«ҚАЗАҚ» ҰЛТЫ МА, ӘЛДЕ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ» ПА? немесе өтпелі кезеңнің ұлттық саясатынан өтетін кез келді
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі Қазақстанның негізгі мақсаттарының бірі – өзінің мемлекеттілігін сақтап қалу үшін ішкі тұрақтылықты мейлінше қамтамасыз етуге күш салу болды. Мемлекеттің идеологиялық машинасы осы бағытта жұмыс істеді: «нанымызды амалдап тауып жерміз, тек елде тыныштық болса болғаны» деген қанатты сөз жиі айтылатын. Әрине, жүзден аса құрама ұлттардан құралған мемлекетте тыныштықты сақтау оңай еместін, сондықтан, олардың арасындағы консенсусты ұстап тұрудың жолдары қарастырылды. Осындай ойдың арқасында, «қазақстандық ұлт» жобасы өмірге келді. Мойындау керек, осы бір идеологияның Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалуға қосқан үлесі өлшеусіз. Соған қарамай, оны кіндік, яғни, мемлекет құрушы ұлт саналатын қазақтар өре тұрып, қарсылықпен қарсы алғаны да рас. Алайда, қазі…
