Мазмұнға өту

Жаңа

Сатирик Мартбек Тоқмырзаны еске алу

1 сәуір — күлкі күні. Бұл күн еліміздің талантты журналисі, сатиригі Мартбек Тоқмырза үшін ерекше күн болатын. Өмірінің соңғы жылдарында Мартбек Тоқмырза шәкірт тәрбиелеп, шеберлік сабақтарында бар тәжірибесімен бөлісетін. Бүгінгі материалда Мартбек аға шәкірттерінің естеліктерін жариялауды жөн көріп отырмыз.

Айым Сәдуақасова:

Мартбек ағаймен ең алғаш танысқан күніміз әлі есімізде. ҚарМУ-дің журналистика бөлімінің 1 курс студенттері. Студенттер үзіліс кезінде у-шу боп аудиторияда алысып жүрген едік. Аудиторияда жаңадан орнатылған жап-жасыл тақта ілініп тұрған. Бір кезде қалай болғанын аңғармай да қалыппыз, ілулі тұрған тақта қабырғадан түсіп қалды. Айналамыз бұрқыраған әппақ шаң. Енді не істейміз дегенше үзіліс те аяқталды. Сөйттік те әрқайсымыз өз орнымызға жайғастық. Аудиториядағы шаң басылар емес. Шаңы бұрқыраған аудиторияға жаңа мұғалім кіріп келді. Барлығымыз басымызды төмен түсіріп, ештеңе айтуға батпаймыз. «Әй, қазір таяқ жеп, деканаттан бірақ шығатын болдық қой» деген ой әрқайсымызда.

Сөйтсек, қателескен екенбіз. Терезені ашып таза ауа кіргізді де, шүберекпен столын сүртіп жіберіп, журналын ашқан оқытушы, бізге қабағын шытпастан бірден танысуды бастап кетті. Сол сәттен бастап әзіл-қалжыңмен барлығымызды баурап алды.
Зымырап өтіп бара жатқан өмір деген осы екен. Ұстазымыз намысшыл, рухы биік азамат еді. Студенттеріне ұстаз ғана емес, сырлас дос, қамқор аға болатын. «Адам деген кешегісін сағынатын, ертеңгісін армандайтын, бүгінгі күніне көңілі толмайтын пенде» деп жиі айтып отыратын. Шынында да Мартбек ағайдың берген сабағын, айтқан сөздерін сағынып қана еске аламыз.

Базар Жырау: «Әр заманның өзіне лайық сөзі бар», — деп айтқан еді. Мартбек Мекентайұлының алған бағыты — тәуелсіздік уақытының шындығы аясында өткір тілді сатирамен өрнектелген. Сонысымен сықақшылар көп жағдайда жақпай қалады. Әрине, кез келген мәселені қоғамға ортақ түсінікпен жеткізе білу оңай емес. Осындайда Мәкеңнің «Живот знает, язык не хватает» деген жеңіл әзілінің өзі нені меңзейтінін байқатады. Бұл қадірлі ағаның адамгершілік тазалығын, рухани биіктігін көрсетеді.

Ботабек Тілегенов:

Ұстазымыз Мартбек ағай жайдарлы жүзді, жарқын мінезді айтары бар алаштың азамат еді. Жанына жақын тартып, сырын шертісіп ой бөлісуші едік. Өмірден көрген түйгенін айтып, журналистиканың қыр сырын үйретуден еш талмайтын еді. Амал нешік, енді ағамызды тек қана еске алып, саф алтын ойларымен айтқан ағалық ақылдарын санамызда жаңғыртамыз. Сіз біздің жадымыздасыз мәңгілік. Жәннатта болып жаныңыз, тасысын бейіште нұрыңыз.

Жаннұр Аманбаева:

Мартбек ағай, тобымыздағы әрқайсымызға мейірбандылықпен қарайтын. Ол тек ұстаз болған жоқ, қамқоршы аға да, ақылшы дос та, сырлас замандас та болды. Мейлі қыз болсын, мейлі ұл болсын, бәріміз сырымызды айтып, еркін сөйлесетінбіз.

