Мазмұнға өту

Жаңа

12 жасар қазақстандық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионы атанды


12 жастағы қазақстандық — Никита Тымченко ҰПҚ нұсқасы (Ресейдің Ұлттық паурлифтинг қауымдастығы) бойынша әлем чемпионы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазан айының басында Екатеринбургте қүш сынасу спорт түрі бойынша «Алтын жолбарыс» дәстүрлі фестивалі өтті. Ол жеті жыл қатарынан өтіп келеді, және осы жолы оған үш мыңнан астам спортшы қатысып, ал көрермендер саны он мыңнан асып жығылды. «Алтын жолбарыс» «Арнольд Классик Еуропаны» басып озып, Еуропадағы осындай жарыстардың озығы болып саналады.

Турнир шеңберінде ҰПҚ нұсқасы бойынша әлем чемпионаты өткізілді.

Қарағандыға жақын орналасқан Теміртаудың үш спортшысы бірдей Екатеринбургте чемпион атанды. Қазақстан қауымдастығының өтініші бойынша жарысқа қатыстырылған 12 жастағы Никита Тымченко 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өз салмағын көтеріп, тинэйджерлер арасында (14-15 жас) «алтынды» женіп алды.

Оның әкесі — Сергей Тымченко — 40 жастан 44 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан «Мастерс-1» ардагерлер дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Тымченконың әкесі бірден үш алтын медальді қоржынына салды. Сондай-ақ, ардагерлер арасында оның жерлесі Рафаил Валиуллин де қатысып, «алтын» олжалады.

Тымченконың әкесі қазіргі уақытта қазан айының аяғында Прага қаласында өтетін WPC нұсқасы бойынша әлем чемпионатына дайындалып жатқанын атап айтамыз.

 
0
0
431

Футболдан Еуропа чемпионатының іріектеу додасындағы Қазақстан мен Беларусьтің жастар құрамасы арасындағы ойын 1:2 есебімен аяқталды


Еуропа чемпионатының іріктеу додасындағы Қазақстан мен Беларусь құрамалары
Алматыдағы Орталық стадионда футболдан жастар арасында 2015 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасындағы Қазақстан мен Беларусь құрамаларының алғашқы кездесуі өтті.

Онда Сергей Боровский жаттықтыратын алаң қожайындары қонақтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Үш доп та ойынның алғашқы жартысында соғылған болатын. Игорь Ковалевич баптайтын беларусьтар бірінші боп есеп ашып, есеп теңескеннен кейін де оны жылдам өзгертуге қол жеткізді. Соның нәтижесінде сырт алаңнан ұпай олжалаған беларусьтар турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Енді қазақстандықтар келесі ойынын сырт алаңда 14 қазанда Армения құрамасымен өткізеді. Олар Ереванға Алматыдан 12 қазанда аттанатын болады.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
348

«Барыс» мәскеулік «Динамоны» тізе бүктірді


«Барыс» хоккей клубы
«Барыс» хоккей клубы өз алаңында мәскеулік «Динамоны» жеңді.

Бұл ойында төрешілердің мәскеулік командаға болысқаны барынша байқалды. Екінші кезеңде қарсыластар есепті бірінші болып ашса да, «Барыстың» хоккейшілері біраз арпалысып, таразы басын теңестіре білді. Алайда кезеңнің аяқталуына санаулы уақыт қалғанда, төрешілер болмашы жерде астаналық клубтың ойыншысына екі минуттық айып тақты. «Динамо» бір хоккейшіге артық ойнап, тағы бір шайбаны соғып кетті. Есеп — 2:1. Осымен екінші кезең де аяқталды. Үшінші кезеңнің басында төрешілер «Барыстың» екі бірдей ойыншысын мұз айдынынан аластатып, мәскеулік клубқа үшінші шайбаны салуға мүмкіндік берді. Есеп — 3:1. «Барыстың» еңсесі түсіп, сағы сынғандай болды. Алайда он минуттың ішінде астаналық клубтың хоккейшілері нағыз батылдық танытты. Роман Савченко есеп айырмасын қысқартса, команда капитаны Дмитрий Уппер таразы басын теңестірді. Сонымен ойынның негізгі уақыты да аяқталды. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит сериясында «Барыс» бірден алға шықты. Қарсыластар да қалмай, есепті теңестіріп отырды. Бірақ Дастин Бойдтың дәл тигізген соққысынан кейін, қақпашымыз Виталий Еремеев қарсыластардың буллитін шебер қайтара білді. Соның арқасында «Барыс» бір шайбамен алға шығып, мәскеулік «Динамоны» 4:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, осы матчтан кейін «Барыс» хоккей клубында 31 ұпай бар. Жалпы турнирлік кестеде команда үшінші орында келеді. «Динамо» болса, Астанадағы ойында қанағат тұтқан бір ұпайдың арқасында екінші орнын сақтап қалды. Дегенмен, астаналық клубтың бір ойынға кем ойнағанын ескерсек, мәскеулік клубтың алдын орап кетуге әлі талай мүмкіндік болады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
484

