Мазмұнға өту
Shakenova

Shakenova

Сайтта 2013 ж. 9 мамыр

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылу

1

Тау-самал очерктері

Сол бір жылдар...Көңілде қаяу, жаныңда мұн жоқ кездер...Тау-самалды мен осылай еске аламын.Кішкене мұңды,сарғайған сағынышпен. Бірақ, қуанышқа толы, бақытты күндер жайында.Бұл Алматы тауларының бөктерінде орналасқан, таң ғажайып, жүрегіне ерекше жылу беретін мекен туралы. Неге сағанышпен?! Өйткені, бұл жерге бармағалы, сол жердегі достарымды көрмегелі үш өтті. Тау-самал лагерінде мен жазда, сегіз жыл қатарынан демалдым. Бар жоғы он төрт күнге келсек те, бәріміз бір отбасындай тату-тәтті өмір сүрдік. Бұл мекенге келгенде автобустан түсе сала осы жердің ауасы өкпенді кесіп, ауыртып жібереді, басында қиындықпен дем аласың. Ол тау-самалдың ауасы таза екенін байқатады. Біз қаланың ластанған ауасына үйреніп алған соң, таза ауа жұтқанда өкпемізге ауыр тиеді. Тау-самалдың қақпасынан кіре бергенде…

0
0
787

Адам және өмір

Біреудің өмірі алып, түбі терең мұхит. Сол мұхитта небір қызықтар болады. Сүйкімді де кішкентай, немесе алып әрі қорқынышты, үрейлендіретін – әртүрлі балықтар,медузалар,жұлдызшалар, желпіп тұрған балдырлар. Сүйкімді балықтар жолаушыны демеп, қиын жағдайда қолдау көрсетсе, алып балықтар зәреңді қашырып, үрейіңді алады. Ең бастысы, алып балықтарға кезігіп, ұзын балдырларға оранып, жолыңнан қалып қалмау. Ендігі бір өмір, құрлықтағы өмір – орман.Күндіз орман табиғаты таңқаларлық сұлу, көркем.Ағаш бұталары арқылы төгілген Күн нұры жаныңа жылу беріп,қуаныш сыйлап, көңіліңді көтереді. Шырша астындағы жүгіріп жүрген тиынды көрсең сүйсініп, құстардың әсем әнін естісең жүрегің тербеледі. Ал, тас қаранғы түн батқанда жаңа ғана тамсанған орманнан үрейлене бастайсың. Әрине, орман сол баяғы орман болып…

0
0
4856

Өмірімдегі бақытты күндердің бірі

Менің өмірімдегі ең бақытты, тамаша күн ол менің 17 жасқа толған күнім....Есіме алсам, бүгінгі күнге дейін жаныма жарық нұр төгілгендей күлімдеумен боламын. Кейде көшеде кетіп бара жатып есіме түсіп кетеді, сол кезде өзім мен өзім мәз болып бара жатқанымды көрген бейтаныс жолаушылар маған есі ауысқан кісіні көргендей қарайды. Менің сол қуанышқа толы күнім түнгі 24-00де басталады. Негізінде менің туылған күнім 18-тамызда, ал 17-тамызда біз, менің би тобымдағы қыздармен әншілерді ауызашарға мейрамханаға шақырғанбыз . Ауызашар біткеннен кейін қонақтарымыз қайтып кетті. Биші қыздар 24-00ге дейін күтіп, мені құттықтап барып үйлеріне тарады. Мен бір неше құрбыммен қайттым. Қайтып бара жатқанда көлігіміз үйдің жаңындағы мектептің алдында тоқтай қалады, құрбыларым көліктен шығаса салып, мектеп жа…

0
0
40886

Қазақтар неге ұйықтауда?