Ата-ананың әлдиінен әлі есеймеген, жаңа өмірге енді ғана қадам басып келе жатқан біздерге бағыт бағдар беріп отыратын. «Менің сары ауыз балапандарым», — деп еркелетуші еді біздерді. Осылайша 4 жылды еркелікпен өткіздік. Ағайымыз өнерді қатты құрметтейтін, содан болар 1 курстан бастап бәрімізді өнерге баулыды. Демалыстарда тобымызды жинап театрға апаратын. Шыққан соң болған қойылымды
талқыға салатынбыз. Елімізде алғаш рет «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» махаббат күнін де Мартбек ағайдың бастамасымен атап өткен едік. Әрқашан бізге: «Ұлдарым, қыздарым әр күндеріңді бағалаңдар» деп айтып отыратын, сол сөздерімен бізді өнерді де, өмірді де сүюге үйретті. Алайда, ол туралы өткен шақта сөйлеудің өзі қиын. Өмірімізде өшпес із қалдырған Мартбек ағайдың күлімдеген бейнесі, мейірімге толы көзі мен саңқылдаған күлкісі мәңгі есімізде қалды.

Әлия Сембай:

Мартбек Тоқмырза — журналистика бөлімінде оқитын барша студенттің ағасы еді. Мамандығымызға байланысты дәрістермен қатар біздерге рухани дәріс те беретін. Ұстазымыздың шеберлік сабақтары да, өмірлік сабақтары да жадымызда мәңгілікке қалады. Мартбек аға бізге: «Нағыз журналист болу үшін аянбай еңбек ету, білімге ұмтылу, талмай іздену керек», — деп үнемі айтатын. Уақыт өте келе бұл сөзінің дәлдігіне, шыншылдығына көзіміз жетті.

Мартбек ағамыз қазақ жастарына қашан да болса үміт артатын. Бізге деген сенімі мол ағамыз кемшілігімізді жасырып, жақсы жақтарымызды үнемі асырып жүретін. Шәкірттерін болашақта әлі талай белестерді бағындырып, отанымыздың адал азаматтары болатындай етіп тәрбиеледі. Бүгінде асыл ұстазымыздың шәкірті болуды жазған әр студент оның сенімін ақтаса ғой деймін...

Алдаберген Кемпірбаев:

Мәрт мінезді Мартбек ағамыз расында «тұлға» деп сипаттауға тұратын ардақты жан, студенттің жүрегіне жол таба білетін білікті ұстаз еді. Алла жақсы адамдарды ерте алады деуші ме еді... Амал нешік, аяқ астынан айырылып қалдық. Ауыр сырқатынан айыға алмады. Бірақ, бір таңғалдыратыны, сол дерттен езіліп, егілмей, қайсарлық танытатын. Жұмсақ күлкісімен жанының қиналғанын білдіртпейтін еді.

Бәріміз маңына үйірсектеп, қызықты әңгіме, тәлімді сұхбат күтетінбіз. Жүзі жайдары, еңсесі тік қалпында қол-аяғы балғадай, дені сау, алайда тұрмыстың күйбеңінен шаршап-шалдыққан замандастарына тамаша көңіл-күй сыйлап, жігерін жанитын.
ҚЖ-ылдақтарға, яғни бізге (Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2004-2008 жылдар аралығында журналистика бөлімінде оқыған студенттері) саналуан мазмұнды ұсыныстар тастап, қосымша ой, қолдау күтетіні жадыда жаңғырады. Ондай бастамаларды лезде қағып алып, жүзеге асыруға тырысатынбыз. 13-ші дәрісханада біздің топ ұйымдастырған кешке жиналған жұрттың залды лық толтырғаны есімде. Шіркін, сол бір жастық шақтың ұмытылмас сәттері. Балдай тәтті болып, тіліме дәмі сезілетіндей. Арасында Мәкеңнің аяулы бейнесі сағымдай елестейді... Рухы пейіште шалқысын, абзал ағаның!

