Мазмұнға өту

Жаңа

Арсенал туралы мадақ олең

u shall speak қазақша атты экпериментінің 2-ші посты.

1-ші пост мына жақта:http://vash_the_stampede.yvision.kz/post/378011

Арсенал – ағылшын футбол премьер лигасының футбол клубы. Және де иә, мен Чарли Чаплин, ағылшын король әйелі Елизаветта, Фидель Кастро, Кевин Костнер, Сарра Мишель Геллар, Джиллиан Андерсон, Пафф Дэдди және көптеген тағы басқалар сияқты Арсеналдың жанкүйерімін ^_^.

Бұл әңгіме сонау 2000 жылдан басталды. Ол кезде мен ФИФА деген ойынды енді-енді алып, бірінші қолдың астына түскен клубты таңдап, ойнай бастадым да, басталды...Тек қана Арсенал, тек қана хардкор ^_^

Арсенал туралы көптеген нәрсе айта алуға болады, ал мен болсам, қысқа ғана Арсенал туралы және неліктен біз оны құрметтеп жақсы көретініміз туралы топ-6 нәрсе жазғым келіп отыр.

  1. 2003/2004 жылдар – Ағылшын премьер лигасының 12-ші сезоны. Осы сезонда Арсенал лигада ұтылған емес. Бұл бірінші және одан кейінгі жалғыз бір көрсеткіш. Ал егер сіздер Престон Норт Энд клубы туралы айтатын болсаңыз – ол кезде Ағылшын Премьер Лига деген турнир болған жоқ -_- ^_^
  2. Арсенал Англияның 20-ші ғасырдағы үздік клубы атағымен ресми түрде марапатталған. Бұған себебі – Арсенал англияның ең жоғарғы дивизионында өткізген ойындар көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Соңғы рет 2-ші дивизионның клубы ретінде Арсенал 1919/1920 жылдар сезонында ойнаған.
  3. Жанкүйерлер Арсеналды теледидардан 1927 жылы көре алды. Бұл тарихтағы бірінші футбол телетрансляциясы болған. Арсенал Шеффилд Юнайтедті өзінің Хайбери стадионында қабылдап, матч 1-1 деген есеппен аяқталды.
  4. Клубтың жаттықтырушылар штабы “дубль-вэ” деген тактиканы ойлап тауып, оны сәттілікпен қолданған алғаш мамандар болып табылады. Қазіргі кезде де Арсенал ойындары өзінің әсем және де өте қызықты көрінісімен көзге түсіп, футбол әлемін қуантады.
  5. Қазіргі Арсенал - бұл Арсен Венгер (аты аңызға айналған маман), Джек Уилшир, Санти Касорла. Месут Озил, Аарон Рэмзи (бұл ойыншы туралы жеке бір пост жазуға болады ^_^), Окслейд Чемберлен, Томас Вермален, Пер Мертазакер және Бакари Санья. Осылар арқасында біз Англияның топ клубы ретінде әлемге әйгіліміз ^_^
  6. Арсенал жас ойыншыларды тауып, олардың профессионалды дамуына, үлкен футболшы болып айналуына үлкен назар аударатын клубтардың бірі.

FAQ: Неге арсенал ойыншылары мен жанкүйерлері гУннерс деп аталады?

Gunners емес Goonners. Футбол жанкүйерлерінің бәрі гуннерс туралы біледі. Бірақ неліктен солай? Біріншіден, Арсенал қару-жарақ фабрикасының жумыскерлерімен құрылған. Екіншіден, қала аңызына сүйенсек, бір күні скандинавтар, әрине өзінің қызық акцентін қолданып, Англияға келіп, Арсенал ойыншыларын гАннерс емес, гУннерс деп айтқан. Ағылшындар оған қызығып, содан бері Арсеналға қалай болса да байланысқан адамдар гУннерс деп атанатын болд. Үшіншіден, гуннерс деген қылмысерлер тобы болған дейді...-_-

...

Ал сіздер қандай футбол клубының жанкүйерісіз?

if you have something to add, please, you are welcome

...

 

Генерал-майор Әмір Халықов: «Қазбриг» барлық міндеттерді сапалы орындап шықты

- Халықаралық келісімге сәйкес Қазақстандық бітімгерші әскерлер құрамы Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан «Мызғымас бауырластық-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысуда.

