Мазмұнға өту

Жаңа

Тарихшыларға тықыр таянды ма?

30.10.12.Қазақстандық тарихшыларға тықыр таянды. Білім беру жүйесі еуропалық үлгіге толықтай көшкен кезде Қазақстан тарихы пәні жоғары оқу орындарынан біртіндеп шеттетіліп, Қазақстан тарихын оқытатын кафедралардың жабылып қалуы қаупі туды. Ондай жағдайда ұлтымыздың тарихи оқулықтарын жазып жүрген «могиканның соңғы тұяқтары» - тарих ғылымдарының соңғы докторлары, профессорлары (бұлай дейтініміз - қазір тарих ғылымдарының докторларын дайындау Қазақстанда тоқтатылған) жұмыссыз қалады. Олар саясаттанушы, әлеуметтанушы немесе заңгер мамандығына ауысуға мәжбүр болмақ. Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы оқу орнындағы Тарих, археология және этнология факультетінің ұйым­дастыруымен, Президент Н.Назар­баев­тың «Қазақ­станның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбе…

0
0
1053

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр көшесі, 214. Кітапханаға жазылу үшін: - жеке куәлік - рәсімдеуге қажетті құжат Кітапхана интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, сөйлейтін кітап, DAISY – сандық негізде дыбыстандырылған ақпарат жүйесі, реабилитиция кабинеті, зағиптардың жазуға арналған құралдарымен т.б. жабдықталған. Кітапхананың жұмыс кестесі: Дүйсенбі - Жұма: 8.30 - 17.30 Сенбі: сағат 9.00 - 17.00 (оқырмандарға жеке қызмет көрсету мен өнер және спорт әдебиеттері бөлімдері ғана жұмыс жасайды) Жексенбі: демалыс Кітапхана оқу залы, абонемент, электронды қор, өнер және спорт әдебиеттерін оқу бөлімі, студия, кітап қорын өңдеу, «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару, автоматтандыру және техникалық қолдау бөлімдерінен тұрады. Ерекшелігі Алматы қал…

14
7
5234

Аптаның қызықты материалдары #11

Интернеттегі демалысыңыз қызықты өтсін деген ниетпен әдеттегідей осы аптаның қызықты мәдени материалдарын ұсынып отырмыз. ЖАУҺАР (НОВЕЛЛА) Біз ол кезде құрбым Жауһар екеуміз қаланың шетінде пәтер жалдап тұратынбыз. Түнгі клубқа, таныс жігіттер шақырған кештерге бармай, үйде кітапқа көміліп жатып, болашақ ханзадамыз туралы қиялдаймыз. Кафеде танысқысы келген жігіттерге мойын бұрмай екеуден екеу отырамыз. – Өмір өтіп барады. Ал біз түк те тындырған жоқпыз. Сонда өмірге не үшін келдік? – дейді ол бетіме сұраулы жүзбен қарап. – Өлу үшін. – Жоқ, мен өмірге өмір сүру үшін келдім. Бірақ... білесің бе, мен ылғи да өзімнің бейітімнің басында жылап отырамын. Әлден соң үйде отырғанымды сезінем де қорқыныштан селк етемін. – ?.. – Неге үндемейсің? – Мен өзімді ұйықтап жатып, ояу жатқандай, ояу жатып,…

5
8
1656

Аптаның қызықты материалдары #12

ГАМЛЕТ. ӨМІР – АБАҚТЫ Америкалық жазушы Курт Вонненгут айтады: «Гамлеттің» ұлы шығарма болатын себебі, принц корольді өлтірді – жарайды. Өзі өлді – жарайды. Дегеніне жетті ме, жетсе, ол игілік пе – білмейміз. Біздің мына тіршілігіміз де сондай. Мен де о дүниеге бара қалсам, аспан канцеляриясындағы «кісілерге» келесі сұрақты қояр ем: «Тыңдашы, осы біздің өмір сүргеніміз өзіміз үшін – игілік пе, жоқ па?» (жалғасы). Күй мерекесі Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады. Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым. Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазы…

6
0
885

«Рух пен тілде» қонақта – Расул Жұмалы

3 қараша күні «Рух пен тіл» клубының жастары танымал саясаттанушы Расул Жұмалымен кездесу өткізеді.

Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі, мемлекеттік билік саясатының негізі мен астары, еліміздің бүгіні мен болашағы және т.б. өзекті проблемалардың жауабын білгіңіз келсе, онда клуб отырысына асығыңыздар!

Қазақ жастарын ұлт мәселесі төңірегінде үн қосуға, пікірлесуге, ұсыныстарын айтуға, оны бірге жүзеге асыруға шақырамыз! Өйткені, ұлт мәселесі  – барлығымызға ортақ!