Әйгерім Қызданова:

Мартбек Тоқмырза — адамгершілік пен қарапайымдылықты өміріне серік еткен абзал азамат еді. Біздің талабымызды ұштап, жөн сілтеген ардақты ұстаз, абзал ағамыздың өмірден өткені қабырғамызды қайыстырып жіберді. Ол кісінің орнықты қарапайымдылығы ішкі мәдениеттен, кісілік парасаттан туындайтын асқан кішіпейілділігі жан-жақты қалыптасқан азамат-тын. Емтихан қабылдаған кезде де студенттің өресін, білім деңгейін бағалап, кең пейілмен бетіне күле қарап шығарып салатын еді. Ұстазымызбен университет бітіргеннен кейін де Қарағандыда бас қосып, кездесіп тұратынбыз. Қашан көрсең, өзгермейді. Сол баяғы жылы қабақ, жайлы мінез, түсі инабатты қалпынан айнымайды. Әрдайым асқан бауырмалдылықпен өмірдегі аяқ алысынды байқағысы келеді. Жақын тартар жайдары жүзімен амандасып, не істеп, не тыңдырып жүргеніңді сұрайды.

Ағамыз қолына қалам алғалы бері қазақтың мұнын мұндап, жоғын жоқтайтын жан еді. Қызмет еткен жерінде ұлттық рух пен қазақ журналистикасының жаңа лебі есті. Азаттықты аңсаған қазақ жастарының арман-мүдделері айқын көрініп жатты. Ағамыздың көрер жарығы аяқ астынан өшіп қалмағанда әлі талай қазақ жастарының тұлға болып қалыптасуына себепкер болар еді... Амал нешік? Қиялыңдағыны ұмыту оңай, бірақ қимайсың деген сөз де осыдан. Асыл бейне санамыздан еш алыстамақ емес.

Руслан Нұрланұлы:

Кешелі-бері келіп жатқан жыл құстарын көргенімде көңілім кілт бұзылды, Мартбек ағайымның ақжарқын кейпі көз алдымда көлбеңдеп... Ол да дәл осылай, қанатына көктемді қондырған жыл құстарындай сағындыра жеткенде, журналистика кафедрасына ерек құбылыс енгендей еді-ау. Мартбек ағайдан дәріс алған жылдарды өмірімнің ең бір жарқын кезеңдері деп айтар едім. Қызығы мен шыжығы астасқан журналистика әлеміне қаз-қаз басқанда ол бізді қолтығымыздан демеп қана қойған жоқ, өз құқығымыз үшін, әділеттілік үшін күресе білуге үйретті. Ұстаздық қылған қысқа ғана уақыттың ішінде елшіл, ұлтшыл жастардың қуатты толқынын тәрбиелеп шығуы — ағайымыздың бұл көп қырларының бірі болатын. Ұстазымыздың бізді таңғалдырған тағы бір қасиеті — өмірге деген шексіз құштарлығы мен қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсарлығы, табандылығы еді. Соншама жыл жанын жеген дертпен алыса жүріп, өзінің әуелгі ұстанымынан бір сәтке де айнымаған, өмірінің соңғы сәтіне дейін шындық үшін, әділдік үшін, тазалық, шынайылық үшін күресін тоқтатпаған Мартбек Тоқмырза әлемін біз тіршілігінде толық тани алмағанымызды енді түсініп отырмын.

