Балық қорын қорғау шаралары жөнінде
2014 жылдың 9 – 12 мамыр күндері аралығында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Қапшағай су қоймасы аумағында балық қорын қорғауға бағытталған іс-шараларды жүргізді.
Нәтижесінде балық аулауға тыйым салынған мерзім кезінде балық аулау ережелерін өрескел бұзудың 4 фактісі тіркелді. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген құралдармен балық ауланғаны (қытайда шығарылған моноталшықты ау мен шанышқы) анықталды.
Инспекторлар ұзындығы 1000 метр ау, 2 «Yamaha-40» маркалы аспалы моторды, «Прогресс» қайығын және 1 шанышқыны, сондай-ақ, 65 кг балық тәркіледі. Балық қорына келтірілген залал мөлшері 26,5 мың теңгеге бағаланып отыр.
Жиналған материалдар мен айғақты заттар процессуалды шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