Кез келген оқу-жаттығу әскери қызметшілер жауынгерлік дағдысының жоғары үлгісі болып табылады. Еліміздің Президенті – біздің Жоғарғы Бас Қолбасшымыз, Қорғаныс министрі бітімгершілік контингентті даярлау мен жарақтандыруға айрықша көңіл бөледі.

Бітімгершілік оқу-жаттығуының басты мақсаты – бітімгершілік міндеттерді орындау, осы оқу-жаттығуға қатысатын түрлі бітімгершілік контингенттердің үйлесімділігін пысықтау. Мен бітімгершілік құрамның, жарақтануы, қару-жарағы, техникасы, біздің бітімгершілік контингенттің машықтануы барлық халықаралық стандарттарға сай келетінін атап өткім келеді. Қазақстандық әскери қызметшілердің жеке құрамы бітімгершілік контингенттің алдында тұрған барлық жаттығу жауынгерлік міндеттерді орындауға қатысты. Ол міндеттер - қарсылас тараптардың арасын ажырату, буферлік аймақ қалыптастыру, жауапкершілік ауданын қоршап алу және оқшаулау, гуманитарлық жүктерге ілесіп жүру және т.б.

Оқу-жаттығу басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің жақсы даярлығын атап өтуде – барлық міндеттер сапалы әрі жоғары бағаға орындалды.

0
0
668

«Қазбриг» «Мызғымас бауырластық-2013» оқу-жаттығуын жоғары көрсеткіштермен аяқтады

Бүгін Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Шұбаркөл полигонында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды.

Қазақстанның «Қазбриг» бітімгершілік батальоны Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери қызметшілерімен бірлесіп, ойдан шығарылған мемлекеттің аумағында бейбітшілікті қолдау бойынша тәжірибелік іс-қимылдар жүргізді. Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес шартты мемлекетте билікті тартып алу орын алып, жаппай тәртіпсіздік басталады. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша дағдарыс жағдайын реттеу үшін ауданға Ұйымның жедел жұмыс тобы жөнелтіледі.

Қазақстандық бітімгершілер тұрақсыз ахуал орнаған ауданда «сепаратистерге» қару-жарақ жеткізудің жолын кесті. Сценарий бойынша қару-жарақ тиеген машиналар легінің жолын бөгеген «Қазбриг» жауынгерлері бандылар құрамын ұстайды.

Қазақстандық әскери қызметшілер жаттығудың тағы бір эпизодында гуманитралық жүктерге қолдау көрсету операцияларын жүзеге асырды. Жолды торуылдаған ұрыскерлер жүкті басып алу үшін автокөліктің бірін жарып жібереді. Бітімгершілер барлау жүргізіп, жолды минадан тазартады. Сондай-ақ, қазақстандық бітімгершілер «Мызғымас бауырластық-2013» оқу-жаттығуының қорытынды кезеңіне белсенді түрде қатысып, елдімекендегі қауіпсіз жағдайды сүйемелдеуге қолдау көрсетті.

– Біздің бітімгершілердің қару-жарағы, техникасы жауынгерлік дағдысы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Оқу-жаттығудың басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің дайындығын ерекше атап өтті. Барлық тапсырмалар сапалы және жоғары бағаға орындалды, – деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халықов.

«Мызғымас бауырластық-2013» оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша бригада командирі подполковник Шейх-Хасан Жазықбаев, бригада командирінің орынбасары майор Дамир Алтынбаев, батальон командирі майор Айбек Ғабдрахов «Жауынгерлік достастықты нығайтқаны үшін» медалімен наградталды.

– Қазақстан Қорғаныс министрінің басшылығымен жүргізіліп жатқан іс-шаралардың бәрі өз жемісін беруде. Қазақстандық әскери қызметшілердің дайындық деңгейі өте жоғары. Олардың кез келген деңгейдегі бітімгершілік сипаттағы операцияларды жүргізуде қойылған күрделі тапсырмаларды орындауға қабілеттілігіне күмән келтіруге болмайды, – деп атап өтті Ресей Федерациясы Орталық әскери округінің штаб бастығының орынбасары генерал-майор Сергей Чувакин.