Тәуелсіздік алғанымызға бұйыртса биыл 22 жыл болады. Біз өзге елдермен терезі тең, бостандығы шектеусіз елміз. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздан қалған ұлттық әдет-ғұрып, мәдениетіміз біз үшін алтын мұрадай. Осы мұрада қазақтың дәмді тағамдары мен сан алуан астары да бар. Атап айтсақ, мысалы сүт өнімдерінен: айран, шұбат, қымыз, құрт т.б. Алайда уақыт өте біз осы ұлттық тағамдарымыздан айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Әрине, көпшілігінде «неге?» деген сұрақ туындайды. Мен жауап беремін. Біз ұйқыда жатқанша, шет елдер біздің ұлттық тағамдарымызды потенттеп, өздеріне тартып алып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын Германия елі қымызымызды потенттеп алды. Кейін келіп, қазақтың қымызын қалай жасайтындығы туралы қазақтың өзіне дәріс оқыды. Осы жылы тағыда сол Германия қазағымыздың…

0
0
816

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Осы жарқын дүниеге келе салысымен ата-анамыз бізді қанаттыға қақтыртпай, тұмсықтыға шоқтыртпай, мәпелеп өсіреді. Бақшаға гүл отырғызып, өсіргендей бізді өмірлерінің ең бір маңызды бөлшегіне айналдырып, аялап, мерейіне бөлейді. Біз дүниеге келген сәттен бастап олар өздері үшін емес, біздер үшін өмір сүреді. Не істесе де біздер үшін істейді. Кішкентай кезімізден бастап бізді өмірге үйрететін ол ата-анамыз. Қазір біз неше түрлі тағамның дәмін татып, астан ағзамызға арнайы энергия қорын жинаймыз. Ал тамақтану үшін сол қарапайым қасықты қолымызға ұстатып үйреткен ата-анамыз. Біздің жастар киім талғауда да шебер,сол киімді киюді де үйреткен ата-анамыз. Өз пікірімізді айтып, ойымызды еркін жеткіземіз, қарап тұрсақ сөйлеп те үйреткен ата-анамыз. Бір жағынан осындай түкке тұрғысыз жәйттар, шынында…

0
0
26063

тақпақ

Би үстінде Құс боп ұшып, берілдің бе көңілге, Аққудай жүзе алдың ба сен көлде!? Міне,міне самғап енді ұшарсың, Көңіл-күйді тәуелді етсең сезімге. Мың бұралу аз екен бұл өнерде, Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге. Бар сезімді көрерменге жеткізу, Мақсат екен орындалған әр биде. Бұл өнердің де тарихы бар өзіндік, Білесің бе реформаны Новерлік?! Ал Мария Тальони ше әйгілі, Балеттің жұлдызы ғой әлемдік! Әкеме Өмірдің түзу жолын сен көрсеттің, Саған бақыт биік шыңға жеткенім. Адал болғын,ақ ниетті көздеген, Деп соғады, әке, сенің жүрегің. Жан әке, асқар тауым сен менің, Өрлігінен қуат алып келемін. Мен –тал шыбық,сен – ормансың қорғаным, Көкке бойлап өсу менің арманым. Өзің барда қуаныш та, бақ та бар Мен гүл болсам,сен –құнарым нәр алар. Мендегі бар ізгіліктің ұшқыны Әке, сенің тұнығыңнан бастал…

0
0
5040

Елім үшін күрескен батыр тұлға есімде

Елім үшін күрескен батыр тұлға есімде Осыдан алпыс сегіз жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз жаумен айқасып, небір қаһарлы күндерді майданда өткізді. Қан көл болып аққан бұл соғысқа есін енді жиған жастардан бастап барлық ер азаматтар қатысты. Майданда жүріп ер жеткендер де, өмірмен қоштасқандар да көп. Мысалы, Жәнібек Елеусізов он жеті жасында майданға баруға өзі өтініш жасады. Ол жас та болса, өз өмірінен Отанын жоғары қойды. Ата-анасына жазған хаттарының бірінде «Мен үшін қайғырмаңыздар, қайта қуаныңыздар, өйткені, мен өз Отаным алдындағы борышымды өтеуге бара жатырмын. Мен жаудан қорықпаймын. Отанымды соңғы күшім қалғанша қорғаймын… » ,- деп оларды жұбатады. Немесе Баубек Бұлқышев, не бары 28 жас ғұмыр кешті. Өмірге құштар бола тұра өзінің майданда қаза табатынын сезіп, көптеген публицис…

2
0
27289