Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бір күндік жылу ұзақ есте қалады

Қаржы полициясы академиясының жеке құрамы мен тыңдаушылары Астана қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетті.
Шараның басты мақсаты – майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне атаулы көмек көрсету, фашизммен соғыстағы қазақстандықтардың үлесін дәріптеу.
Осындай мақсатты алға қоя отырып, Академияның оқытушылары мен тыңдаушылары Астана қаласында тұратын ардагерлер Н.С. Ткачев пен И.М. Ревванының үйіне барып, оларды құттықтап қайтты.

Николай Степанович Ткачев 1924 жылғы 21 шілдеде Ақмола облысы Аккөл ауданы Наумовка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 30 тамызда Қызыл Армияға шақырылды және Ленинградты азат етуге жіберілді. Соғыс жылдарында Эстонияда, Литвада, Латвияда, Польшада, Варшавада, Берлинде шайқасқан. II дәрежелі Отан соғысының орденімен, 15-ке жуық мерейтойлы медальдармен және Берлинді алғаны үшін Қызыл жұлдыз Орденімен марапатталған.
Ревва Ирина Михайловна 1924 жылғы 16 маусымда дүниеге келді. Соғыс жылдары Украинадағы шекаралық қала Каменец-подольскийге шақырылған.  Ұлы Отан соғысының 55-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президентінен медаль мен құттықтау қағазын алған. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін көптеген ордендер мен наградаларға иеленді.
Тыңдаушылар ардагерлерге әкелген гүлдері мен сыйлықтарын табыс етіп, болашақ Отанның еркін және тәуелсіз болуы үшін, ардагерлердің сұрапыл соғыста көрген қиындықтары мен өздерінің сол соғыста қалдырған жастық шақтары жайында айтқан әңгімелерін тыңдап, үлкен әсер алды. Сонымен қатар, тыңдаушылар ардагерлердің үйлерін жинап, суларын тасып, аула шаруасына көмектесті де, ардагерлердің шексіз ризашылығы мен ақ батасын алды.

0
0
390

Осы тақырып бойынша