Әблязовтің тағы бір сыбайласы ұсталды
|
01.11.12.
Чехияда Мұхтар Әблязовтің сыбайласы болған тағы бір адам ұсталды. Ол қылмыстық топты қаржыландырумен айналысып, ақша айналымдарының сызбасын әзірлеуге жауапты болған деген ақпар бар.
Күдіктінің аты-жөні - Татьяна Параскевич. РФ ІІМ баспасөз орталығының «Интерфакс» агенттігіне берген хабарына қарағанда, бұл азаматшамен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін РФ ІІМ тергеу департаментінің тергеушілері Чехияға жол тартпақшы екені белгілі болып отыр.
Аталмыш ведомство баспасөз орталығы атап өткеніндей, Мұхтар Әблязовке қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Татьяна Параскевич ұзақ уақыт бойы құқық қорғаушылардан бой тасалап, Еуроодақтың бірқатар елдері: Латвия, Кипр, Польша және Чехияда тұрып келген. Оның Мәскеудегі және бұрынырақта мекендеген Алтай өлкесіндегі тұрақтарын тінту кезінде салық органдары мен коммерциялық ұйымдардың қолдан жасалған мөрлері, қылмыстық істерге айғақ болатындай көптеген құжаттар мен заттар тәркіленген. Сондай-ақ ІІМ атап көрсеткендей, 730 млн АҚШ долларын жымқырудың бір әрекеті бойынша төрт адам - Александр Волков, Денис Воротынцев, Артем Бондаренко және Алексей Белов жазаны өтеудің әртүрлі мерзімдеріне және айыппұл төлеуге кесілді. РФ ішкі істер ведомствосы мәлім еткендей, Әблязов сотқа құрметпен қарамағаны үшін Лондонның Жоғары соты тарапынан 22 ай мерзімге қамауға кесілген болатын. Алайда ол Ұлыбританиядан қашып кетіп, бой тасалап жүр. ІІМ өзінің ақпарының қорытындысында қылмыскердің қаржыны жымқыру әрекеттерінің тек қана Ресей Федерациясында емес, сонымен бірге бірқатар Еуроодақ елдерін-де де жүзеге асырылғандығын атап өтіп, қазіргі таңда Мұхтар Әблязов және оның сыбайластарына халықаралық іздеу жарияланғанын айтты. |
