Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемдегі «ең томпақ қыз» Үндістанда тұрады (ФОТО)

Астана. 27 наурыз. Bаq.kz - Үндістанда тұратын Суман Хатун әлемдегі ең кішкентай «томпақ қыз». Алты жастағы оның салмағы 91 келі де, бойы 104 сантиметр.

Ол аптасына 14 келі күріш, 8 келі картоп, 8 келі балық және 180-ге жуық банан жейді екен. Осылайша тағам түрлерінен тамақтанған «томпақ қыз», тағы да ас, су сұрап көршілерінің де мазасын алатын көрінеді. 
Негізінен Суман Хатун 3,88 келі болып дүние есігін ашқан. Анасы қызына астық тектес өсімдіктен (злак) өндірілген сүтті бере бастағаннан соң, баланың тәбеті бірден ашылған. 
Бүгінде әкесінің тапқан бар жалақысы бүлдіршіннің ішіп-жеуінен артылмайды екен. Тіпті, отбасының өзге мүшелері де аш қалатын кездері аз емес. Өйткені, ата-анасы тамақты үнемдеу мақсатымен бермей қойса, бүлдіршіннің көңіл-күйі күрт бұзылатын көрінеді

 
0
0
919

Осы тақырып бойынша

Әлемдегі «ең томпақ қыз» Үндістанда тұрады (ФОТО) - Yvision.kz