«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді


«Қазақстан» мен  «KAZспорт» телеарналары Ирландия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы республикалық спорттық«Sports.kz» интернет-порталына «KAZспорт» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп хабарлады.

- Қазақстан құрамасының Ирландия құрамасымен қонақтағы матчы 15 қазанда өтеді, Астана уақытымен 00:45-те «Қазақстан» және «KAZспорт» біздің құраманың сырт алаңдағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Біз бұл ойынға құқықты сатып алдық және оны біздің жанкүйерлерімізге көрсетеміз,- деді Д.Ахметшәріп.

 
0
0
399

Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО сержанттары тәжірибе алмасты

Қазақстан мен НАТО арасындағы 2013 жылғы ынтымақтастық пен әріптестіктің дербес бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес Құрлық әсерлері Әскери институтының базасында ҚР ҚК сержанттар корпусының өкілдері НАТО біріккен қолбасшылығы штабының сержанттар құрамымен кездесті.

Кездесу семинар түрінде өткізілді. Меймандар Солтүстік атлантика альянсының құрылымы мен қызметі туралы таныстыру лекциясын өткізді. Сондай-ақ, олар қазақстандық әріптестерін НАТО басшылығы жүргізген операциялармен, өздерінің жұмыс істеу әдістемелері және қызмет ерекшеліктерімен таныстырды.

Кездесу барысында қазақстандық сержанттар Қазақстан Қарулы Күштеріндегі сержанттар корпусының дамуы туралы ақпараттарын бөлісті. Сержанттар құрамы Қарулы Күштер басшылық құрамының айтарлықтай көп бөлігін құрайды және әскерлердің басқару жүйесінің бастапқы буыны болып табылады. Бөлімшенің жауынгерлік дағдысы сержанттардың беделіне, олардың жеке дайындығына, жеке құрамға үлгі болып, олардан талап ете білуіне байланысты.

Бүгінде Қазақстан сержанттары әртүрлі техникалық мамандықты игерген, қазіргі заманғы қару-жарақ пен техниканы меңгеріп қана қоймай, психологиялық және педагогикалық білімі қалыптасқан, қажет кезінде офицерлерді ауыстырып, бөлімшеге қойылған тапсырмаларды орындауға қабілетті мамандардан тұрады.

Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО бірікен күштері қолбасшылығы штабы сержанттарының кездесуі мазмұнды өтті. Тараптар пікір алмасу кезінде күнделікті қызметтері бойынша өзара тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар кездесу олардың ой-өрістерін кеңейтіп, алдағы жұмыстарына қажетті тәжірибе бергенін айтты.

Strategy2050.kz

0
0
568

Астана: Қазіргі заман өнер мұражайы

Астана қаласындағы Қазіргі заман өнер мұражайы 1980 жылғы 2 қазанда ашылған. Отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған.

Мұражай негізгі үш зал мен қосымша көрме залынан тұрады. Небәрі тоғыз ғылыми қызметкер Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония және Тәжікстан суретшілерінің шығармаларымен жұмыс жасайды.

Өнердің барлық түріне қызығатын жандар үшін мұражайда фортепиано да бар.

Суреттерді сақтау орындары

Суреттерді сақтау үшін сақтау орындарында арнайы температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейі қамтамасыз етіледі.

