Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы қаласының соты «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға (Tele 2) қатысты тергеу нәтижелерін қолдады

Агенттік «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға (Серіктестік) монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізді. Аталған тергеу қорытындысы бойынша Серіктестіктің іс-әрекеттерінде іске қосылған нөмірлерді 120 күннен астам күн ішінде пайдаланбағаны үшін абоненттерден ақы алу жолымен мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу бөлігінде жосықсыз бәсекелестік фактілері анықталды. Көрсетілген факт бойынша Агенттік Серіктестікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы нұсқама шығарды.

0
0
304

Астана экономикалық форумына БАӘ делегациясы келеді

ҚазАқпарат – VII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысуға Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасынан мемлекеттік органдар мен ірі жеке бизнес өкілдерінің тобы келеді. Әбу-Дабидегі Қазақстан Елшілігінің хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда Біріккен Араб Әмірлігі халықаралық елеулі оқиғаға айналған Астана экономикалық форумының жұмысына қатысып келеді. Астана форумы Қазақстан мен Әмірлік арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуде қолайлы пікір алмасу алаңына айналды. БАӘ-де ҚР Елшісі Қайрат Лама Шәріппен өткен кездесуде әмірлік делегациясының басшысы, осы елдің қоршаған орта және су ресурстары министрі Рашид Ахмед бен Фахд қазақстандық тараппен қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екендігін мәлімдеді. БАӘ орталық банкі төрағасын…

0
0
296

«Экология бойынша балалар бизнес-жобалары» VIІІ Республикалық байқауының жәрмеңке-көрмесі және жеңімпаздарды марапаттау

«Жастар жетістіктері» Қоғамдық қоры мен «Шеврон» компаниясы «Экология бойынша балалар бизнес-жобалары» атты VIІІ Республикалық байқаудың үздік жобаларының жәрмеңке-көрмесін өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады. Жоба серіктестері – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі. Биылғы жылы байқау 5 маусымда аталып өтілетін Бүкіл әлемдік қоршаған орта күніне орай өткізіліп отыр. Оның мақсаты – оқушылардың назарын экология мәселелеріне және табиғи байлықты тиімді пайдалануға аудару, әлеуметтік жауапкершілікті, өзекті экологиялық мәселелерді шешудің практикалық дағдыларын дамыту. Қазақстандық жас ұрпақпен жұмыс жасаудың бұл бағыты Қазақстанда “Жасыл экономика” ұзақ мерзімді Тұжырымдамасының жүзеге асырылуынан туындап отыр. Биылғы жылы байқа…

0
0
736

Баспасөз хабарламасы (Астана, 13.05.2014 ж.)

2014 жылғы 22 мамырда VII Астана Экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылығымен «Денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтеді.

http://www.mz.gov.kz/

0
0
304

Жұлдызым

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Ремо Джадзотто "Адажио Альбинони"

Бейнематериал авторы - Серж Брунье "Звезды" "Жұлдыздар"

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Жұлдыз тағылған, шапанын,

Мынау түнім, киді үстіне.

Бар ма құпияң, маған айтатын?

Тұрайын соның, сертіне.

 

Қалайша, білемін сырыңды?

Тұрсың ғой, алыс ғарышта.

Жарқырап тұрсың, жағымды,

Серпілтіп, көңілді, бақытта.

 

Тұрсың ғой, менен, алыста,

Мынау көңілім, саған тартады.

Қалдырып мені, қапыда,

Мынау көңілім, қайда барады?

 

Тұрмын-ау қарап, өзіңе,

Таба алмай, ешбір, жауапты.

Бұрылып, үнсіз сөзіңе,

Тыңдаймын, сөзің, жұмбақты.

 

Сан құпия, күш бар, өзіңде,

Қараумен саған, боламын.

Табылар, қуаныш, көңілде,

Сол көңілден, мен қуат, алармын.

0
1
505

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдау жүргізгені туралы ақпарат

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы саласындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне шағымданумен байланысты болды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-azamattardy-kabyldau-zhurgizgeni-turaly-akparat-astana-k-2014

0
0
269

Француз Буханни «Джиро д’Италия» веложарысының төртінші кезеңінде жеңімпаз атанды

FDJ.fr  командасының мүшесі француз Насер Буханни  көпкүндік  »Джиро д’Италия» веложарысының төртінші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Буханни  112 шақырымдық жарыс жолын екі сағат, 22 минут және алты секундта артқа тастады. Екінші болып Trek Factory Racing командасынан итальяндық Джакомо Ниццоло, үшінші болып Джакомо Ниццолодан  Trek Factory Racing  командасының мүшесі Том Велерс мәре сызығын қиды.

Ал төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша астаналықтардың үздігі Борут Бозич болды. Ол
79-орынды қанағат тұтты.

Бүгін, 14 мамырда  203 шақырымға созылатын бесінші кезең басталады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
198