Тікелей эфир

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы тақырыбында

Наурыз мейрамының жуықтауы тақырыпты

Март келді. Табиғат қыстан шығады. Ызғарлы суық бәсеңдейді. Әуеге бір орташылық, жанға бір кеңдік келеді. Күншығыс халқының сүйкімді жанын майдалығымен сипаған әдемі күндер, жан-жануар, шөптерге жан беретін ауа мен сәулелер һәм нұрлар келеді. Күншығыс мұсылмандарының, әсіресе, Кавказ арты мұсылмандарының ардақты игі мейрамы наурыз жуықтады.

Наурыз. Атынан да белгілі жаңа күн. Бірақ бұл марттың тоғызы біз үшін шынымен жаңа күн болып жетер ме?

Қорқынышты соғыстың қанды уақиғалары, ұлт арпалысуының жексұрын кейістері табиғаттың ең әдемі бір күнін мейрамға арнаған біздің әлемге де аз бәле, аз қайғы келтірген жоқ.

Сорлы діндестеріміздің, шабылған бауырларымыздың Кәріс һәм Ардаһан тауларында көрген кейістік бейнеткері, әттең олардың көрген кейістік бейнеттерін, душар болған сорлылықтарын мүмкін болса еді, барлық анықтамаларымен кестелеп келістіре алсақ, сонда газетамызды оқушылар мейрамға емес, қара киіп қайғыға түсер еді. Құр жалғыз қайғырудан не шығады? Бастан-аяқ  дерегі мағлұм болмаса да еміс-еміс бізге келген хабарлардан аңғарамыз, Түркия шекарасында соғыс майданы болған жерлердің мұсылмандары бәлеге душар болған. Еркектер туралған, әйелдер бет-бетімен қайда болса сонда қашқан, бала-шағалар тау-тас арасына бытырап кеткен, қысқасы бұлардың тұрағы күл талқан болған.

Сорлылыққа душар болған жерлерден жан-жаққа босқан сорлылар сондай халге келген, суыққа қарсы тұру түгіл, әйелдердің басында жаулықтары да жоқ. Қашқындар аш, жалаңаш, ділгер. Ділгерлік шарасынан асқан. Бұл ділгерліктерді атқару үшін мейірімді көңілділік, онан соң мол жәрдем керек. Бұл күнге шейін жамиғат, қайыр арқылы жиылған жәрдем ақша бар болғаны 25 мың шамасында. Сарықамыстан Кірбылай аға бала Қылиев пен доктор Мұхамет Риза аға Өкиев және бұларының телеграмм арқылы сұрауларына қарағанда олардың сұрағанын жіберу үшін кемінде он бір мың сом ақша шығару тиіс. Басқа жерлердің ділгерлері Сарықамыстікінен көп артық. Бұл жерлердегі ділгерліктерді атқару үшін мыңдар емес, жүз мыңдар керек.

Жұртымызға сенеміз, бұл ділгерліктің атқарылуы үшін қолынан келгенін аямас. Көріп тұрмыз, Россиядағы мұсылмандар арасында Кавказдағы сорлылық хабарлары бір жанашырлық туғызған. Бұл жанарышлықтан пайдалана білу, бір пайда шығару керек. Мінеки, жуырда мейрам келеді. Білеміз, көп кісі осы күннен-ақ мейрам қамын жеп жатса керек. Бірақ мынау ескерілсін. Адамшылық, мұсылмандық һәм ағайындықты сезіп, бауырмалдық қызуымен жанданған бір кісі мұндай қанды жылда, ұлтының, отандасының басына мың түрлі бәле келген бір заманда қалайша шат көңілмен мейрам  алсын.

Мейрам – ұлттың жеке-жеке болған мүшелерін біріктіріп бір денедей қылып қосатын бір дәнекер. Мейрам болған соң тірі бір ұлт бір адам секілді дайын бір сезімге ие болу керек. Наурыз мейрамы да мұндай мейрамдардың біреуі. Бұл күнді мөлшерлі бір ауданға алсақ, барлық Кавказ арты өзін бір адамдай көріп барлығы сүйінер, қуанар, табиғатқа қарсы жымыяр, бірақ Кавказ арты бұрынғыдай бұл мейрамда да сүйінер ме?

Әрине, қалай сүйіне аламыз бұ күнгі күнде мыңдаған мұсылманның айдалада сорлы болып тентіреп жүргенін естіп отырмыз. Өзінің ардақтаған балаларын қасына жиып мейрам үстелінің айналасында көңілі шат болып отырған бір үйдің іші көп арасы керек жер емес шабылған талай үйдің ішін ұмыта алар ма? Былтырғы наурыз мейрамында қуанышы қойнына сыймай өз жайында отырып, бала-шағасымен күліп ойнап оразасын үйлерінде ашқан бір қатын биыл жетім қалған балаларына, «апа, қарным ашты» деп мұңайып тұрған қозыларына қарап екі көзінен жасы ағып мөлиіп паналауға бір қуыс, жылынуға бір киім, жеуге бір сынық нан таба алмай сандалып жүргенін естен шығарып жібере алар ма? Көңілінде мұсылман иманы, түрік қаны болған кісі балаларына мейрам киім кидіргенде арқасындағы жүгін жеңілдету үшін жас балаларын омбы қардың ортасына тірілей көміп, «Құдайға тапсырдым, қозым», деп бетінен бір сүйіп қашқан қояндай сорлаған қашқындарды ескермес пе?