Сонымен, кездесу Алматы қаласында,

3 қарашада, сағат 15:00-де.

Мекен-жайы: Қастеев к-сі, 41 А (Қабанбай батыр к-нің қиылысы).

Байланыс тел.: 8 702 585 15 85, 8 771 454 33 67, 8 707 776 79 93

Толығырақ: http://rukhpentil.org/

0
0
317

Аптаның қызықты материалдары #9

Құрметті оқырман, төменде әдеттегідей сенбілік мәдени дайджестімізді ұсынып отырмыз. Осы аптада еліміздің мәдени өмірінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды, сол себепті мақалалардың санын ұлғайтуға жөн көрдік. САЙТАНҚЫЗ «Карменсита» кейіпкер емес, «Карменсита» қойылым – режиссердің өзі. Қызуқанды, өмірге құштар, сотқар, батыл, еркін, асау... Бізде М.Әуезов атындағы академиялық театрдың бары, онда «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Бәкей қыз», «Қилы замандардың» қойылғаны өте жақсы. Мұның бәрі қазақ театрының іргесін қалап тұрған табантас (жалғасы). Тұрарды танып болдық па? Ресей астанасында он бір жыл тұрып, Кеңес өкіметінің басшылық органында қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың есімін Мәскеу қаласы тарихында қалдыру оның ұрпақтарының, Қазақстан жұртшылығының, күллі зиялы қауымның көкейінде жү…

5
1
2321

Сізде де сондай ма?

Суды айтам.Үйіңіздегі құбырдан аққан су. Әсіресе, жазда құбырды бар күшіне ашып, судықатты ағызып жіберіп, салқындай ішетін шығарсыз? Әрине. Ал, сол судыңқаншалықты таза екенін білесіз бе? Тексеріп көрдіңіз бе? Сенбі болатын.Күндізгі 11-дің кезі. Таңғы асты іштім. Ұйқы қанды... Кенет, домофоншырылдайды. Қонақ күтіп отырғам жоқ... - Кім? - Қайырлы күн! Бұл, Досжан, судың сүзгісін көрсеткелікелдім. Сіз сағат… - А, иә, түсіндім. Кіріңіз. Бесінші қабат, 14 пәтер. Үлкен сұр кейс, дипломатқа ұқсайды, бірақ жол шабаданындай көлемді екен. Құбырдағы суды тазартатын презентациялық сүзгінің пішіні міне, осындай. Демалыста үйге әкеліп көрсетейін деген сүзгіні сатушы компания өкілімен келіскенім есімнен шығып кетіпті. Дегенмен шаруалармен кетіп қалмай, үйде болғаным әбиір болды, әйтпесе, қонағым домоф…

0
0
1160

«Жоғалтпай сонау алыстан, жалғаған бабам арманын»

Өткен аптада еліміздің Орталық мұражайында «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубының «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылғаны жайында хабарлаған едік. Бүгін көрмеге қатысып, «Ғаламарттың» жастарымен танысуды жөн көріп отырмыз. "Екпін" журналы «Ғаламарт» клубының PR-маманы Айжан Құлмұханбетованы әңгімеге тартып, өнерлі жастар ұйымы жайында бірнеше сауалын қойған болатын. - «Ғаламарт» тарихы жайында айтып берсеңіз? - «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы 2010 жылы Алмас Мұстафаевтың жетекшілігімен Суретшілер Одағының жанынан құрылған. Клубта суретшілер, қол өнер шеберлері топтастырылған. Кейіннен осы қызығушылықтарын дамыту барысында 2011 жылы Нұрлан, Мырзабек, Алмас деген жігіттер «Ғаламарт» компаниясын құрады. Негізгі бағыты - ұлттық аспаптар ме…

9
7
4274

С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы

Мекен-жайы: Төле би көшесі, 27. Кітапханаға жазылу үшін: - оқу орнынан анықтама Кітапхананың жұмыс кестесі: Дүйсенбі - Жұма: 9.00-18.00 Сенбі: 10.00-17.00. Жексенбі: демалыс. Кітапханада: абонемент, бөбектерге арналған оқу залы, 5-сынып оқушыларына арналған абонемент, жоғары сынып оқушыларына арналған оқу залы, өнер әдебиетінің бөлімі, ақпарат-библиографиялық бөлімі, даму және жаңа технологияларды енгізу бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік кітап қорын сақтау, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі деп аталатын 11 бөлім бар. Соның алтауы тұтынушыларға тікелей қызмет көрсетеді. Қазақ, орыс, шет тілдеріндегі кітаптардың 500 мыңдай қоры: мектеп бағдарламасына көмекші ретіндегі ғылыми және анықтамалық әдебиеттер, әлемдік классика және балаларға арналған қазіргі көркем әдебиет, аудио және бейне ба…

7
0
10845