Көктем... Биылғы көктем неге сонша ұзақ күттірді?! Өзі дүниеге келген көрікті көктемге дейін жетсе.., ағайымыз сергіп, еңсесін басқан зіл батпан дертті сілкіп тастап, ақжарқын қалпында қайтадан ортамызға оралар ма еді... Ағайымыз ерекше жақсы көретін, кейіннен біз де (Мартбек ағайдың шәкірттерінің барлығы) жақсы көріп кеткен 1 сәуір күні дәл осылай естелік жазып отырмаған болар едік-ау. Алланың жазуына пендесі қарсы тұра алған ба?! Жаныңа орын жәннаттан болғай жан аға! Сіз көре алмай кеткен қызықтарды Алла соңыңызда қалған қос құлыныңызға, асыл жарыңызға бұйыртқай. Ақиық ақын Абзал Бөкеннің мына бір шумағы дәл сізге арналып жазылғандай екен:

Өмірде алынбаған еншің бар-ды,
Бетке алып жөнеп кеттің өр шыңдарды.
Сұмдықтың бір дауысы артып Сен кеткен соң,
Шындықтың бір дауысы кемшін қалды.

Ардақ Зұлқажапқызы:

Бәрін де қойшы...
Бәрі де өтер тоқтаусыз,
Өмір ме өмір?
Өңбей де өспей, жоқ-барсыз?
Кезегім келіп,
Кеткенде келмес сапарға,
Хабарсыз, ізсіз қалмасам екен жоқтаусыз... — деп, Мұқағали ақын жырлағандай, Мартбек ағам ешқашан ұмытылмайды. Оның ұмытылуына жол жоқ. Артында шаңырағының түтінін түтетер ұрпағы бар болса, адамдық тұлғасын жалғастырар шәкірттері, атың жаңғыртып отыратын халқы бар. Оған да шүкір делік. Өмірден артына қалдырған ізі жоқ, не ауызға алып айтар ісі жоқ талай жандар, мәңгілік сапарға аттанды емес пе?!

Мартбек ағаның адам сүйер, сүйсінер, одан үлгі алар, үйренер талай «бәрекелді» дегізер, игілікке толы ісі болғанын, қазір тізбелеп айтып жатсам, ағаны жақсы білетін көпшілік қауымнан ұят болар. Оның тектілігін, ұлтжандылығын, мәрттігін, азаматтығын бір күн таныс болғандардың өзі жақсы біледі. Біздің өмірден орнымызды тауып, журналистика саласында қалам тербеп жүргенімізге, өлшеусіз еңбек сіңіргендердің бірі де Мартбек аға. Ағалық ақылы мен ұстаздық ұлағаты мәңгі жадымызда жатталмақ. Мартбек ағаның өз қолтаңбасы қалыптасқан сүрлеу жолын үзбеу, оны одан әрі жалғастырып, қазақтың мүддесіне жұмыс істеу бізге парыз. Бұл Мартбек Тоқмырзаның мұраты еді.

5
0
2727

Жаттығу шеңберінде арнайы операция өткізілді

Бүгін Гвардейск гарнизонының «Мәтібұлақ» полигонында «Шоқпар-2013» жедел-тактикалық командалық штабтық жаттығуы шеңберінде шекара заставасын заңсыз қаруланған топтан босату жөніндегі  шартты түрдегі тапсырманы орындау операциясы өткізілді.

Арнайы операцияны өткізу туралы нұсқау жаттығуды ұйымдастырушылардан кенеттен берілді. Жаттығуды ұйымдастырушы қолбасшылық Қорғаныс министрінің жаттығулардың барлық кезеңінде  кенеттен тапсырмалар беріп, кез-келген жағдайда командирлер мен бөлімшелер тез арада шешім қабылдауды үйренуіне дағдыландыру туралы нұсқауын осылайша жүзеге асыруда.
 

