Өкініш деген сезім бар...
Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Адамның жан дүниесінде өкініш деген бір сұмдық сезім бар. Бұл сезімнің түп-төркіні сонау бір ерте заманда Алла Тағаланың алдында айыпты болып жұмақтан шығарылған Адам атамыз бен Хауа анамыздан бастау алған болуы мүмкін. Өйткені, адамзат тарихындағы ең алғашқы, ең зор өкініш, ол әрине, жұмақтан айрылу өкініші. Өйткені, уайым мен қайғыдан ада, шаттық ұялаған ғажайып мекен жұмақтағы өмірден кейін бейнеті бір арылмайтын, аттап бассаң азабы пен қорлығы аңдып, әр қалтарысынан үрей сығалаған бұл дүние жанды кемірер сұмдық өкініш тудырары сөзсіз. Сонан бері атадан балаға беріліп, ұрпақ жағалап келе жатқан бұл өкініш әрбір адам баласы үшін дауасы оңайлықпен табылмайтын, тіпті, жазылмас дерліктей дерт. Себебі, оның емі, оның бірден-бір дауасы сол…