Мазмұнға өту

Жаңа

Нобель сыйлығы Элис Мунроға бұйырды

Элис апай Канада тарихында Нобель сыйлығын иеленген алғашқы жазушы. Сыйлық "заманауи әңгіменің шебері" (master of the contemporary short story) деген ерекшелеумен берілді. 2009 жылы Мунро Букер сыйлығын алған екен.

Соңғы жылдары Элис Мунро Нобель сыйлығына бірнеше рет үміткер еді және биылғы жылы букмекерлердің фавориті болды. Алайда, дәл 10 қазан күні Ladbrokes атты букмекерлік кеңсенің фавориті белорусс жазушысы Светлана Алексиевич болып шықты, ал Мунро тек төртінші орында тұрды.

Биылғы жазда 82-толған Элис әдебиеттен кетемін деген мәлімдеме жасаған болатын. «Қымбатты өмір» (Dear Life) атты әңгімелер жинағы 2012 жылы жарияланды да, осымен Элистің соңғы кітабы болып саналды.

Ағылшын тілді әдеби өмірде Элиске берілген мінездемелерден ең танымалы — «біздің Чехов» (бұл сөздің авторы — нью-йорктік жазушы Синтия Озик). Нобель комитеті де осы пікірмен келіскендей, Элисті әңгіменің шебері деп атады.

Чехов сияқты Мунро да бірде-бір роман жазған емес, алайда шығармаларының тереңдігі романдардан кем емес.

Ал сіз Нобель сыйлығын қай жазушыға ұсынар едіңіз?

Ұқсас материал: Нобель сыйлығы кімге бұйырады

4
1
954

Астанада екі адамды өлтірген қылмыскер ұсталды

Астана қаласы ІІД полициясының сержанты өмірін қатерге тігіп, аса қауіпті қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/E86977EBE107275BE044002655122E6A

 
0
0
378

Қазбриг «Мызғымас бауырластық-2013» халықаралық жаттығуына қатысуда

Бүгін Ресей федерациясы Қарулы Күштерінің Шұбаркөл полигонында ҰҚШҰ аясында бірлескен «Мызғымас бауырластық-2013» халықаралық жаттығуының қорытынды кезеңі басталды.

Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінен құралған коалициялық топтың әскери контингентінің құрамында жаттығуға қазақстандық бітімгерлік Қазбриг бригада да қатысады.

Практика жүзінде Іс-қимылдар қайырымдылық көмекке арналған жүктерді қабылдап алып белгіленген жерге жеткізуді ұйымдастырудан басталды. Жаттығудың мәні бойынша көп ұлтты топ өкілдері бітімгерлің операцияларды осылай бастайды. Бірақ тапсырмаларды орындау кезінде жаттығуды ұйымдастырушылар тарапынан жасанды түрде қиындықтар туғызылады. Жаттығудағы шартты түрдегі қиыншылықтар  шын мәнінде болатын жағдайға жақындатылғандықтан бітімгерлерден әскери шеберлік пен білім, мол тәжірибе талап етіледі.

Операцияларды жүргізу барысында контингенттер экстремистік топтардың белсенділігі байқалған ауданды қшаулап, сондай-ақ бақылау өткізу пункттерін қойды. Қазақстан Аэроұтқыр әскерлері Қазбриг бөлімшелерінің күшімен ұтқыр бақылау өткізу пункттеріне – әуе патрулі әдісі қолданылды. Әскери сарапшылар әуе патрулі әдісін табысты қолдана білгенде мұндай әдістер бітімгерлік операциялардың жемісті аяқталуына септігін тигізетіндігін атап өтті.

Бүгін жоспарланған төрт тактикалық эпизодтың үшеуі жүзеге асырылады. Қазақстандық әскери қызметшілер жаттығудағы аталған эпизодтардың барлығына қатысады. Қазақстандық әскери қызметшілер жаттығу барысында қайырымдылық көмекке арналған жүктердің келуі кезінде белгіленген ауданды оқшаулап күзету, қайырымдылық көмекке арналған жүктер тиелген колонналарға жасалған шабуылға тойтарыс беру, жергілікті елді мекендерді, бақылау өткізу пункттеріндегі жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау сияқты тапсырмаларды орындады.

– Қазақстан армиясының бөлімшелері кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті әрі жақсы дайындалған. Қазақстандық әскери қызметшілермен жұмыс істеу өте ыңғайлы, себебі командирлердің біліктілігі жоғары, ал сарбаздар бұл жаттығуларға жақсы дайындалған,-деп Қазбригтің іс-қимылына жоғары баға берді оқу-жаттығу командирінің тәжірибе жөніндегі орынбасары полковник Рамиль Гилязов.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
405

Біз халықаралық «Тур Алматы» веложарысын жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз — А. Есімов


Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Олимпиада чемпионы Александр Винокуровты қабылдады. Кездесуде «Тур Алматы» веложарысының қорытындылары әңгімеленді.

«Александр Винокуров Алматы әкіміне Қазақстанда алғашқы велотур өткізуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Ол аталған спорттық шараның халықаралық спорттық қоғамдастықта оң өзгеріс туғызғандығын жеткізді.

UCI эксперттері атап өткендей, трасса мен жарысты ұйымдастыру өте жоғары деңгейде болды. Велоспорт әлеміндегі мұндай есте қаларлық оқиғадан кейін бұдан да жоғары жарыстарды өткізуге мүмкіндігіміз мол», — деді Александр Винокуров.

Александр Винокуров 2017 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге ең қолайлы орын Алматы деп атап өтті.

