Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Дін істері агенттігінің дінтанушы мамандары БҚО жұртшылығымен кездесті.

Орал қаласында құрамына ҚР Дін істері агенттігінің дінтанушы мамандары енген республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерімен кездесу болып, оған облыс, қала әкімшілігі, жергілікті атқарушы органдар, жоғары оқу орындарының басшылары және мектеп директорлары, ҮЕҰ жетекшілері мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты. Кездесуде ҚР Дін істері агенттігі исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы, исламтанушы Наурызбай Өтпенов, осы агенттіктің мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы­ның аға ғылыми қызметкері Дүйсенбай Кенжетай және ҚР Дін істері агенттігі дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші ғылыми қызметкері Көкенай Саясат елімізде дінаралық келісімді нығайту, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, тұрғындард…

0
0
556

«Sunna.kz» ақпараттық-танымдық порталы. ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директоры Айдар Әбуовтің сұхбаты

Айдар Парқұлұлы, әңгімемізді қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуалдан бастасақ. Көктемнің келуімен дін саласына қатысты конференциялар көбейді. Алматы қаласында «Дін және әйел» атты халықаралық форум, Астанада «Қазақстандағы діни сенім бостандығы» халықаралық конференциясы өтті. Аталмыш конференциялар қаншалықты қажет? Дін рухани құндылықтар мен өнегелік қағидаларының негізі. Ол адамзатпен бірге пайда болып, бірге жасасып келе жатқан жанды құбылыс. Сол себепті, дін саласында қатысты оқиғалар мен өзгерістер әрдайым орын алып тұрады. Әсіресе, қоғамның дінге көзқарасы өзгеріп, рухани қайнарларына бет бұра бастаған қазіргі кезде дінге қатысты оқиғалар көбейе түсуі орынды құбылыс, бұл уақыт талабы. Өзіңіз атап өткен «Дін және әйел» атты халықаралық форум ҚР Дін істері агенттігінің ұйымдастыруы…

0
0
1845

Адам көркі — шүберек #3: Жания Оразымбетова

NU-да Политология мен халықаралық қатынастар факультетінде оқу әрі fashion қойылымдар мен фотосессия, сұлулық байқауларына қатысу? Өте оңай! Біздің сән айдарымыздың бүгінгі кейіпкері 20 жасар Жания өзінің жеңіл де үйлесімді стилінен айнымай, күн сайын әлеуметтік желілерде түрлі образдарымен қуантады. Сонымен қатар, мектепте үздік оқушы, «Алтын белгі» атанған Жания болашақта өзін министр ретінде елестетеді. Мен кішкентайымнан математикаға емес, гуманитарияға жақын бала болатынмын. Сондай-ақ көптеген туыстарым осы салада жүргендіктен, саясаттануға ерте кезімнен қызықтым. NU-дағы оқу барысында қосымша Әдебиет курстарына да қатысып, оны жүргізген мұғалім Гэбриел Макгуайердың лекциялары ұнағаны соншалық, екінші мамандық ретінде Әдебиетті алғым келіп кетті. Ол, әрине, өте қиын, оны уақыт көрсет…

8
9
4074

Сержанттар тәжірибе алмасты

Астанаға сержант корпусының тәжірибесімен танысу мақсатында Украина Қарулы Күштерінің бас старшинасы Александр Косинский келді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Қарулы күштерінің бас сержанты мастер-сержант Темірбек Халықов украиндық әріптесіне қазақстан армиясындағы сержанттар институтының құрылуы мен даму жолын таныстырды. Әскерлерді басқару жүйесіндегі бастапқы буын бола тұрып, сержанттар құрамы Қарулы Күштердегі ең көп командалық құрамның бірінен саналады. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы сержанттардың беделіне, олардың жеке басының дайындығына, өзгеге үлгі әрі талап қоя білетіндігіне тікелей байланысты. Бұл Украина Қарулы Күштерінің бас старшинасының Қазақстанға алғашқы сапары. Украина армиясы сержанттар институтын құ…

0
0
454

Түркиядағы қазақ жастары Мұстафа Өзтүрікті еске алды

ЫСТАМБҰЛ. 11 ақпан. BAQ.KZ – Қазақтың аймаңдай ұлы, даңқты таэквандошы- Мұстафа Өзтүріктің Ыстамбұл қаласының Гүнешлі ауданында жерленгенін өкінішке қарай көпшілік біле бермейді. Тіпті, осында білім алып жатқан жастардың оның басына барып құран оқып қайтқандары некен-саяқ. Осындай олқылықтардың орынын «саналықтар» толтырмақшы,-деп хабарлайды Түркиядағы қазақ жастарының құрған «Сана» интеллектуалды клубының өкілі Ержан Төлек. Мұстафа Өзтүрік ағамыздың Гүнешліде тұратын бауыры Омар Тәйжімен кездесіп, батырды еске алған жастар танымал спортшының тұрған үйін көріп шықты. «Сана» интеллектуалды клубының өкілдері алда әйгілі таэквандошыға қатысты бірқатар шаралар атқаратын болды. Атап айтқанда, Мұстафа батыр тұрған үйдің қабырғасына естелік тақта орнатқызу, жастарды жиып, зиратының басына барып…

