Мазмұнға өту
yerlenyerkebulan

Еркебұлан Ерлен

@yerlenyerkebulan

Сайтта 2013 ж. 1 сәуірКазахстан, Кызылорда

Қазақ. Мұсылман. Инженер.

рейтинг

100

жазбалар

23

пікірлер

3

тіркелуші

0

жазылымдар

2

Ассамблеяның кімге керегі бар?

-Оу, Майра, қабағың түйіліп кетіпті ғой. Автобусқа мінгелі қарап отырмын. Кондукторды да жеп қоярдай, жаман көзбен атып отырсың,- дедім көптен көрмеген кластасыма. -Өй, иә,-деп, қолын бір сермеп алды да, Майра әңгімесін бастады. «Бүгін ойламаған жерден тәрбие ісі меңгерушісі келіп, «Ассамблеяның 20 жылдығы, соған сендер шықпасаңдар болмайды»,-деп бір топ мұғалімді автобусқа тиеді де, орталық алаңға алып барды. Қолымызға жалау ұстап, өткен-кеткенге қол бұлғап тұрдық, сығандар ұқсап. Телеарналардан журналистер келіп түсірді. Содан келе жатырмын шаршап-шалдығып. Сол Ассамблеяның кімге керегі бар? Бәрі көзбояушылық қой. Алатын жалақымыз мардымсыз, оның үстіне осындай түкке тұрмайтын іс-шаралармен сілекпеңді шығарады. Одан флеш моб жақсы шығар. Мемлекеттің ақшасына күнің қарағасын осы ғой енді…

0
0
1131

Тәуеліздік һәм мұнай

Кеңес үкіметі құлдырап, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста көптеген шетелдік сарапшылар «Қазақияның ғұмыры ұзақ болмайды»,-деп кесіп айтты. Бұл тұжырым дәйексіз емес еді. Егемендікке қол жеткізіп, есін жиған халық (әрине, қуанған қазақтар туралы сөз боп отыр) аңғарып қараса, атадан қалған ұлан байтақ жеріміз этникалық жағынан біртұтас емес боп шықты. Бұдан былай Қазақстанды мекендеуші ұлттар «орыс», «татар», «неміс», «украин» деп емес, жаңаша сипатпен «орыс тілді ұлт» және «қазақ тілді ұлт» болып екіге бөлінді. Бұл бөліну аз болғандай «орыстанған солтүстік», «қазақы оңтүстік» деген терминдер және қосылды. «Ұлттардың түрлілігін айтпағанның өзінде, руға бөлінген қазақтардың араздығы артады»,-деп сарапшылар жүз пайызға сенім білдірді. Сондағы орысша пікірлері мынау еді: «Этнический…

0
0
796

Мұстафа Шоқай: «Мұны көргеннен, өлгенім артық!»

Сіз Мұстафаны білесіз бе? -Аға, мына Сұлутөбе Мұстафа Шоқайдың туып-өскен жері ғой. Түһ, бірақ неге осыны сезіне алмайды екенбіз. Неге іште бір бұлқыныс, тебіреніс жоқ?,-деп өзіме ренжідім. -Иә, інім бұл жерді жақсы білемін ғой. Шоқайды білмейтін қазақ жоқ шығар! Мықты кісілер ғой. Мынадай кішкентай ауылдан шығып, Еуропада беделді болу деген...,-деді БМВ автокөлігінің рөлінде отырған жасы отыздар шамасындағы жігіт. Әңгімеге тағы біреудің араласқанын қалап, байыз таппай, артқы орындықта отырған қызға қарадым да, «сіз Шоқайды білесіз бе?»,-демесім бар емес пе. -Кого?,-деді, сағызын шайнаң-шайнаң еткізіп әлгі қыз. -Мұстафа Шоқайды?,-деймін. -Неа, не знаю,-деді де терезеден сыртқа көз тіккен боп, күйіс қайтаруын жалғастырып әкетті. Ашуым басыма көтерді. Енді бұл ашу тарамай қойсын! Қайта-қайт…

