Мәселе тек ҰБТ-да ма?
Мәселе тек ҰБТ-да ма? Соңғы айлардың ең көп талқыланатын және толғандыратын тақырыптарының бірі – ҰБТ-ның 2015 жылға қарай тоқтатылуы. Осы күнге дейін тестілеуді сынап келгендер бұл жаңалықты қуана қарсы алса, отандық дәстүрлі емтихан жүйесінен көңілі қалғандардың ойларына күдік ұялады. Мәселе өте өзекті және толық-қанды зерттеуді қажет етеді. Алдымен емтихан жүйесінің тарихына қысқаша тоқталайық. Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап, елімізде жоғары оқу орнына қабылдау ережесі, бұрынғы КСРО-дағыдай болып қала берді, яғни мектепті бітірген талапкерлер ЖОО-ның өзіне барып, комиссия алдында ауызша-жазбаша емтихан тапсыратын. Бұл кезде оқуға түсу үлкен саудаға айналды. Өйткені жүзбе-жүз емтихан қабылдау субъективизмге қатты жол беретін және 90 жылдардың қиын жағдайы, оқытушылар жалақсының төмен…

