Агенттікте «Азық-түлік нарығындағы ағымдағы жағдай туралы» атты онлайн-конференция өткізілді
Агенттік G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында 7 әкімдіктің (Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, ШҚО, Қарағанды, Павлодар облыстарының және Алматы қаласының) және «Қазагромаркетинг» АҚ-ның қатысуымен «Азық-түлік тауарлары нарығындағы ағымдағы жағдай туралы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Атап айтқанда, конференция барысында азық-түлік тауарлары, ЖЖМ, дәрілік препараттар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша БҚА жүргізген жұмыстың нәтижелері сөз болды.