7 қазаннан бері ҰҚШҰ-ға мүше алты мемлекеттің әскери қызметшілері «Мызғымас бауырластық-2013» оқу-жаттығуының шеңберінде бітімгершілік операцияларын жүргізудің әртүрлі кезеңдерін пысықтады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
505

Қазақ комментатор қыздарынан кімдерді білесіздер? Енді қадам басқан Индира Бектенованы ерекше айтар едім

Қазақ комментаторлары туралы сын көп. Комментатор қыздар жоқ деуге болады. Қалай «қорықпай» келдіңіз?
– Спорт журналистикасы саласында қызмет істеп жүргеніме біраз болды. «Kazsport» телеарнасы ашылғалы бері өзімді комментаторлық қырымнан байқап жатырмын. Көркем гимнастика шебері Әлия Юсуповамен бірге алғаш рет горнитураны құлағыма киіп, комментатор қызметінде өзімді сынап көрдім. Волейбол, ескек есу, ауыр атлетика көрсетілімдерін жүргіздім. Қазір іздену үстіндемін. Оған қоса Ұлттық арнада спорт жаңалықтарын жүргіземін. Берілген 3 минуттың ішінде көрермендерге нақты деректі айтып шығасың. Тележүргізуші болу бір бөлек, ал комментатор болу мүлдем басқа. Үш сағатқа дейін созылатын көрсетілімдер болғанда, қатарынан екі-үш ойынға комментарий жасаған кезде қиынға соғады.
– Каратэден еліміздің чемпионысыз. Неге тастап кеттіңіз?
– Каратэден қара белбеу иегері, республикалық дәрежедегі төреші, ҚР кубогының абсолютті жеңімпазымын. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» демекші, спорт журналистикасына бет бұрған соң каратэден кетуіме тура келді. Бірақ спорттан алшақтап кеткенім жоқ. Қайтадан төрешілікті қолға алу ойымда бар. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейге баспалдақпен көтеріліп, жеңістің биік  тұғырынан көрінгеннен кейін, көрсетілімді басқаша көзқараспен қабылдайсың. Жеңістің қандай қиындықпен келгенін, еліңнің әнұраны шырқалғанда тұғырда қандай сезімде тұрғанына дейін сезе қоясың. Спортшы жеңіліп қалса, оның себебін іздеймін. Мүмкін аяғы ауырып, жарақат алған болар, мүмкін сол күні көңіл-күйі болмаған шығар.
–  Бұл спорт түрі бойынша жерлестеріміз әлемдік деңгейден көріне алып жүр ме?
– Каратэші Дархан Асаділов, Халид Халидовті ерекше атар едім. Жақында алғаш рет елімізде каратэ-до спортынан Азия чемпиондарының кубогы жолындағы жарыс өтті Астанада. Қазақстан Орталық Азия аймағынан Қырғызстанмен бірге бақ сынасты. Біздің команда қыздар, ұлдар арасында да бас жүлдені жеңіп алды. Бұл Азияда Қазақстан спортшылары үздіктер қатарында екенін білдіреді.
– Спортқа деген қызығушылығыңыздың туындауына кім түрткі болды?
– Мен спортшылар отбасында тәрбиелендім. Ата-анам спортпен айналыспаса да, бауырларымның барлығы спорт саласында. Әпкем Айгүл мылтық атудан спорт шебері, Азия чемпионы, әлем кубогының қола жүлдегері, ағам Алмас еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы, інім Олжас каратэ спортынан қара белбеу иегері.
– Ескек есу жарысына комментарий жасағаныңызды көпшілігі жоғары бағалады. Соншалықты дами қоймаған бұл спорт түрін меңгеру үшін қанша күш жұмсадыңыз?