0
0
772

Тағдыры тарих, ұлағатты әже — Әпуза

АСТАНА. 26 ақпан. BAQ.KZ – Тарыдай шашыраған қазақ халқының қилы тағдыры күн өткен сайын ұрпаққа мәлім болып, айқындалып келеді. Біздің әңгімеміз аумалы-төкпелі заман куәгері Советтер одағы Моңғол достығының дәнекершісі, екі елдегі ағайын-туысты табыстырып қуанышқа бөлеген қазір жасы жетпістің бел ортасына келген Ресей мемлекетінің Алтай Республикасы Қосағаш ауданы Жаңа ауыл селосының тұрғыны, ауылының ақылманы, көптің көзайымы болған әншісі де сыйлы да сымбатты әже Әпуза Әміреқызы туралы болмақ. Ол 1937 жылы 16 сәуірде Қосағаш ауданының бір кезде Қазақ селосы атанған Ақтал ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстанда туған әкесі Әміре Әпузаның төрт айлығында жазықсыз тұтқындалып, сол жылы қазан айының 27-сінде Қызылөзек деген жерде атылғанын «Звезда Алтая» газетінен оқып біледі. Шешесі қар…

0
0
1499

Дубайда Наурыз мерекесі тойланды

ӘБУ-ДАБИ. 25 наурыз. BAQ.KZ - Біріккен Араб Әмірліктерінде уақытша тұрып және жұмыс істеп жатқан қазақстандық отбасылар Дубайда Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтті. Әбу-Дабидағы ҚР елшілігі мен Дубайдағы ҚР бас консулдығы әдемі ішкі жасаулары, ұлттық кәдесыйлары және тұрмыстық керек-жарақтары бар дәстүрлі ұлттық киіз үй тікті. Шара барысында қонақтар ұлттық тағамнан және дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татты. Шараға құрметті қонақтар ретінде Қырғызстан және Әзербайжан консулдықтарының басшылары қатысты. Қазақстанның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Мусинов және ҚР-дың Дубайдағы бас консулы Асқар Шоқыбаев құттықтау сөздерін сөйледі. Дубай қаласындағы Наурыз мейрамының ресми бөлімінің соңында қазақстандықтар мен шара қонақтары «Қара жорға» ұлттық биін биледі. Мерекелік шараға…

0
0
1630

Жезқазған. Қаланың қиянат келтірер түтіннің астында қалуы.

Кеше ғана елдің экономика орталықтарының бірі болар  деген үмітпен салынған қала қазір нашар куйге тусіп отыр.

Әрине,Жезқазған зауыттары қаланың басты табыс көзі болып келеді. Бірақ әр заттың өз шегі бар. Басында достарымның айтқанына сенбеген едім, бірақ өз көзіммен көргенде таң қалдым. 90 мыңға жуық адам сыйдырған шаһардың қазіргі халі жақсы емес. Қаланың экологиясы қазір өте нашар деңгейде, менің ойымша.

Енді, зауыттардың әрі қарай өмір сүруін,әрине, мен шешпеймін, бірақ, менің ойымша, Үкімет бұл істі қарастыру керек.

1
5
4380

«Бақытжан Меңлібекұлы. Исламофобия – діни төзімділікке қарсы құбылыс»

«Фобия» ұғымы сөздіктерде қандай да бір нәрсеге қатысты шамадан тыс қорқынышты, негізсіз үрейленушілікті білдіреді. Демек, кез келген фобияның шығу тегі объективті шынайылықтан гөрі, көбіне соқыр түсінікке негізделеді деп түйіндеуге болады. «Исламофобия» терминін ең алғаш 1922 жылы шығыстанушы Этьен Дине өзінің «Батыстың көзімен қарағандағы Шығыс» эссесінде айқыш жорықтары дәуірінен отаршылдық кезеңге дейін болған еуропалықтар мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстан туындаған исламға деген жағымсыз қатынасты белгілеу үшін қолданған еді. Алайда бұл ұғым ондаған жылдар бойы кең қолданыстан тыс болып келген. «Runnymede Trust» британ зерттеу орталығының «Исламофобия - баршаға тасталған үндеу» атты баяндамасының 1997 жылғы жариялануынан кейін аталмыш неологизм кең қолданыла бастады. Бұл жобаны…

0
0
839

Мәзхаб-білімділерге табысталған аманат

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Ислам тарихында мәзхабтарды мойындамайтын, фитнамен айналысып үмметті жіктеген небір бүлікші топтар аз болмады. Олардың кейбіреулері тіпті, белгілі бір уақыт өрлеу кезеңдерін де бастан кешірді. Бірақ, түптің түбінде мәзхабтармен иық теңестіре алмаған олар тар ауқымдағы белгілі бір міндеттерді орындаушылар ретінде ғана көрініп, сонан соң ыдырап кетіп отырды. Осындай топтардың бәсекелестік әрекеттерінің нәтижесінде мазхабтар мезгіл-мезгіл өз ұстанымдарына сын көзбен қарап, өздерінің әлсіз жерлерін бағамдап, өздерін жетілдірумен болады. Әуел бастан кең тынысты, білікті мужтаһид имамдар көп еңбек сіңірген, сол себепті де берік негізге орнығып жан-жақты жүйеленген, әлеуеттері өте мол мәзхабтарды еңсеру ондай топтар үшін мүмкін емес. Сондықта…

-5
0
1017