Мазмұнға өту

Жаңа

Ербол тағы ерледі

ҚЫТАЙ. 25 наурыз. BAQ.KZ - Қытайдың «Шыңжаң жас әншілері» атты телебайқауда қазақ азаматы Ербол Жеңісбекұлы алтын медальді еншіледі. 9-рет өткізіліп отырған телебайқауға қатысқан жас әншілер арасынан үш мықты 15 наурызда ғана белгілі болды. Алтын медальді тағынған қытайлық қандасымыз Ербол Жеңісбекұлы болса, күміс пен қола медальдар ұйғыр қызы Гүлнигар Абдұзайы мен қытай қызы Уаң Юан-Юанге бұйырды. Ербол бастаған бұл реткі сыннан сүрінбей өткен алты әнші алдағы уақытта бүкіл Қытай жастары арасында 15-рет өткізілгелі отырған телефестивальде бақ сынасатын болады. Ербол Жеңісбекұлы 1990 жылы ҚХР Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген. Қазір Қытай Орталық ұлттар университетінің музыка факультетінің студенті. Ол бұдан бұрын бүкіл Қытай жастары арасында өткен ән фестивалінде жеңімпаз атан…

0
0
606

Жезқазған. Қаланың қиянат келтірер түтіннің астында қалуы.

Кеше ғана елдің экономика орталықтарының бірі болар  деген үмітпен салынған қала қазір нашар куйге тусіп отыр.

Әрине,Жезқазған зауыттары қаланың басты табыс көзі болып келеді. Бірақ әр заттың өз шегі бар. Басында достарымның айтқанына сенбеген едім, бірақ өз көзіммен көргенде таң қалдым. 90 мыңға жуық адам сыйдырған шаһардың қазіргі халі жақсы емес. Қаланың экологиясы қазір өте нашар деңгейде, менің ойымша.

Енді, зауыттардың әрі қарай өмір сүруін,әрине, мен шешпеймін, бірақ, менің ойымша, Үкімет бұл істі қарастыру керек.

1
0
684

Балапан қыран болуы үшін самғатып ұшыратын ата да қыран болуы керек

Әрбіреуіміздің қалыптасуымызға, тұлға ретінде дамуымызға үлес қосқан адамдар жүрегіміздегі ең жылы да ерекше орынды алады. “Балапан қыран болуы үшін самғатып ұшыратын ата да қыран болуы керек”, - дейді халық даналығы. Сол секілді алты перзенті мен немерелеріне үлгі болған атам Ғинаят Әдбірахманұлы мен әжем Сара Меңдіғалиқызы мен үшін асқақ биіктер. Олардың дүниеден озғанына биыл он жыл болды. Ендеше ата жөнінде сөз қозғасам. Ол қырандай рухы биік, тәуелсіз, адал азамат бола білген. Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетінде дәріс алған атам сол кездегі Қыздар педагогикалық институтындағы география факультетінде оқып жүрген болашақ жарын, өмірлік серігін - Сара Меңдіғалиқызын кездестіреді. Оқуды аяқтаған соң 1952 жылдан бастап жас отбасы атамның туған өлкесі - Атырау қаласына ор…

0
0
1674

Бекасыл әулие

Бекасыл әулие ...Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды құз-қияны. Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы, жаман деместен, Жанына жұртын жияды... Бекасыл әулие. Бүкіл саналы ғұмырын халықтың руханиятын көтеруге жұмсаған, мешіт салдырып, бала оқытқан Бекасыл баба (1822-1915 ж.ж.) туралы көп естеліктер жазылды, айтылды. Әлі де жазылары, айтылары хақ! Өкінішке орай, неше жерден «көзіміз ашық» дегенмен, бабаның әзірге табылған жалғыз мұрасы ―«Жұлдызнаманы» толық меңгеру тұрмақ ―оқуға, түсінуге ешбіріміздің тісіміз батпай отыр. Сондықтан, біз өреміз жеткенше бабаның шыққан тегі мен ел аузында сақталып қалған жекелеген сөздерін саралауға тырысып көрдік... Жоғарыда көрсеткеніміздей, ғұламаның «тектілік» төңірегінде көп толғанғаны байқалады, тіпті осы…

0
0
18349

Алматыны не үшін жақсы көреміз?

Осы материалмен жаңа айдарымыздың тұсауын кесіп, келесі жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғашық жандармен сұхбаттасуды жоспар етіп құрдық. Алғашқы материалымыз Алматыны жақсы көретін себептер тізімінен басталады. Таулары үшін: Алмарасаннан сәл көтерілгендегі көрініс Таңы үшін: таң енді ғана атып келе жатқандағы тыныштық пен нәзіктік Түнгі өмірі үшін: қай лаундж, кафеге бармасаң да, әйтеуір бір таныстарыңды кездестіресің Кішкентай сүйкімді кофеханалары үшін Әдемі, сәнді, еркін жастары үшін «Ақ сарай» театры үшін Ұлттық кітапхананың бай мұрағаты үшін Арзан таксиі үшін Ең күшті балериналары үшін Еш қай жерде болмайтын Джаззистаны үшін Қыста сноуборд, коньки, шаңғы теуіп жүрген белсенді тұрғындары үшін Ең бай букинист дүкендері үшін Динамо стадионында жүгіріп жүрген әжелер мен аталары…

Сымсыз модем MiFi Altel 4G. Wi-Fi сіздің қалтаңызда!

