Үш үміт, үш қауіп

Ресей, Қытай, Америка. Үміт бейбіт өмірде. Ресей мен Қазақстан арасында әлдеқандай соғыс өрті тұтануы неғайбыл. Себебі ОРТАҚ құндылықтарымыз көп. Ал, Қытай мен Америка біздің Ресеймен дастарханымыз бір болғандықтан, қолдарын созуға қауқары жоқ.
Қауіп те жоқ емес. Қазақ тілі орыстанып кетуі мүмкін. Әзірге бір ғана қақпа тұр арада. Ол тәуелсіздігіміз! Аллаһқа мың шүкір! Екінші қауіп халқымыз қытайланып кетуі мүмкін. Қазақстанда жүрген 350 мыңға жуық қытай мен 300 мыңдай бойдақ қазақ қыздары турасында ойлансақ. Алып қауіп Америкадан боп тұр. Түрлі фильмдер мен клиптер. Сорақысы музыкалары. Аллаһтан дұға етейік! Бейбіт заман, саналы ұрпақ сұрайық! Жеңіл сөзге үйір ойсыздардан сақ болайық!
Еркебұлан Ерлен