Арнайы операцияны ойластырушылардың негізгі ойлары бойынша 15 шекарашысы бар застава мен 20 тұрғын бар елді мекенге кенеттен белгісіз террористік топ шабуыл жасайды. Бұл үшін полигонда шартты түрдегі застава мен елді мекен жасалды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының таулы-егер бөлімшесінің жауынгерлері террористердің ролінде іс-қимыл танытты.
Елді мекенді  террористерден азат ету үшін оған ерекше дайындалған десантты-шабуылдаушылар бригадасы қолданылды. Десантшылар қас-қағым сәтте елді мекенді қоршауға алып, құтқару жұмыстарын жүргізді.
Арнайы операцияны жүргізу барысында жауынгерлердің байыпты  дайындық деңгейлері мен тапсырманы кез-келген жағдайда орындай алатындықтары, сондай-ақ командирлердің жағдайдың тез алмасуы барысында тиімді  әрі нақты шешім қабылдай алатындығы байқалды.
Біз мемлекеттің қауіпсіздігі мүддесі үшін Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері және барлық әлеуетті құрылымдардың өзара іс-қимылын қарулы күреске қарсы пайдаланудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп келеміз. Біздің болашақта жетіле түсуімізді анықтайтын фактор ел Президентінің ұлттық қауіпсіздікке, сонымен бірге  Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына басты назары әрі  заманауй көзқарасы,-деп атап өтті оқу-жаттығудың жетекшісі Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.
«Шоқпар-2013» жедел-тактикалық командалық штабтық жаттығуына «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрылымдары мен бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлері, Әуе қорғанысы күштерінің армиялық авиациясы және басқа да  әлеуеттік құрылымдардың өкілдері қатысуда. Жаттығуға барлығы төрт жарым мыңнан астам әскери қызметшілер тартылған.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Арнайы операцияны өткізу туралы нұсқау жаттығуды ұйымдастырушылардан кенеттен берілді. Жаттығуды ұйымдастырушы қолбасшылық Қорғаныс министрінің жаттығулардың барлық кезеңінде  кенеттен тапсырмалар беріп, кез-келген жағдайда командирлер мен бөлімшелер тез арада шешім қабылдауды үйренуіне дағдыландыру туралы нұсқауын осылайша жүзеге асыруда. Арнайы операцияны ойластырушылардың негізгі ойлары бойынша 15 шекарашысы бар застава мен 20 тұрғын бар елді мекенге кенеттен белгісіз террористік топ шабуыл жасайды.

Бұл үшін полигонда шартты түрдегі застава мен елді мекен жасалды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының таулы-егер бөлімшесінің жауынгерлері террористердің ролінде іс-қимыл танытты. Елді мекенді  террористерден азат ету үшін оған ерекше дайындалған десантты-шабуылдаушылар бригадасы қолданылды. Десантшылар қас-қағым сәтте елді мекенді қоршауға алып, құтқару жұмыстарын жүргізді. Арнайы операцияны жүргізу барысында жауынгерлердің байыпты  дайындық деңгейлері мен тапсырманы кез-келген жағдайда орындай алатындықтары, сондай-ақ командирлердің жағдайдың тез алмасуы барысында тиімді  әрі нақты шешім қабылдай алатындығы байқалды.

Біз мемлекеттің қауіпсіздігі мүддесі үшін Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері және барлық әлеуетті құрылымдардың өзара іс-қимылын қарулы күреске қарсы пайдаланудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп келеміз. Біздің болашақта жетіле түсуімізді анықтайтын фактор ел Президентінің ұлттық қауіпсіздікке, сонымен бірге  Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына басты назары әрі  заманауй көзқарасы,-деп атап өтті оқу-жаттығудың жетекшісі Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.

«Шоқпар-2013» жедел-тактикалық командалық штабтық жаттығуына «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрылымдары мен бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлері, Әуе қорғанысы күштерінің армиялық авиациясы және басқа да  әлеуеттік құрылымдардың өкілдері қатысуда. Жаттығуға барлығы төрт жарым мыңнан астам әскери қызметшілер тартылған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


 
0
0
471

Алматинская область продолжает искать претендента на титул «Қазақстан Барысы»

Информация пресс-службы

Фонда развития қазақ күресі «Қазақстан Барысы»

 

Алматинская область продолжает искать претендента

на титул «Қазақстан Барысы»

 

Еще одни кандидаты на звание «Қазақстан Барысы» определились вБалхашском районе Алматинской области. Теперь Айдар Ерубаев (2 место) и Канат Сулейменов (3 место) готовятся к областному отборочному этапу под название «Жетісу Барысы». Победитель турнира Балхашского района Абай Алимхан (с.Баканас) в виду травмы снял свою кандидатуру с участия в следующем этапе.

