Жаза берем өзің жайлы...
(Әкеге арнау) Әке, сенің өсиетіңе ерте кезден қанықтым, Ер соңынан демеп пе едің, ақиқат пен анықтың. Сен арқылы бұл әлемнің байыбына барыппын, Сен арқылы сырлы әлемнің сұлулығын таныппын. Қайран әкем, қазынам ең, таусылмайтын сен менің, Сен жоқ деуге мына өмірге иланбадым, сенбедім. Әр күн сайын суретіңмен сырласқандай болсам да, Сезбей қалдым сенсіз тағы бір көктемнің келгенін. Қарамаушы ең, маған «әлі жассың ғой» деп, «бала» деп, Үйретуші ең қиындыққа әркез тура қара деп. Мен мектептен келгенімде қарсы алушы ең күлімдеп, Сезілуші еді сондай сәтте жанарыңнан дара леп. Айтушы едің үлгі қылып даналығын Абайдың, Енді бүгін мен өзіңді сол Абайға балаймын. Сыр ақтарып отыратын, кейде өзіңе өзіңе еркелеп, Бірге өткізген күндеріме сағынышпен қараймын. Әлі есімде, мен кеткенде мұңаймағын дегені…