Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ардагерлер төлемақыдан босатылады

 
 
01.11.12.
Атыраулық Ұлы отан соғысы ардагерлері келер жылдан бастап барлық тұрғын үй коммуналдық төлемдерінен босатылады.

Аудан орталықтарындағы ардагерлер үйінің қызметін жандандыруға да жергілікті бюджеттен қаржы қаралатын болды. Бұл туралы Атырау об­лысының әкімі Бақтықожа Із­мұхамбетов республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдас­ты­рылған салтанатты шарада мәлім етті.
Ардагерлердің көкейінде жүрген өзекті мәселелер айтыл­ған салтанатты шарада аймақ басшысы атыраулық ақсақал­дарға алдағы уақытта Кавказ-дағы «Қазақстан геологы» пан­сио­натында денсаулығын оңалтуға барлық жағдай жаса­латынын айтты.
- Ардагерлер ұйымы осы жыл­дардың ішінде Елбасы Н.На­зарбаевтың баянды бас­тамасының қолдаушысы, тә­уелсіздігіміздің тұғырлы бо­луында сенімді серіктесі болды.Келер жылдан бастап соғыс ар­дагерлерінің тұрғын үй ком­му­налдық шаруашылығы ком­му­налдық шығындары жер­гі­лік­ті бюджет есебінен толығымен өтелетін болады. Екіншіден - аудан орталық­тарында арда­герлер үйлерін жасақтап, үшін­шіден ардагерлер ұйымына тұрақты көмек көрсетуді қолға алғалы отырмыз, - деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбе­тов.
Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 156 ардагер бар.

Тұрсын ҚАЛИМОВА

Атырау облысы


 
0
0
524

Осы тақырып бойынша

Ардагерлер төлемақыдан босатылады - Yvision.kz