Кайыржан Сулейменов, Макат Даутжан и Бейбіт Сабитұлы в поселке Жансугуров Аксуского района показали, что они безоговорочно достойны участия в областном этапе, а может и стать победителями.

Сарканский район будут представлять М.Кенжебаев, Б.Хасенов, Ж.Толеухан и А.Туркебаев. Титул «Сарқан Барысы» получил М.Кенжебаев.

г.Текели определил своего «түйе палуана». В финальной схватке двух братьев Кутымбетовых, Бакытжан всего немного уступил старшему Бауыржану. Куаныш Аязбаев и Айдос Журбаев поделили между собой третье место.

Уйгурский район на областном отборочном этапе представит Арман Шабербек, который обошел своего земляка Дархана Нурпеисова из с.Шонжы. Третьими стали Дамир Сыдыков из с.Улкен Аксу и Ернар Ауылбеков из с.Сумбе.

А.Гожамзаров, Ж.Кожаканов, Д.Нурсалын и Н.Ибрагимов  будут отстаивать честь Панфиловского района Алматинской области.

Райымбекский район один из первых провел свой первый отборочный этап среди 23 сельских округов, и уже сегодня может говорить о результатах второго этапа. В с.Кеген определился «Райымбек ауданының Барысы». Данный титул оставил за собой Думан Сагындыков, житель с.Кеген. Алгазы Нурсултан и Айбек Берикбаев заняли второе и третье места соответственно. Думан и Алгазы представят Райымбекский район на областном отборочном этапе.

Поздравляем победителей и ждем следующих побед!

 
0
0
612

«Қазақстан Барысы» продолжает завоевывать сердца

 

Информация пресс-службы

Фонда развития қазақ күресі «Қазақстан Барысы»

 

«Қазақстан Барысы» продолжает завоевывать сердца

 

В центре Казалинского района Кызылординской области, поселке городского типа Айтике-Би были озвучены имена победителей отборочного турнира «Қазақстан Барысы» на призы Президента РК Н.А.Назарбаева.

90 человек соревновались в «искусстве быть первым» показывая профессиональный захваты и броски. Титул «Түйе палуан» был присвоен Мейрону Уразову из пгт. Айтике-Би.

Обладатель титула «Алтын белбеу» г.Аркалыка Г.Балкынбаев тоже готов бороться в третьем отборочном этапе в Костанайской области.

На ковер предфинального этапа Павлодарской области выйдут и представители Успенского района области. Среди 73 представителей 5 сельских округов В.Щербань из с.Конырозек стал сильнейшим.

Еще один номинант на титул «Жетісу Барысы» был определен вАлматинской области. 24 палуана из 12 сельских округов Талгарского района мерились силами в районном дворце культуры «Кайрат». 2 представителя Нуринского сельского округа Курал Самалиев и Батыр Токей не только обеспечили себе выход в третий отборочный этап престижного проекта, но и увезли в свой сельский округ 150 тысяч тенге на двоих (1 место – 100 тысяч тенге, 2 место – 50 тысяч тенге).

Шанс быть в третьем этапе «Қазақстан Барысы» разыгрывался и среди 138 палуанов, успешно прошедших первый отборочный этап Ордабасинского района Южно-Казахстанской области. Әділжан Ыстыбаев и Бақыт Көлбай станут представителями Ордабасинского района в предфинальных поединках. Поможет ли звучная и титулованная фамилия Адильжану «увидим на ковре».

Поздравляем!