0
0
793

Мұстафа Шоқайдың балалық шағы

Ауылда Мұстафа бес жасқа толмай-ақ анасы оған оқу мен жазуды үйретіпті. Ал бес жасында домбыра шерткен. Оның музыкаға деген ықыласы расымен зор еді. Әлі есімде, 1922 жылы екеуміз Трокадеро алаңындағы этнографиялық мұражайға бас сұқтық. Мұстафа сол жерден домбыра көрді. Мұражай қызметкерінен рұқсат сұраған соң, домбыраны қолына алды да, құлағын келтіріп, қазақша керемет бір әуен орындады. Сонсоң асқан қимастықпен домбыраны орнына қойды. Жүзіне қарасам, оның көздері жасқа толып, көңілі құлазып тұр екен. Оның дәл сол кездегі күйін мен бұған дейін де, бұдан кейін де көрмедім. Мұстафа бірде балалық шағы туралы тебіреніп: «кішкентай кезімде мені бәрі жақсы көретін, еркелетін»,-деген еді. Осы қасиеттері есейгенше бойында сақталып қалды ма, әйтеуір, сезімтал, тез ренжігіш, болмашыны көңілге алғыш…

0
0
1799

Елбасы һәм Астана

1993 жылдың соңы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сөздерінің бірінде Қазақстанның астанасын Алматыдан басқа қалаға көшіру туралы ойын айтып, көпшіліктің бұған деген реакциясын байқап көрген еді. Сол кезді өзі былай еске алады: «Мен осы ұсынысты айтқан уақытымда біраз адамдар мені «жаңылып кетті не шамалы шаршаған болуы керек» деп ойлады. 1994-тің басы Нұрсұлтан Әбішұлы астананы көшіру жөнінде тағы да айтты. Бұл жолы да ұсыныс сәтсіз әзіл ретінде қабылданды. Бәрі күлді де қойды. Артынша ұмыт болды. Сонда да болса, елбасы бұл шешімін әбден зерделеп, пісіргендіктен өз дегенінен қайтпауға бекінді. Оның осы қадамын Норберт Винердің мына бір даналық сөзі шегелеген еді: «Армия офицері дәрежесіндегі адам ер жүрек болуы тиіс! Егер офицер әрбір әскери ұрыс кезінде, өзінен «Мен ер жүрек адаммын ба?» деп сұр…

0
0
1310

ГЕЙМЕР сіздің үйіңізде де болуы мүмкін

«Геймер» деген кім? Біріншіден осыған тоқталайық. Геймер ағылшынша «гэйм» сөзінен шыққан. Қазақша баламасы «ойын». Ал, «геймер» «виртуалды ойыншы» мағынасын береді. Яғни компьютерлік ойынға тәуелділер кісілер. Қазақ баласы арасында геймерлер бар ма? Бар екен. Тіптен көп екен. Әрсен де осы топтың бірінен болып шықты. Оны геймерлікке апарған жолмен сіз де жүргенсіз. Бірақ, қазір сіз бұл топтан болмасаңыз, өзіңізді уақытылы тежепсіз. Құдай сақтапты деңіз. Ал Әрсенде құмарлық былайша басталған еді: DENDY (Дэнди) Мен виртуалды ойындарды үшінші кластан бастап ойнадым. Ол кездері «дэнди» деген ойын аппараты болатын. Мен қатарлас балалардың барлығы «Марио» болып айдаһардың тұтқынында отырған өз бикештерін құтқарды. Сонымыз үшін өзімізді қаһарман сезіндік. Бірақ, бұл ойындарда адам өлтірмедік. Кей…

0
0
5942

Сантаның өлімі

"Шарбаққа асыла берме, құласаң оңбайсың!",-деп үлкендер ұрсушы еді бұрын. Мына Санта сол қариялардың тәрбиесін көрмеген бе, әйтеуір, Астананың қақ ортасында қараша айынан бері жанармай бекетіне керіліп, "бұлар Тәуелсіздік күнін қалай атар екен",-деп ұрланып, сығалап тұрған болатын. Астана Сантаны жек көреді екен. Бір ашуға мінді де, секундына жиырма метрлік дауылмен соғып, бір сұлатқаны бар-тын. Сөйтіп бұл Санта реанимациядан бір-ақ шықты. Бір апталық үлкен отадан соң, қайтадан ескі әдетіне басып, сол шарбаққа қайта керілді. Бұл жолы аязға шыдас бермеді ме, кезекті рет омақаса құлап, парша-паршасы шықты. Осы жолы өліп қалды-ау. Сес қатпай жатыр. Енді қала сыртына шығарып тастау керек. Ол да жұмыс боп тұр. Жұмыс деп қоям-ау. Ертең жиырма бес метрлік дауыл келе жатыр екен ғой. Еһ, жақсы бол…