Жарайды, мұнан кесірлі болып келген бір мейрамды қоя тұрайық. Биылғы мейрамымыз ың-шыңсыз өтсін. Бұ биылғы мейрам сыртқы өтірік алабажақ безектерден құралақан болсын. Немізге жетісіп мейрам қыламыз. Оның орнына бұ мейрамымыз ішкі шын безекпен әдеміленсін. Сорлы болған бауырларымызға жәрдем қылумен.

Айтайын деп келе жатқаным, ей бауырлар, биылғы мейрамға ұстайтын ақшаңызды соғыста шабылып қалған мұсылмандар үшін беріңіз. Беріңіз де біліңіз түрлі астар, тәтті жемістер үшін беретін бұл пұлдарыңыз қатқан нан түгіл, арпа кебегін таппай жүрген аштарды тойғызбақшы. Бір ақын талған бір жүректі тірілтуді мың қажеттен артық көрген екен. Рас, пәлеге душар болған бір сорлы қашқынды киіндіріп, тойындыру мың мейрамнан артық. Сыбайласының науқасын көргендерге салынып өз кәйпін бұзбаған кісілер білу керек, олардың кәйпі де тез бұзыла білер.

Діндестерінің жылаған көздеріне жаны ашымаған кісілер, өз көздерінің мықты болуына тіпті иланбасын.

Шаттық мейрам күндерінде бәлеге душар болған кейіс бейнеткер тап болғандарын ұмытқан бір ұлт, анық білсін, түпкілікті бір мейрам жүзін көруден бос қалар.
Анық бір наурыз еліміздің салтынан болса, биылғы наурызға ұстайтын ақшамызды Кәріс һәм Ардаһан соғысында шабылғандарға берейік.

Шын бір мұсылман, мейрамды бір адам үшін бұл ең салтанатты мейрамның беретін қызығынан мың есе артық бір рухани қызық берер.

М.А.Расул Заде, «Ықпал». Тәржімә еттім Ж.Жәнібеков.

Қазақ, 1915, №110, 9 март

________________________________________________________________________

«Алаш» айдарында жарияланған ұқсас мақалалар:

Есенғали Қасаболатов: «Қазақ жастарына»

Ахмет Байтұрсынов: «Аз уақытта көп білу жолының басы»

Уалиолла Халели: «Тіл сақтаушылық»

Ғұмар Қараш: «Тіл — әдебиет»

Мағжан Жұмабаев: «Дала. Қала.»

Әлихан Бөкейхан: «Ұят-ай»!

«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі

«Айқап»: «Қазаққа алалық қайдан келді»?

Мұстафа Шоқайдың Әбубәкір Диваев туралы мақаласы

Л.Толстойдан: «Жұмыртқадай бидай»

 

Әлихан Бөкейхан: Дін таласы

Алия Arsik
19 наурыз 2013, 10:55
2309

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Qaseke
1
0
осы қазіргі қазақтар жаңа жылды қақаған қыстың ортасында тойлағанды қашан қояды екен? шындыққа келсек, Наурыз қысқы жаңа жылға қарағанда бәсеңірек тойлатылады бізде..
наурыз мейрамы құтты болсын
Arhun
0
0
Кйіз үйді көрсем үшды моделін жасағанға қолым қышып тұрады... ))
Shpak
0
0
Расулзаде Мамед Эмин Гаджи Молла Алекпер оглы, 1884 жылы, 31 қантарда, Новханы уезді, Бакы губерниясында дуниеге келді.
Әзербайжан саясаткері, Мусават (Теңдік) партиясының басшы, Ачыг Сёз (Ашық сөз) газетасының бас редакторы...
Ықпал (Иқпал) деген сөз әзербайжан тіліңде жоқ
Сіздің пікіріңіз қазақтарға, қазақ наурыз мейрамына қандай қатынасы, өзара-байланыс бар?
Әзербайжандар қазақтарды Науруз тойлауға үйретті ма?

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52387
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 8592
  • 29
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
вчера / 12:12
  • 6534
  • 79
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4377
  • 32
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 4126
  • 38
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3094
  • 0
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

После череды неудачных романов, статусов "все сложно", ножей в спину, идея "выйти замуж по расчету" посещает все чаще. И мне не стыдно про это говорить.
energo_ulzhan
22 мая 2017 / 17:39
  • 2460
  • 53
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
вчера / 16:41
  • 2040
  • 7