ZАМАN-ҚАЗАҚСТАН порталындағы «Блогерлер кімге қызмет етеді?» атты мақалаға пікір
Блогшылар кімге қызмет етеді деген сұрақты қою әзірге ерте болар!
Неге?
Түсіндірмелі сөздіктерде «Блогшы» ұғымының бірнеше баламасы берілген, ондықтан оған тоқталып жату артық болар?!
Араб елдерінде әлеуметтік желілерде «тұтанып», соңы қанды қырғынға айналған оқиғалардан кейін «Блогшы» ұғымының қандай күш екені бәріне түсінікті болды. Блогшылар өткен жылы Ресей билік өкілдерін өздерімен санасуға мәжбүрледі ("Оккупай-Абай").
Блогшылар демей-ақ қояйық, әлеуметтік желілерді пайдаланушылармен «бейбіт қарым-қатынас» жасау, тіпті мүмкін болса өз жағына тарту керек екенін Қазақстанда алғаш Оңтүстік Қазақстан облысы басшылығы терең түсінгенін байқадық. Қалай болғанда да Блогқұрылтай өткізуге әкімшілік тарапынан үлкен қолду көрсетілгенінен ешкім ұтылған жоқ. Тіпті, мұны қоғамның бір қадам алға жылжуы деп бағалауымыз қажет.
Ал, өздерін «блогшылар» деп жүргендердің арасында да білімі мен білігі, тіпті пиғылы әртүрлі деңгейдегі азаматтар бар екені айтпаса да түсінікті.
Мен тарихшы-өлкетанушы ретінде Харьков түбінде 1942 ж. жоғалып кеткен қазақстандық дивизия жауынгерлері (11373 адам) туралы декеректер табуға осылардың мүмкіндігін пайдаланайын деген оймен Фейсбуктегі «Құрылтай-2013» тобының блогіне қазақ блогшыларына арнап төмендегідей өтініш жазып едім... Жазғаныма қатты опық жедім.
Құрметті блогшылар және барша қазақстандықтар! Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әкелеріңіз немесе басқа да туыстарыныздың әскери билеттерінің, соғысқа қатысты басқа да құжаттарының фотокөшірмесін менің почтама жіберулеріңізді өтінемін!
Құжаттар шаң басып жатпасын!
Біз оларды "сөйлетеміз"!
Ерлік ұмытылмауы тиіс!
Құрылтай 2013. тобынан менің өтінішіме келген жауаптар:
Аршат Оразов 28 марта г. 0:26
тек бір сұрағм бар: немістер жағында болғандар туралы жібрсек бола ма? әлде тек қызылдар жағы керек пе? соны да анықтап алу керек сияқты
Макпал Шайхистамова 28 марта г. 0:29
басқа қауымдастық ашып, сонда майшаммен отырып талқыласақ деген ниет бар осы тақырыпты. Атамның соғыстан қашқаны жайлы айтып берсем
Аршат Оразов 28 марта г. 11:10
мына тақырып тұрып қалды ғой Құрылтайға қатысушылар! мен сұрағыма жауап күтіп отырмын. тек қана қызылдар туралы жинау керек пе әлде немістер жағындағы қазақтар туралы да бола ма? конкретно анықтап алайықшы басынан бастап. келесі құрылтайға дейін бәрібір не әңгіме айтамыз? тездетейік.
Міне, өздерін «үлкен блогшы» санайтын Сатыбалды, Аршат, Мақпалдардың мәдениеті!
Жиналған 200-н аса адамнының ішінен 10 шақты адамды ғана шын мәніндегі блогшы деп айтуға болады! Қалғандары құрылтайға мен ертіп барған мектеп оқушыларының деңгейіндегі «бозбалалар». Менің шәкірттерімнің бір артықшылығы - тарихты қастерлеуді біледі .
Одан құрылтай өз маңызын жоғалтпайды. Егер, кейбір жағдайлардың, кейбір «блогшылардың» әрекеттеріне, сөздеріне тоқтау салынса, санның бірте-бірте сапаға көшетіні түсінікті жайт.
Мысалы, менің өтінішімді келеке-мазаққа айналдырған Satibaldi Kerbabaev, Аршат Оразов, Макпал Шайхистамова секілділер мүмкін сайт ашуды білетін шығар, тіпті бірнеше сайтттар ашып тастаған шығар, бірақ жазған сөздеріне қарап бұлар ұлтқа қызмет етеді деп ойламаймын!
Бұларға «ағалары» тарапынан басу айтқан жанды және көрмедік!
Осы жерде Ұлы Әл Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім....» туралы сөздері еске түсіп отыр.
Бұлардың деңгейі «мой мирде» көр-жерді сөз қылып отырған кемпірлермен қатарлас!
«Күріш арқасында күрмек су ішіпті» дегендей, құрылтайды ұйымдастырған жігіттердің еңбегінің арқасында «на халяву» ішіп-жеп, дем алып қайтуға келгендер!
Менің қауіптенетінім, болашақта бұлар құрылтайдың басы-қасында, ыстық-суығына күйіп ақ тер- көк тер болып жүрген, өзім бірнеше жылдан бері жүзбе жүз танитын пікірлес бауырларым, жас достарым Данияр Алан, Амангелді Қалыбек секілді нағыз ұлт жанашырларын ысырып тастап келесі құрылтайлардың тізгініне «дайын асқа тік қасық» деп ие болып кетуі мүмкін!
Салықтөлеушілердің есебінен жасалған құрылтайдың аяғы «Әжептеуір ән еді, пұшық айтып қор қылды» болып кетпесе жарады!
Ең қызығы, әлгі Аршат деген «админ» мені игнорға қойып, қоғануға мүмкіндік бермей сыртымнан тағы біраз сөз жазды!
Өкінішті!
PS. Мақала астына жазған пікірім өтпегендіктен осында жазуға мәжбүр болдым!
