылорда), Ксения Медведева (Шымкент) сынды жас баскетболшыларымыз және «Тараз» баскетбол клубының бапкері Татьяна Гончарова аттанды. Сапардан соң Балғын Сәрсек және Әйгерім Ақпанмен сұхбаттасудың сәті түсті. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. - Қыздар, қай жақта туып, қай жерде білім алудасыздар? Балғын: - Шымкент қ…

11
2
2584

"Ешқандай кінә таға алмаймын"

Сәуле апай! Сізді көгілдір экраннан көрмегелі көп болды. Қазір қайдасыз?
- Ел білетін «Ақжүніс» бағдарламасы жабылып қалғанына 6 жыл болды. Содан бері «қазір қайдасыз?» деген сауалды күніне бірнеше мәрте естимін десем, артық айтқаным емес. Телевидениеден кеткен соң екі жыл жұмыссыз отырдым. Сосын  республикалық «Айқын», «Жас қазақ үні» газеттерінде істедім. Осы жылдың басында, дәлірек айтсам, наурыз айында «Ақжүніс-Астана» деген журнал аштық. Атауында «Астана» делінсе де, Алматыдан шығатын басылым. Қазір осы журналды аяғынан тұрғызу мақсатында еңбек етіп жүрген жайым бар.

Толығырақ

0
0
1533

Мадрид. I бөлім.

Түнгі он екіде Херестен шыққан автобус таңғы 8-де бізді Мадридке жеткізді. Автобуста wi-fi бар, бірақ істемеді, оған қарамастан, жайлы жеттік. Жайдары херестіктерге үйреніп қалғанбыз ба, Мадридтің асығып жүрген, сұсты тұрғындарынан қала да суық болып көрінді. Мейірімді бір турист қыз бізге метро картасын беріп, керек жерімізге қалай жететінімізді түсіндіргендей болды. Біраз адасып ол жерді де таптық. Бірден метроға 10 билет сатып алғанымыздың дұрыс болғанын кейін білдік. Біздің тұратын хостелымыз Пуэрта-дель-Соль («Күн қақпасы») алаңында Carretas көшесінде. Presidencia Cam-ның (біздің Орталық алаң сияқты) дәл қасында. Бойы мен денесі бірдей болып қалатын қара нәсілді Данило атты кубинец бізді күле қарсы алды. Бір бөлмесін ұсынды. Іші қара суық. Ол жақта жылулық жүйесімен проблема, біз үйр…

6
4
1914