– Қазақстанның ұлттық құрамасымен бірге бір ай бойы әлемдік жарыстарға барып келдім. Словакия, Чехия, Польшада спортшылармен бірге жүріп, ескек есу спортымен жақынырақ таныстым. Жарыстың алдында кез келген спортшы салмақ өлшеуден өтеді. Ал ескек есу спортында біз білмейтін, мынадай қызықты жайттар бар. Қайықтың салмағы белгілі мөлшерде болуы керек. Сосын ескекті қолмен емес, аяқпен басқарасың. Желдің соғысы әр спортшыға әртүрлі әсер етеді. Бір спортшыға оң жақтан соққан жел көмектессе, біріне кедергі келтіріп жатады. Осындай процестерді өз көзіммен көріп,  алғаш рет қайыққа отырып, өлшеп басымнан өткердім. Самарқандта өткен Азия чемпионатында ескек есушілеріміз алдына жан салмайтынын дәлелдеді. Жуырда өткен Германиядағы жарыста Сергей Емельянов әлем чемпионы атанып, Универсиадада екінші орынды иеленді. Сапарда жүргенде спортшылардың тыныс-тіршілігімен, психологиясымен таныстым.  Қазір спортта тек қана физикалық емес, психологиялық дайындыққа мән беруде. Әр командаға бір психологтан алынып жатыр. Спортшылар ырымшыл келеді. Өздеріне ғана тән наным-сенімдері бар.
– Шетелде жанкүйер мәдениеті қалай екен?
– Шетел жанкүйерлерінің сана-сезімі жоғары деңгейде. Волейболдан Италия мен Польшаға барғанымызда, «Қазақстан, алға!» деп ұрандатып, спортшыларымызға күш-қуат бергеніне риза болдым. Тіпті өзге елде ойнап жатқаны сезілмейді де.
– Елімізде әйел коментаторлары қат. Мұның себебі неде?
– Болашақта бұл салаға қыздар да бет бұрады деп ойлаймын. Әрдайым ізденіс үстінде болған жағдайда адам өзінің қабілетін аша алады. Ең бастысы, қорықпай, өзіне сенімді бола білу керек. Спортшылармен көп араласқан сайын, спорттың қызықты тұстарын аңғарып, қыр-сырына үңіле түсесің. Спортшы мен комментатордың қобалжуы ұқсамайды екен.
– Бокс, ауыр атлетика секілді ұрда-жық, денсаулыққа зияны бар спорт түрімен қыздардың шұғылданғаны дұрыс па сіз үшін?
– Белгілі бір спорт түріне «жетістікке жетемін» деп жан қалауымен келген болса, оның несі ерсі? Алға қойған мақсатын, жанып тұрған үмітін сөндіруге болмайды ғой. Бойында құлшынып тұрған жігері болған  жағдайда ғана нәтиже шығады. Ешкімді де мәжбүрлеп алып келуге болмайды.
– Бір комментаторды бірнеше спортқа емес, бір-екі спорт түріне машықтандыру керек дегенге қалай қарайсыз?
– Қазіргі заманның талабына сай, жан-жақты болуға машықтанып, дайындалу керек. Тек қана бір спорт түрімен шектелуге болмайды. Қарым-қабілеті бірнеше спорт түрін меңгерген болса, неге өзін сынап көрмеске?
– Қазақстанда комментаторлық мектеп қалыптасқан ба? Қазіргі комментаторлардан үлгі тұтатын кімдер бар?
– Енді ғана комментатор қызметін бастап келе жатқандықтан, үйренуге бар күш-жігерімді жұмсаудамын. Ермұхамед Мәулен, Ермек Төрениязов, Ғалым Сүлейменнің жасаған комментарийлерін тыңдап, санама тоқимын. Білмеген тұстарымды сұрап аламын. Бар білгенін айтып, тәжірибелерімен бөліседі.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан – Салтанат СҮГІР
http://www.halyksozi.kz/news/view/id/2518
0
0
1075