 

 
0
0
391

Жеті минутта 14 көйлек ауыстыратын сиқыршы Алтынай Байтоқанова өмірден өтті

АСТАНА. 30 наурыз. Baq.kz - Әлемнің үздік сиқыршы трансформерлерінің ондығына кірген қазақстандық Алтынай Байтоқанова өмірден өтті.

 

Қазақты әлемге танытып жүрген ерекше өнер иесі Алтынай Байтоқанова былтырғы жылдың соңында Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен болатын. 
Алтынай Байтоқанова 1972 жылы бұрынғы Жезқазған облысының Жезді ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Журналист, телерадио жүргізушісі, цирк менеджері, бағдарлама жүргізушісі, сондай-ақ әлемнің бірқатар елдерінде иллюзионист болып еңбек еткен. Соңғы жылдары «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді. Ол көптгене әлемдік байқауларға қатысып, иллюзионистік жанрдың шебері ретінде талантына бас игізді. Оның өнерін Швейцария, Грекия, Италия, Польша, Түркия, Қытай және өзге де көптеген елдерде көрермендер ықыласпен тамашалады. Былтыр ғана Қытайда өткен Халықаралық иллюзионистер байқауының бас жүлдегері болды.

Жалпы, ол көрсеткен көріністер шын мәнінде нағыз сиқырға толы. Ол сахнадағы 7 минут ішінде 14 көйлек ауыстырып үлгеретін. Ол «Өмір-өзен» телебағдарламасын жүргізді.
Әлемді мойындатқан аса талантты қызының қазасына ортақтасып, күллі Қазақстандықтарға көңіл айтамыз.

 
0
0
1118

HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!

iFixit-тегі жігіттер HTC One смартфонын, ішін көру үшін, толық ақтарып шықты. Бұл смартфонның корпусы монолитті алюминийден жасалғанын білеміз. Бірақ бұл кереметтің де біраз кемшіліктері бар екен.

 

Желімін ажыратқаннан кейін де экранды бірден ала алмайсыз. Ажырататын қосымша, немесе бұранда да жоқ.

 

Ал ішіне кіру үшін, корпусты сындырудан басқа амал болмаған. Егер сіз, қандай да бір кішігірім бөлігін жөндеткіңіз келсе, қосымша корпусқа шығындануға дайын болыңыз.

 

Ал іші әдеттегідей емес. Барлығы қабықшамен және мыспен қапталған. Ал мыстың кемшілігі, оның майысып қалып, қайта орнына келмеуі.

 

Ең бірінші кезекте аналық тақшаны (материнская плата) ала аламыз.

 

Қызыл шаршымен төрт ядролы 1.7 ГГЦ жиілігі бар, Qualcomm 600 процессоры белгеленген. Сарғылт түспен - 32 Гб Samsung флэш жады, сары түспен қореқ беру контроллері, жасыл түспен - GSM/UMTS/LTE - ге арналған Qualcomm модемі, көк түспен - Synaptics, сенсорды басқару чипі, күлгін түспен - TriQuint сингал күшейткіші ал қара түспен (оң жақта, ортасында) - Wi-Fi, Blutetooth және FM - радиоға арналған Broadcom модулі белгіленген.

 

Міне 2.3 Ас сиымдылығы бар аккумулятор. Әдетте ең бірінші алынатын еді, бұл жолы толығымен керісінше, ең соңғы алынып отыр.

 

iFixit үкімі өте нашар. Бұл өнімді 10 баллдық межеліктен 1 (10 өте оңай жөнделеді) деген баға берді.

Бұндай баға берген себебі түсінікті, өйткені, егер де сіз ішкі бөліктен қандай да бір бөлігін жөндейтін болсаңыз, міндетті түрде корпусты құртуға тура келеді. Ал бұл қосымша шығынға және көптеген қиындықтарға алып келіп соғады.

Үкім

Алайда смартфон сипаттамасы өте жақсы. Егер осы өнімді алу жайлы ойлап жүрсеңіз, міндетті түрде сенімді жерден және кепілмен алыңыз. Бұзылған жағдайда, шыған аз болмайды. Мүмкін жақында бұл смартфонға шолу жасап қалармыз, сол кезде толық артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып шығамын.

