Виртуалды өмір - қазіргі жастардың әлемі осында. Біз әлеуметтік желілер арқылы танысамыз, білісеміз, арласамыз, сөйлесеміз және ғашық боп жатамыз. Мен ойлаушы едім, әлеуметтік желідегі адамның фотосына қарап-ақ оның мінезінің қандай екенін анық аңғаруға болады деп. Бірақ, олай емес екен. Наргиза Нуартегі - Мақтаарал өңірінің тумасы, менің жерлесім. Өзім ашқан "Жетісай - жер жәннәті" тобының арқасында танысып қалдық. Сөйтсек, менің нағашымның қызының сіңлісі боп шықты. Қазақ қаза берсе танысын, туысын тауып алады ғой, біздің танысуымыз дәл осы қазақи стильде болды. Наргизаны бәрі еркелетіп "Након" дейді екен. ВК әлеуметтік желісіндегі акаунтындағы "Након Нуартегі" деген аты-жөнінен-ақ бірден қазақ емес деп ойладым. Ойлағанымдай, оның ұлты "татар" екен. Бірақ, анасы қазақ. Анасына тартқан б…