0
0
664

Екіжүзділер мұсылмандарды масқаралаушылардан

Таңертеңнен бері Жолдас құдалыққа барарын, не бармасын білмей, аула кезіп жүрді. Үйге неше рет кіріп, шыққанын да білмейді. Барған үйі құда күтіп отырғасын, арақ-шарап қоятыны белгілі. Оған күмәні жоқ. Бірақ, ащы су қойылатын жерге бармау керектігін, оған Аллаһтың қарсы екенін және біледі. Екіұдай ойдың арасында ақыры бір шешімге келді. Қазақылығы жіберсін бе. «Мен қалайда барайын. Бастысы олардың жанында отырмаймын ғой. Сыртта өзім сияқты бір кісілер табылып қалар. Солармен сұхбат құрып уақыт өткізермін. Туыс-жаран болса да қажет. Бүгін мен бармасам, ертең олар да менің қуанышымды бөліспес. Бұлай жалғаса берсе адам санатынан сызылып қалармын. Жаман да болса туыстан айрылуға тағы болмайды»,-деп іштей күбірледі. Құдалық Құдалар қаладан шалғай жерде орналасыпты. Ауылдың кішілігі соншалық ме…

0
0
679

Бір Жаратушы болуы тиіс қой

Азғыру «Көптен саған бірнәрсе айтам деп жүр едім. Кездескенің жақсы болды ғой»,- деп Қайраттың бір танысы қолтықтап алып, көшенің бір шетіне шығарды. «Иә, ағасы, не айтқыңыз келіп еді?»,- деген қызығушылықпен құлақ түрген оған, әлгі ағасымақ ақыл айтқан болды. «Сені намаз оқып жүр деп естіп ем. Дұрыс қой. Намаз оқысаң, таза жүресің. Анау-мынау пайдалары да бар дейді. Бір жағынан спорт дегендей. Бірақ, сен әлі жассың ғой. Жиырмадан енді асып жатсың. Қыдырып, қыздарға барып, былай-былай жүріп қалмайсың ба? Осындайда көрмеген қызықты қашан көресің сонда?»,-деді. Қайрат бұған жымиып қоя салған болатын. Сол кезі әлі есінде. Тәубеге келу Сөйткен танысын араға жыл салып, бүгін мешіттен көріп қалды. Жұма болатын. Өзі біраз жуасып қалғандай ма қалай? Қайратты көргеннен безек қағып, неліктен бұл жо…

0
0
1074

Мен де бала болғанмын

Өмірімнің 26-шы күзі. Бұл дүние есігін күз мезгілімен ашыппын. Сонан да болар күз маған ерекше ұнайды. Біреулер жапырақтардың сарғайып, ағаштарынан үзіле құлағанын көріп, көңілдері құлазитындарын айтып жатады. Ал маған бәрі керісінше. Қызылорда күзімен де көңілді. Бүгін балалық шағыма бір ой жүгіртсем деймін. Мен 18-ші қыркүйекте Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде дүниеге келдім. Көптеген балалар секілді перзентханада емес, үйде. Бұл дүниеге асыққан шығармын. Сол күннен басталған АСЫҒЫСТЫҚ менің серігім болып алғандай. Үнемі асығыстық. Үнемі үсігістік. Алғашқыда өте момын болдым. Өте ырбаң. Асқан еркелік. Жеті жыл үйдің кенжесі болу оңай ма? Қалай қарындасым отбасы қатарына қосылды мен тәттіліктен қағылдым да қалдым. Әке-шешем қайда барса мен де сонда. Бір елі қалмайтынмын. «Өзім жүріп б…

0
0
2776