Мазмұнға өту

Жаңа

Жанат Жақиянов әлемдегі жеңіл салмақты боксшылардың үштігіне кірді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған әлемдегі  боксшылар рейтингісін жариялады, деп хабарлады  Sports.kz.

Жеңіл салмақты (53,5 келіге дейін) ТОП-15-те  қазақстандық Жанат Жақиянов 6-орыннан 2-орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, жуық арада Жақиянов француздық Карим Гуэрфиді нокаутпен жеңіп, Еуропа чемпионы атағын иеленген болатын.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
250

«Astana Arlans» боксшысы Сергей Деревянченко кәсіби боксқа ауысады

28 жастағы украиндық Сергей Деревянченко енді бағын кәсіби бокста сынап көрмекке бел буды, деп хабарлайды vringe.com  boxrec.com.-ға сілтеме жасап.

Николаев қаласында  тұрып жатқан орта салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жегін 21 маусымда  Уилкс-Барредегі Mohegan Sun Pocono Downs  аренасында (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткізеді.

Айта кетер жайт, тағы бір украиндық Анатолий Дудченко Наджиб Мохамедимен шаршы алаңда жұдырық түйістіреді. Олардың жеңгені  жартылай ауыр салмақтағы WBA/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бернард Хопкинспен кездесетін болады.

Еске сала кетсек, мамыр айының басында құрамында Деревянченко бар «Astana Arlans» командасы  биылғы WSB  маусымының финалына шыға алмай қалған болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
224

Велоспорттан Азия чемпионаты алғаш рет Қазақстанда өтеді

21 мамырдан 1 маусымға дейін Қазақстанда бірінші рет велоспорттан Азия чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz спорттың осы түріндегі отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Азия чемпионаты ересектер және жасөспірімдер арасында Астана мен Қарағандыда өтеді. Тректегі жарыстар 22-26 мамыр аралығында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде, ал тас жолдағы велобәйгелер 27 мамырдан 1 маусымға дейін Қарағандыда ұйымдастырылатын болады. Құрлық біріншілігіне 30 мемлекеттен жалпы саны 500-ден астам велошабандоз қатысады деп күтілуде. Азия чемпионатын қазақ топырағында өткізу ел велоспортының 100 жылдық торқалы тойына орайластырылып отыр. Осы ретте айта кетейік, биыл Қазақстанда велоспорттың дами бастағанына – 100 жыл. Құрлық біріншілігінде еліміздің намысын мына велошабандоздар…

0
0
235

Боз кілем көрігін қыздырған Қалиев

Кейінгі жылдары балуандарымыздың бағы жанбай жүрген еркін күрестен де бір топ жас таланттарымыз төбе көрсете бастады. Солардың бірі – Расул Қалиев, — деп жазады Tengrinews.kz »Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. Еркін күрестен Азиядағы ерен жетістіктерін есепке алмағанның өзінде Дәурен Жұмағазиев пен Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ақжүрек Таңатаров Лондон Олимпиадасында қола жүлде олжалады. Дәулет Шабанбай ең ауыр салмақта атой салып жүр. Осылардың ішінде еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген Расул Қалиев те бар. Расулдың ерекшелігі, ол – осы жігіттердің бәрінен жас. Расул жас болса да, өзін халықаралық аренада әлеуеті зор балуан ретінде көрсете білді. 2011 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль олжалады. 2013 жылғы ересектер арасындағы әле…

0
0
336

Балық қорын қорғау шаралары жөнінде

2014 жылдың 9 – 12 мамыр күндері аралығында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Қапшағай су қоймасы аумағында балық қорын қорғауға бағытталған іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде балық аулауға тыйым салынған мерзім кезінде балық аулау ережелерін өрескел бұзудың 4 фактісі тіркелді. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген құралдармен балық ауланғаны (қытайда шығарылған моноталшықты ау мен шанышқы) анықталды. Инспекторлар ұзындығы 1000 метр ау, 2 «Yamaha-40» маркалы аспалы моторды, «Прогресс» қайығын және 1 шанышқыны, сондай-ақ, 65 кг балық тәркіледі. Балық қорына келтірілген залал мөлшері 26,5 мың теңгеге бағаланып отыр. Жиналған материалдар мен айғақты заттар процессуалды шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі…