Әшекей бұйымдарды эстетика тұрғысынан таңдайсыз ба? Бұл туралы Зергер Болат Атыраубаев не дейді екен?

Қолөнеріміздің салтын суалтпай келе жатқан зергерлеріміздің бірісіз. Бұл салаға қалай келдіңіз?
– Бастапқыда портрет салып, гобелен тоқып жүрдім. Қазір басы бүтін зергерлікке ден қойдым. Атамнан қалған мирас өнерді үкілеп келе жатқан жайым бар.
– Сақ дәуірінен сыр шертетін құнды жәдігерлердің дәрежесіне әлі күнге дейін жете алмай келе жатқанымыз анық. Өзіндік стиль қалыптастырдыңыз ба?
– Дұрыс айтасыз, зергерлік өнер сақ дәуірінде өте жоғары деңгейде болды. Қазіргідей газ құрылғылары жоқ болса да, сол кезгі зергерлер ағаш, көмірді пайдаланып-ақ тамаша туындылар тудырды. Көне дәстүр құндылығының тарихы классикада жатыр. Қазақтың зергерлік өнері XVIII-XX ғасырларда дамыған. Өкінішке қарай, Кеңес одағының ықпалына енген соң ұлттық танымымыздан айырылып, ата-бабамыздан қалған өнер сабақтастығы үзіліп қалды. Енді ғана аяғынан тұрып келеді. Ұлттық өнерге деген қызығушылықтың артуы қуантады. Қазір екінің бірі кезіндегідей әшекей бұйымдарын жасай алмайды. Бабаларымыздан қалған мұраны жаңғыртып, дәстүрлі стилді ұстанамын. Сұранысқа байланысты заманауи әшекей заттарды жасаймын. Авторлық бұйымдарым да бар. Әр өңірдің ерекшелігіне байланысты батыстың монументальды, кең әдісі көрініс табады. Жалпы белгілі зергерлердің бұйымдарына қарап, қолтаңбасын ажырата аламын.
– Зергерлік бұйымдарға салынатын арнайы оюлар болатынын естіген едім. Ол қандай өрнектер?
– Бүгінде талқыланып жатқан орынды сұрақ. Иә, зергерлік бұйымдарға көбінесе қошқар мүйіз, шаңырақ, кереге белгісін, өсімдік ою-өрнектерін пайдалануға болады.  Геометриялық өрнектерден үшбұрыш аспан, жер, адамды білдірсе, төртбұрыш «төрт құбылаң тең болсын» дегенді білдіреді. Аңдық стильдегі космогониялық өрнектер жойылып кетті. Мысалы, өңіржиекке дән, балықкөз секілді ою-өрнектерді ғана қолдануға болады. Еуропаның зергерлері эстетикаға мән берсе, біз мән-мағынаға ерекше ден қоямыз. Ата-бабамыз әрбір іске дәретпен ғана кірісіп, тіл-көзден сақтасын, береке-ырыс әкелсін деген ниетпен әшекей бұйымдарын жасаған. Мен де сол бағытты ұстанып, этнобұйымның тарихымен зергерлік өнер туралы кітаптардан етене танысқаннан кейін ғана іске кірісемін. Қателесуге болмайды.
– Әшекейге қарап қыз-келіншектің жас мөлшерін шамалаған екен. Осы жөнінде айта кетсеңіз...
– Кезінде шашбау мен шолпыны кері күштерді үркітеді деген сеніммен жасайтын болған. Салмағымен шашын артқа тартып, өсуіне ықпалы болады. Оған қоса бойын тік ұстап, жүрісінің келісті болғанына септігі тиеді. Ата-бабамыз шолпысының сылдырынан-ақ, қай үйдің қызы екенін біліп, сылдыры қатты сыңғырлап кетсе, қатаң ескерту жасап отырған. Көшеде шолпы таққан қыздарды көрген қандай керемет! Бойжеткендеріміздің қолынан бесбілезікті аңғарып қалсаң, аңтарылып қарамасыңа болмайды. Осылайша қызды көз тиюден сақтайды. Құдағи жүзік екі жастың басын біріктірген парасатты аналарға ғана арналған. Құс тұмсық жүзікті тұрмысқа шықпаған қыздар «құстай басы бос» деген белгімен тұмсығын төмен қаратып тағатын болған. Отау жүзіктің төртбұрышы төрт құбыласы тең болсын деген ниетпен жасалса, бидайлары өсіп-өну, ұрпақ белгісін білдірген. Қазір батыстан келген неке жүзігінің орнына отау жүзікті қолданған дұрыс болар еді деп ойлаймын.
–  Көрікпен жұмыс жасау әдісін кімнен үйрендіңіз?
– Арал жақта Құдайберген ағамыздан көрік жасау әдісін үйреніп, батасын алдым. Өзінің көрігін маған сыйға тартты. Ол кісі секілді кәнігі шебердің бар екенін әлі күнге дейін естіген емеспін. Әлде де ескі әдіспен зергерлік бұйымдарды дайындайды. Айта кету керек, зергер мен ювелирді шатастыратындар көп. Зергер бүкіл өмірін зергерлікке арнайды. Хобби деуге келмейді, өз алдына бір бағыт.
– Суретшілікпен айналысасыз ба? Жеке қорыңызда қанша туындыңыз бар?
– Шабыт келгенде, сұраныс болған жағдайда сурет саламын. Бірақ отпен жұмыс істеудің әсері бөлек. Ақтөбеде «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған көрмеге мемлекет басшысы келіп, қолдан жасалған гобелендерге таң қалып, кәнігі шеберлердің шеберлігін байқаған болатын. Жеке қорымдағы суреттерімнің нақпа-нақ санын айту қиындау. Санаған емеспін. Тұс кілемдерді қосқан кезде 200-ден асып қалатын шығар. АҚШ, Польша, Әзірбайжан, Ресей, Қытайдың көрмелерінде гобелендерім сақтаулы.
– Өзіңізге әшекей бұйымдар жасадыңыз ба?
– «Етікші бізге жарымайды». Өзімнің жеке жүзігімді жасаймын деп жүргеніме біраз болды.