«Әкім ретінде маған қалалықтардың бұл спорттық шараға деген оң көзқарасын бақылау әрі аңғару жақсы әсер қалдырды. Олардың бойын мақтаныш сезімі кернеп, қазақстандық командалар үшін жанкүйер болды. Бұдан былай «Тур Алматы» веложарысын жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Ахметжан Есімов.

Бүгін қала басшысы UCI кеңесшісі Джек Ватсоннан ерекше хат алды. Ол өзінің хатында Велосипедшілер Халықаралық Одағының комиссар президентінің веложарыстың өтуіне өте риза екендігін жазыпты.

«Мен «Тур Алматыны» өзім қатысқан веложарыстардың ішіндегі ең қауіпсіз әрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық шара ретінде қабылдадым», — деп атап өтіпті UCI комиссар-президенті атынан Джек Ватсон.

«Тур Алматы» — UCI аясында өткен бір күндік 1,2 категориядағы веложарыс. Оған әлемнің 20 елінен 20 команда қатысты. «Тур Алматының» жеңімпазы — қазақстандық құраманың ойыншысы Максим Иглинский. Екінші орында — Сонни Солберелли Bardiani Valvole — CSF Inox-тан, үшінші орындв қазақстандық Руслан Тілеубаев иеленді.

 
0
0
418

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалына қатысушылар анықталды

Теміртауда 2-7 қазан күндері волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі өтті. Онда 10 команданың арасынан үздік шыққан 5 команда 16-23 қазан күндері болатын ширек финалдық ойындарға жолдама алды.

Енді «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»( Өскемен), «Қостанай» және «Металлург АМТ» (Теміртау), «Қуаныш және К» (Солтүстік Қазақстан облысы) волейболшылары «Астана», «Алматы» және «Ертіс-Қазхром»(Павлодар) командаларымен бірге жартылай финалға шығуға таласады. Олардың қатарын соңғы жылдары ел чемпионаты мен кубогының иегері болып жүрген «Жетісулықтар» (Талдықорған) толықтырмақ.

«Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Жетісу», «Астана» — Ұлттық лигада өнер көрсететін ұжымдар. Ал «Қостанай» Жоғары лиганың «А» дивизионында, «Қуаныш және К» оның «Б» дивизионында бақ сынап жүрген командалар.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
278

Жағажай волейболынан «Гранд Слам» әлемдік турында Қазақстан құрамасы негізгі кезеңді бастады

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жағажай волейболынан «Гран Слам» әлемдік турының кезеңдік жарысы өтуде. Бүгін жарыстың негізгі кезеңінің сайыстары басталды.

Бұл сында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Польша спортшыларымен кездессе, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова АҚШ және Бразилия спортшыларымен 2 ойын өткізуде. Ал кеше дәрежелік 1-кезеңде украиндықтарға 0:2 есебімен ұтылып, 41-орынға табан тіреген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов рейтингтік қоржынына түскен 80 ұпайды қанағат тұтты. Олар биылғы маусымда жалпы 10 жарысқа қатысып, 8 рет 41-інші, 1 рет 25-інші, 1 рет 17-ініш орын алып, рейтингтік қоржындарына 1050 ұпай сала алды.

Ертең енді ел құрамасының үздіктері саналатын Т.Машкова мен И. Цимбалова нидерландылықтармен, А. Сидоренко мен А.Дьяченко Пуэрто-Рико және Латвия елінің шеберлерімен күш сынасатын болады.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
258

«Шахтер» және «Ордабасы» жаттықтырушылары бірі-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады


Виктор Кумыков және Виктор Пасулько

«Шахтер» және «Ордабасы» футбол клубтарының бас жаттықтырушылары Виктор Кумыков және Виктор Пасулько Қазақстан футбол қауымдастығының ресми сайты арқылы ҚР чемпионатының XXIX турындағы ойын аяқталғаннан кейін болған оқиға үшін бір-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады.

Атап айтқанда, В.Пасулько жарыстан кейін өткен мәжілісте «Шахтёр» командасына қатысты айтқан сөздері үшін, ал В.Кумыков аттасының айтқан сөздерінен кейін ұстамсыздық танытқаны үшін кешірім сұрады. Бапкерлердің татуласуына байланысты В. Пасулько В. Кумыковты жазалау туралы жазған арызын қайтарып алды.

«Шахтер» және «Ордабасы» командаларының жетекшілері арасында Қарағандыда өткен Қазақстан премьер-лигасының 29-шы турының жарыстары аяқталғаннан кейін жанжал туған. Жарыс 3:0 есебімен қарағандылықтардың жеңісімен аяқталды. Жарыстан кейін өткен баспасөз мәжілісінің соңында В. Пасулько өзін В.Кумыков оның командасы стадионнан шығып бара жатқан кезде ұрып жіберді деп мәлімдеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
308

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы — мәскеулік «Динамо»


Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңда мәскеулік «Динамо» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, Мәскеу қаласының хоккей клубы осы уақытқа дейін он бес ойын өткізді. Соның бесеуінде ұтылса, он матчта жеңіске жеткен. Команданың еншісінде 31 ұпай бар. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде ол «СКА»-дан (33 ұпай) кейін екінші орында тұр. Үшінші орында — «Барыс». Бұған дейін өткізген он екі матчта астаналық клуб өз қарсыласынан он рет басым түскен болатын. Бұл — үлкен жетістік. Қазір «Барыста» 29 ұпай бар. Оған қоса, ол өзінен жоғары тұрған командалардан үш ойыны кем. Демек, қосымша ұпай жинап алуға толық мүмкіндік бар.

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
361