Мұражайда "Цветная азбука" атты үш жастан тоғыз жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-студия жұмыс істейді.

Қазіргі заманғы өнер мұражайы қаладан алшақ жерлердегі балабақша, мектептер мен әскери бөлімдерде жылжымалы көрме ұйымдастыру тәжірибесін бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келуде. Бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендерді қайта әлеуметтендіру бағдарламасы бойынша да зор жұмыс атқарылуда, мұражай абақтыларда да жылжымалы көрме ұйымдастырудан басқа, лекциялар оқиды, мастер-кластар өткізеді және шығармашылық сайыстар жасауда қол ұшын береді.

Жоғарыда аталған шаралар жайында ЮНЕСКО сарапшысы Нина Кочеляева Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайына барған мәдени сапарында бұндай тәжірибе құндылығының аса жоғары екендігін ерекше атап өтті.

Жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі. Қазір мұражайда "Қазақстанның алғашқы суретші әйелдері" атты көрмені тамашалауыңызға болады. Қазанда "Теплые цвета Армении" көрмесі, қарашада суретші Асғат Диникеевтің жеке көрмесі ашылады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 3.

Жұмыс уақыты: сағат 10:00 мен 19:00 аралығында, күнделікті (дүйсенбіден басқа)

Кіру: Ересектерге 200 теңге, балаларға 60 теңге. Соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кіру тегін. Зейнеткерлерге 50% жеңілдік бар.

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова

Материалды өзге сайттарға көшіруге редакцияның рұқсатынсыз жол берілмейді

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

«Ғылым ордасындағы» Сирек кездесетін кітаптар мұражайына фото шолу

«Ғылым Ордасындағы» Табиғат мұражайына фото шолу

Жамбыл Жабаевтің мұражай-үйіне фото шолу

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі

Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйі

Астана: «Has Sanat» өнер галереясы

Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы

5
0
16902

Жаңа ән/Новый трек/New track «КҮЛІМДЕ»

Всем привет! Почти 2 месяца назад мы с Диасом записали наш совместный второй трек. Трек решили на гос.языке записать, так как наш пред.трек был на русском. Почему так поздно релиз в сети? Потому что мальчики предлагали перезаписать и все такое, так и не получилось. Думаю вам понравится.. ^

Диас Майкеев, MoLya, Жарас - Күлімде

Музыка: Azugla [B.key]

Слова: Gulsara Marat

Запись: Truman [AshQazaQpro]

Обложка: Шакарим Абдрахманов [A.S CREATIVE DESIGN]



Прослушать или скачать Күлімде бесплатно на Простоплеер

Скачать можно здесь и zaycev.net

Ну как??? в комментах...

Twitter/instagram: @kmolya ;))


2
2
1249

Қаржы полициясы агенттігінде пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өтті

Ағымдағы жылғы 10 қазанда қаржы полициясының ресми өкілі М.Жұманбай пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өткізді.
Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көріністерінің бірі болып табылады.
Қатаң қылмыстық жауапкершілікке пара алатын шенеуніктермен қатар пара беретін тұлғалар да тартылады.