Сұхбаттасқан – Салтанат Сүгір

http://www.halyksozi.kz/news/view/id/2517

1
0
2191

Байланыс саласының ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтадық

Игі істерге рұқсаттың керегі жоқ! 10 қазанда біз Алматыда байланыс ардагерлері үшін Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік дастархан жайдық.

Біздің компанияда осындай мерекелік шаралар ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Қарттарға қолдау көрсету мақсатында біз жылына екі рет қайырымдылық шарасын ұйымдастырып тұрамыз.  Биыл да біздің қызметкерлеріміз ардагерлер үшін мерекелік  дастархан дайындады.

Байланыс саласының ардагерлері үшін мерекелік концерт және сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.  Оған қоса,  компанияның жетістіктері туралы фильм көрсетілді және  компания басшылығының құттықтауымен қоса материалдық сыйлықтар  табыс етілді.

 

«Біз бүгін «Қазақтелеком» алғашқы құрылған жылдары еңбек еткен адамдарға құрмет көрсетіп отырмыз. Байланыс саласының тоғыз мыңнан астам ардагері компанияның қамқорында және біз олардың әрқайсысына ерекше көңіл бөлеміз»,-деді «Қазақтелеком» АҚ Қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Даляпраз Бөкетова.

 

- «Қазақтелеком» компаниясында тәлімгерлік жүйе жұмыс істейді және қариялардың өз тәжірибелерімен жастармен бөлісуі өте маңызды мәселе болып табылады. Осындай кездесулер оларға адал еңбектері үшін тағы да бір рет алғыс айтуға, сондай-ақ оларға денсаулық пен ұзақ өмір тілеуге жақсы себеп болып табылады», – деп атап өтті мерекелік іс-шара барысында Д.Бөкетова.

Қазіргі таңда 9 112 зейнеткер «Қазақтелекомның» қамқорында, олардың 697-сі – Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілгендер.

 
0
0
637

Республикада дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге қарастырылған


Ерлан Қожағапанов
2014 жылға арналған бюджеттің жобасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге көзделген.

Аталған кешендер 70 пайыз республикалық бюджеттен, 30 пайыз жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде өткен қоғамдық кеңес отырысында ведомство басшысы Ерлан Қожағапанов айтты.

Оның мәліметінше, бүгінгі таңда республика бойынша спорттық кешендерге деген жалпы қажеттілік 1 млн.-нан астам шаршы метрді құрайды. Ал қазіргі бары 587 шаршы метр, яғни 44 пайыз ғана. Сонда қазіргі тапшылық 747 мың шаршы метрді құрап отыр.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға кәсіби спорт резервін даярлау үшін, жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру сабақтарын өткізу және жалпы халықтың сауығуы үшін пайдаланылатын дене шынықтыру — сауықтыру кешендерін салу міндетін қойды. Біздің мақсатымыз — Президенттің тапсырмасын орындау», — деп атап өтті Е. Қожағапанов.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы
0
0
381