Түпнұсқа: HTC One Teardown

(c) Toiguliev Alisher, SmarShow үшін

3
3
1237

Бал биінің тарихы қайдан бастау алады екен?

ДОСТАР))БАЛ БИІНІҢ ТАРИХЫ ҚАЙДАН БАСТАЛАДЫ ЕКЕН?

Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16 — 17 ғасырлардаФранция бұл бидің шын мәніндегі отанына айналды. Бал биі әр елде түрлі ұлттық өрнекке ие болып, үздіксіз өзгеріп отырды. Оның көпшілік арасында кең өріс алған бурре, гавот, аллеманда, жига, сарабанда сияқты түрлері пайда болды. Бұлардың ішінен, әсіресе, менуэт кең танылды. 1961 жылыПарижде Би академиясы ашылып, ол Бал биінің стилін (еркін биге тыйым салу, салтанаттылық, бишілердің дәрежесіне сай белгілі тәртіпті сақтау, т.б.) жүйеге түсірді. Осыдан кейін би мектептерінде Бал биінен арнаулы сабақ өтетін болды. 18 ғасырда паспье, мюзет, ригодон, контрданс, экоссез, лендлер сияқты еркін орындалатын жаңа билер шықты. Бал биі одан әрі дамып, лендлер, галоп, канкан, мазурка, полька, полонез сияқты түрлері жер-жерге тарады. 19 ғасырдың ортасында вальс — Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды. 19 — 20 ғасырларда Бал биінің дамуына Оңтүстік және СолтүстікАмерика елдері елеулі үлес қосты: вальс-бостон, тустат, уанстеп, блюз, фокстрот,чарльстон, т.б. билер пайда болды. Қазақстанда Бал биі саласы бойынша Алматыжоғары би өнері мектебі арнаулы мамандар, бишілер даярлайды. Вальс,жай вальс,танго, твист, мазурка, полька, полонез, фокстрот, чарльстон, краковяк, т.б. билер кең өріс алған.

 
1
1
1891

Бал биінің тарихы қайдан шыққан екен?

ДОСТАР))БАЛ БИІНІҢ ТАРИХЫ ҚАЙДАН БАСТАЛАДЫ ЕКЕН?

Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16 — 17 ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі отанына айналды. Бал биі әр елде түрлі ұлттық өрнекке ие болып, үздіксіз өзгеріп отырды. Оның көпшілік арасында кең өріс алған бурре, гавот, аллеманда, жига, сарабанда сияқты түрлері пайда болды. Бұлардың ішінен, әсіресе, менуэт кең танылды. 1961 жылы Парижде Би академиясы ашылып, ол Бал биінің стилін (еркін биге тыйым салу, салтанаттылық, бишілердің дәрежесіне сай белгілі тәртіпті сақтау, т.б.) жүйеге түсірді. Осыдан кейін би мектептерінде Бал биінен арнаулы сабақ өтетін болды. 18 ғасырда паспье, мюзет, ригодон, контрданс, экоссез, лендлер сияқты еркін орындалатын жаңа билер шықты. Бал биі одан әрі дамып, лендлер, галоп, канкан, мазурка, полька, полонез сияқты түрлері жер-жерге тарады. 19 ғасырдың ортасында вальс — Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды. 19 — 20 ғасырларда Бал биінің дамуына Оңтүстік және СолтүстікАмерика елдері елеулі үлес қосты: вальс-бостон, тустат, уанстеп, блюз, фокстрот,чарльстон, т.б. билер пайда болды. Қазақстанда Бал биі саласы бойынша Алматыжоғары би өнері мектебі арнаулы мамандар, бишілер даярлайды. Вальс,жай вальс,танго, твист, мазурка, полька, полонез, фокстрот, чарльстон, краковяк, т.б. билер кең өріс алған.

0
0
1228