Пара бергені үшін қылмыстық заңнамамен ең ауыр жаза ретінде мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Пара берген адам, егер оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қаржы полициясы парақорлықпен, оның ішінде пара берумен күресті күшейтті.
Мәселен, егер өткен жылы пара беру фактілері бойынша қаржы полициясы 97 қылмыстық іс қозғаса, ағымдағы жылдың 8 айында осындай 132 қылмысты анықтады.
Қаржы полициясына оларға пара бергені туралы хабарлап жүгінген лауазымды тұлғалардың саны артуда. Қаржы полициясы бұл арыздар бойынша пара берушілерді жауапқа тартуға қажетті шараларды қабылдауда.
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында қаржы полициясы қызметкерлеріне пара ұсынатын тұлғалар да аз емес.
Бұндай жағдайда, олар пара беру үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі. Егер пара беру ұсынысы тоқтамаса, аталған тұлғаларға қатысты кейін оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін заңға қайшы іс-әрекетін бекіту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.
Соңғы бір жарым жылда қаржы полициясы органдарында жүргізілген өз қатарларымызда адал емес қызметкерлерден тазалау жұмысы мен өткен жылы өткізілген кезектен тыс аттестаттау нәтиже бере бастағанын атап өтуіміз керек. Оған келесі статистика куә.
Мәселен, егер 2012 жылы біздің қызметкерлердің оларға пара беру ұсыныстары түскендігі туралы баянаттары бойынша 12 қылмыстық іс қозғасақ, 2013 жылдың 8 айында ғана біздің қызметкерлердің арыздары бойынша қаржы полициясына пара берудің 23 фактісінің жолы кесілді.
Агенттік басшылығымен ведомства қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы ынталандырылады және марапатталады.
Алматы облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері қаржы полициясының подполковнигі Бабаханов пен қаржы полициясының капитаны Бұқабаев Агенттік Төрағасымен ведомствалық наградалармен марапатталды.  
Сонымен қатар, қаржы полициясы органдарында қызмет атқаруда қайтпастық танытқан және пара берушілерді әшкерелеуде жәрдемдескен қызметкерлерді көтермелеудің басқа да нысандары қолданылады.
Жас қызметкерлерді моральдік ынталандыру ретінде парадан бас тартқан қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар жіберу тәжірибесі қалыптасқан.
2012 жылы қаржы полицейлеріне пара ретінде ұсынылған 70 мың АҚШ доллары мен 720 мың теңге тәркіленсе, ағымдағы жылдың 8 айында пара берушілер қаржы полициясы қызметкерлерін жалпы сомасы 284 мың АҚШ долларына және 17 млн.теңгеге сатып алмақ болған.
Адамдардың басқа тұлғалардың арандатуларына еріп пара беруге келіскен жағдайлары жиі кездесуде.
Пара беруге айдап салу фактілері бойынша 2012 жылы 29 қылмыс анықталды, ағымдағы жылғы 8 айда – 44.
Азғырушылар азаматтарды пара беруге көндіру арқылы олардың ақшалай қаражатын иемденуді мақсат етеді.
Ағымдағы жылғы 8 айда парақоролықта делдалдық фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды.
Агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:http://finpol.gov.kz/kaz/info/vist/?cid=0&rid=9831

 
0
0
373

Қазақтар неге ұйықтауда?

Тәуелсіздік алғанымызға бұйыртса биыл 22 жыл болады. Біз өзге елдермен терезі тең, бостандығы шектеусіз елміз. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздан қалған ұлттық әдет-ғұрып, мәдениетіміз біз үшін алтын мұрадай. Осы мұрада қазақтың дәмді тағамдары мен сан алуан астары да бар. Атап айтсақ, мысалы сүт өнімдерінен: айран, шұбат, қымыз, құрт т.б. Алайда уақыт өте біз осы ұлттық тағамдарымыздан айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Әрине, көпшілігінде «неге?» деген сұрақ туындайды. Мен жауап беремін. Біз ұйқыда жатқанша, шет елдер біздің ұлттық тағамдарымызды потенттеп, өздеріне тартып алып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын Германия елі қымызымызды потенттеп алды. Кейін келіп, қазақтың қымызын қалай жасайтындығы туралы қазақтың өзіне дәріс оқыды. Осы жылы тағыда сол Германия қазағымыздың құртына да қол созыпты.

Егер осылай қазақи тағамдарымызды бүкіл әлемге беріп қойсақ, ертеңгі күніміз не болмақ?! Өзге елден немен ерекшеленеміз, қазақи атымызды қалай танытамыз?! Құртымыз бен қымызымызды біреуге бере салсақ, бізден кейінгі ұрпақ сол құрт пен қымыздың қазақтікі  екенін білмей де қалады ғой.

Бүгінгі таңда елдің бәрі экономика және бизнесті оқып, меңгеруде. Мемлекетімізде сан түрлі бизнесмендер толып жатыр. Олай болса неге шет елдер бірінші болып біздің тағамдарымызды потенттейді, ол біздің ұлттық құндылығымыз ғой. Неге бірінші болып өнімді бүкіл әлемге экспортқа шығаратын зауыттарды ашады, оны біз істеуміз керек емес пе?!  Ол біздің қымыз, біздің құрт, қазақтар, ояныңдар. Бізді тонап жатыр!

 
0
0
870