0
0
759

«Үздік студенттік топ – 2014» байқауының ақтық мәресі аяқталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Үздік студенттік топ – 2014» байқауының ақтық мәресі бүгін болып өтті. Өз факультеттерінің беделін қорғап шыққан әр топ президентіміз Н.Назарбаевтің «Жасыл көпір: ұрпақтан ұрпаққа» және ректорымыз Ғ.Мұтановтың "Smart сity" бағдарламалары аясында өздерінің жобаларын қорғады. Сөз жоқ, бір-бірінен өткен керемет, ақылды және мұқият жасалған жобалардың куәсі болдық. Байқауды бастан-аяқ ұйымдастырып, студенттерді осындай игілікті іске баули білген «Сұңқар» студенттер кәсіподағының бұл іс-шарасы мақтауға тұрарлық. Финалистер бұған дейін қандай кезеңдерден өтті? Айта кетейік, 2012 жылдан бері бастау алған жоба студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, үздік студенттер тобын шығару және ынталандандыру мақсатында жүргізіліп келеді. Осы…

1
0
1179

Бір күндік жылу ұзақ есте қалады

Қаржы полициясы академиясының жеке құрамы мен тыңдаушылары Астана қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетті. Шараның басты мақсаты – майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне атаулы көмек көрсету, фашизммен соғыстағы қазақстандықтардың үлесін дәріптеу. Осындай мақсатты алға қоя отырып, Академияның оқытушылары мен тыңдаушылары Астана қаласында тұратын ардагерлер Н.С. Ткачев пен И.М. Ревванының үйіне барып, оларды құттықтап қайтты. Николай Степанович Ткачев 1924 жылғы 21 шілдеде Ақмола облысы Аккөл ауданы Наумовка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 30 тамызда Қызыл Армияға шақырылды және Ленинградты азат етуге жіберілді. Соғыс жылдарында Эстонияда, Литвада, Латвияда, Польшада, Варшавада, Берлинде шайқасқан. II дәрежелі Отан соғысының ордені…

0
0
399

Қостанай облысы судьялар корпусында жаңа тағайындаулар

Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Ж. Мырзаке облыстық сот судьяларына және Қарабалық ауданының активіне «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары  төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау мен қызметтен босату және судьяның орнынан түсуін тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 мамырдағы №816 Жарлығымен Қостанай облысы Қарабалық аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Мирас Қалиұлы Сатыбалдинды таныстырды.

http://sud.kz/kaz/news/kostanay-oblysy-sudyalar-korpusynda-zhana-tagayyndaular

0
0
292

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 12 мамырында Қостанай облысында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары Жангелді ауданы аумағында орналасқан Шошқакөл көлі маңында жүргізген рейдтік шара барысында Ақтөбе облысында тұратын екі азаматты тексерді. Тексеру нәтижесінде 62 дана киік мүйізі табылды. 14 мүйіздің жаңа кесілгендігі анықталды. Оқиға орнында жиналған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына тапсырылды. ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі 2014 жылдың 12 мамырында Қостанай облысында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары Жангелді ауданы аумағында орналасқан Шошқакөл көлі маңында жүргізген рейдтік шара барысында Ақтөбе облысында тұратын екі азаматты тексерді. Тексеру нәтижесінде 62 дана киік мүйізі табылды. 14 мүйіздің жаңа кесілгендігі анықталды. Оқиға орнында жиналған матер…

0
0
401

Агенттікте «Азық-түлік нарығындағы ағымдағы жағдай туралы» атты онлайн-конференция өткізілді

Агенттік G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында 7 әкімдіктің (Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, ШҚО, Қарағанды, Павлодар облыстарының және Алматы қаласының) және «Қазагромаркетинг» АҚ-ның қатысуымен «Азық-түлік тауарлары нарығындағы ағымдағы жағдай туралы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Атап айтқанда, конференция барысында азық-түлік тауарлары, ЖЖМ, дәрілік препараттар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша БҚА жүргізген жұмыстың нәтижелері сөз болды.

0
0
241