Сәлем оқырмандар! Жақында Altel 4G компаниясының USB модемінің жылдамдығын тексерген болатынмын, ол тақырыпты мына жерден оқысаңыз болады: USB модем жылдамдығы. Жылдамдық ол жолы мен болған жерлердің барлығында жақсы көрсеткішке ие болды. Енді MiFi модем жылдамдығы қалай екен? Міне, осы сұраққа бүгінгі мақалада жауап ала аласыз. Ал модемнің өзі қандай екені жайлы мына және мына мақалаларда жазған болатын. Төменде, жылдамдықты салыстыру үшін 11 жерде тексеріп шықтық. Ал маршрут мынадай: Маршрут: 1. Достық және Оспанов көшелерінің қиылысы 2. Абай және Достық көшелерінің қиылысы 3. Қазыбек Би және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысы 4. ЦУМ, Арбат 5. Алматы - 2 Қазақстан Темір Жолы вокзалы 6. Төлеби және Байтұрсынов көшелеірнің қиылысы 7. "Сайран" Авто Вокзалы, "City +" Сауда Орталығы 8. Жандосов…

3
2
1959

Хиджабтан мемлекет неге қорқады?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Біздің мемлекетіміздің Ата заңы бойынша мемлекет пен дін ажыратылған. Сол себепті де мемлекет діннің ісіне араласпайды, ал дін мемлекеттің ісіне араласпайды. Сөз жүзінде солай, бірақ, іс жүзінде бұл қағиданы ұстану үнемі мүмкін бола бермейді. Өйткені, шешімі мемлекеттің қолында тұрған, сол себепті де оның араласуын қажет ететін діннің істері де бар. Соның бірі қоғамымызда өзекті бола бастаған хиджаб мәселесі. Дін үшін қашанда өз істерінде Алланың үкімдерін басшылыққа алу қажет. Бұл талап тиісінше орындалмаған жағдайда ол өзінің туралығынан айрылып, дін ретінде құнын жоя бастайды. Сол себепті де ол өзінің негіздеріне беріктік танытып, мәңгілік құндылықтарынан таймауға тиісті. Бірақ, әртүрлі мемлекеттердің қол астында болуына байланысты И…

-5
0
1058

Хиджаб кигендерді дұрыс түсініп жүрміз бе?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Елімізде құлшылық етушілердің қатары өскен сайын қоғамымыздағы Ислам дінінің салмағы да арта түсуде. Бұл өз кезегінде жаңа мәселелер тудырып, түрлі пікір қайшылықтарын туындатуда. Осындай мәселелердің өзекті бола бастаған біреуі мұсылман қыз-келіншектерге қатысты бой көрсетуде. Бұл орамал тартып, жабық киім (хиджаб) кию мәселесі. Жалпы әурет жерлерін жабу өзін мұсылман санайтын әрбір әйелге қатысты үкім болып табылады. Өйткені, мұсылман дегеніміз Аллаға бой ұсынушы адам. Ал, бойұсынудың басты шарты парыз амалдарды атқару болса, әйел адам үшін басты парыздардың бірі беті мен қол-аяқтарының басынан басқа жерлерінің бәрін жабатын жабық киім кию болып табылады. Бірақ, жетпіс жылдық кеңестік тәрбиеден өтіп Ислам негіздері түгел ұлттық дәстүр…

-5
0
1310

Кімдердің Исламын ұстанамыз?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Ислам дінін қабылдағаннан бері оның ықпалымен тілі де, ауыз әдебиеті де, салт-дәстүрі де байып, мұсылмандық сана ұлттық санасына кірігіп кеткені соншалықты жетпіс жыл дінсіздіктен кейін де өзін қазақ сезінетін әрбір қазақ өзін мұсылман санайды. Сол себепті де елімізге өзге діндерді таратушы жат жерліктер келіп өз үгіт-насихаттарын жүргізе бастаған кезде қазақтар мұсылман ретінде олардың бұл істеріне наразылық білдіріп, оларға жауап ретінде өз дініне қарай бет бұра бастады. Бірақ, өзге діндердің іріткі әрекеттерінен қауіптеніп мұсылмандықтан пана іздеген көптеген қандастарымыз Исламға ден қоя бастаған кезде аптығын басып, көңілін суытатын кейбір жайларға куә бола бастады. Өйткені, кейбір мұсылман топтарының пікірінше осы кезге дейін Хана…

-5
0
720

Мәзхаб және мемлекет

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Мемлекет пен дін ажыратылғанмен мемлекет қашанда дінге деген мұқтаждықтан құтыла алмайды. Өйткені, мемлекет уақытша тәннің қажеттіліктерін басшылыққа алып, дүниелік істермен ғана шұғылданса, дін мәңгілік рухтың қажеттіліктерін басшылыққа алып, ақирет пен дүниенің істерін де бірдей назарда ұстайды. Сол себепті де діни құндылықтардан ажырап қалған мемлекет дұрыс бағыт-бағдардан жаңылып, рухани дағдарысқа ұшырап, тұйыққа тірелетін болады. Діннің толыққанды, қуатты мемлекет құрудағы маңызын түсінбеуден қоғамымызда дінге қатысты дұрыс көзқарас қалыптаспауда. Соның ішінде Ислам дініне қатысты белгілі бір сақтық, тіпті белгілі бір шамада үрей де орын алып, соның салдарынан хақ дініміз ақпарат көздері мен басылым беттерінен тиісінше насихатталм…

-5
0
690