Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін 2013 жылдың 29 наурызда Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі бірлесе отырып «Таблиғи Жамағат – елге жат ағым» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізе

Конференцияның мақсаты - Қазақстанда сот шешімімен экстремистік ұйым ретінде танылған және тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-миссионерлік ұйымының қызметін тоқтатуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуді пысықтау, қоғамдағы исламдық бағыттағы дәстүрлі емес ағымдар мен ұйымдардың келеңсіз әрекеттерінің алдын алу және осы қатардағы басқа да мәселелерді жан-жақты талқылау болып табылады.

Аталған шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және тиісті орган өкілдері, ғалым-сарапшылар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт имамдары және шетелдік қонақтар қатысады.

 
0
0
318

Осы тақырып бойынша