Агломерация – күштерді топтастыру
01.11.12.Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғалы тілімізге «агломерация» деген сөз енді. Мұны көпшілік түсіне алмай дамудың бұл жаңалығын жай ғана инвестициялық қаржы бөлісін қайта қарастыру деп жүрген сыңайлы. Мұндайда бір жақтың «өкпеге» беріліп, келесі бір жақтың «май шелпекке кенелеміз» деуі табиғи заңдылық. Ал ақиқатқа тура қарай алған сауатты топ түптің түбінде бұлай істеу ешкімді де «өкпеде қалдырмайтынын», сондай-ақ ешкімді де «май шелпекке кенелтпейтінін» біледі. Қарапайым тілмен айтсақ, агломерация - инвестициялық күштерді топтастыру ғана. Түсініктірек болуы үшін ақиқаттан бір-екі мысал келтірейік. Кешегі екінші дүниежүзілік соғыс тұсында оған қатысушы екі мемлекеттің әскерін басқарған бас штаб әуелі стратегиялық маңызды тұстарды белгілеп алып, сонан соң бар күшті сонда жұмылдырып, қ…
