Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды.

Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды. Қызылордада жыл басынан бері полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен 70-тен астам қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергеноваға сілтеме жасап. «Қала бойынша 216 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 96-сы – көп қабатты үйлердің ауласында. Қаланы камера арқылы бақылау арқасында тәртіп сақшылары жыл басынан бері 70-тен астам қылмыстың бетін ашып, сегіз мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтады», - дейді ол. Қайырбергенова атап өткендей, қызылордалықтардың дені заңды дұрыс білмегендіктен, әкімшілік бұзушылықтарға жиі барады, сол себепті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру өз алдына бөлек мәселе. «Мысалға, жылдың алғашқы 5 айы ішінде…

0
0
1028

ШҚО-да жас инспекторлардың слеті аяқталды.


Шығыс Қазақстан облысында өткен жол қозғалысындағы жас инспекторларының 14-ші республикалық слеті аяқталды. Еліміздің әр түпкірінен келген балалар мен Ресей және Тәжікстаннан арнайы шақырылған жасақтар екі апта бойы жол қозғалысының ережелерін қайталап, тәжірибесімен бөлісіп, түрлі байқауға қатысты.

0
0
327

ӘЧ-2014: Бельгия мен АҚШ құрамаларының овертаймдағы супер шайқасында еуропалықтар жеңiске жеттi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалы кезеңiнде Бельгия мен АҚШ құрамалары кездестi. Бұл матчта да мундиальдiң кезектi овертаймы тiркелдi. Негiзгi ойын кезеңдерiнде есеп ашылмады. Ал овертаймның басында (92-минут) Де Брюйне америкалықтардың қақпасына алғашқы голды салса, 105-минутта Лукакку ұлттық командасының басымдығын еселей түстi. Бiрақ 107-минутта алаңға жаңадан шыққан 1995 жылғы Гринн бельгиялықтардың қақпасына доп салып, америкалықтардың үмiт отын жаға түстi. АҚШ құрамасында есептi теңестiретiн бiрнеше мүмкiндiктерi болды. Ойын соңында жан алысып, жан берiскен командалар қарқынды шабуылдарға бас қойды. Бiрақ матч 2:1 есебiмен Бельгия пайдасына шешiлдi. Айта кетейiк, аталмыш кездесуде бельгиялықтар АҚШ құрамасының Тим Ховард қорғаған қақпасына 36 соққы бағыттаған.…

0
0
176

ӘЧ-2014: Аргентина овертаймда Швейцарияны жеңiп, ширек финалға өттi

Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина овертаймда Швейцарияны ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Бұл матчта қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларынан саңылау таппай, ойынды овертаймға ойыстырған болатын. Осы кезеңнiң 119-минутында Ди Мариа Мессидiң пасынан кейiн швейцариялықтарға алтын гол салды.

Ендi Аргентина 1/4 финалда Бельгия-АҚШ кездесуiнiң жеңiмпазымен ойнайды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
245

ШҚО-да «қазақстандық барыс» Мұхит Тұрсыновқа пәтер мен машинаның кілттері тапсырылды

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан барысы-2014» республикалық турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсыновқа салтанатты қошемет көрсетілді. Қазақ күресінен чемпиондық атақты екі жыл қатарынан ШҚО тумалары жеңіп алып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығы. «Бүгінгі оқиға — біз үшін, шығысқазақстандықтардың барлығы үшін мереке. Міне, осымен екінші рет біздің жерлестеріміз чемпиондық белбеуге ие болып отыр. Бұл — зор мақтаныш, Мұхитты жеңісімен құттықтаймын», деген ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қазақстандық барысқа пәтер мен машинаның кілттерін тапсырды. Мұхиттың өзі үшін мұндай додадарда ШҚО намысын қорғау өте үлкен жауапкершілік болған. «Маған үлкен міндет жүктелді, Айбек Нұғымаровтың жеткен жетістігін қайталау керек болды, халық бізді шығарып саларда батасын беріп, жеңіске де…

0
0
428

З.Дияс тағы да С.Халептен өте алмады

Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққан қазақ теннисшісі Зарина Дияс  әлемнің үшінші ракеткасы румыниялық Симона Халептен айласын асыра алмады.

Екі партияда С.Халеп 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Зарина Австралияның ашық чемпионатында да осы теннисшіден ұтылған болатын.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, қазақстандық Ярослава Шведова мен неміс қызы Сабина Лисицкидің бәсекесінде неміс қызы 6:3, 3:6, 6:4 жеңіске жетті.

Енді ширек финалда Лисицки Симона Халеппен сайысқа түседі.

 
Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
221

Абель Санчес: Головкин қарсыластарының ішіндегі ең мықтысы — Гил

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің кәсіби бокстағы мансабында ең тәжірибелі әрі табысты қарсыласпен кездесетіндігін мойындады. Сонымен қатар, оның пайымынша, экс чемпион Дэниел Гилдің ерекшелігі, шаршы алаңдағы белсенділігі, ал қарсыласын ұрып жығар қауқары жоқ, деп хабарлады Vringe.com. «Гил Геннадийдің жолы түйіскендер арасында ең мықтысы екендігі сөзсіз. Ол ең үздік нокаутшы емес те шығар. Бірақ, егер қол жеткізген жетістіктерін саралайтын болсақ, онда ол Головкиннің барлық басқа қарсыластарының алдын орайды. Екі мәрте әлем чемпионы және екі рет ғана жеңілістің ащы дәмін татқан. Бұған қоса, оның бірі даулы жеңіліс», — деді А.Санчес. Сонымен қатар ол Дэниелдің шаршы алаңдағы ұрыс мәнеріне…

0
0
300

1-ші күн

1 күн. 1-ші шілде 2014 жылы асыға күткен алып шаһар Шымкентке келдік. Бізді пойыздан түсе бергенде, Шымкенттің ХББ НЗМ ұжымы жылы шыраймен қарсы алды. Жолда біз жасыл алқап Шымкенттің әдемі таңғы көрінісімен таныстық. Біз Шымкент туралы біршама мәлімет білгенімізбен, оның нағыз келбетін қалаға келгенде түсіндік.Мекепте бізге Шымкент қаласы туралы қысқаша мәлімет берілді. Бұл мәлімет нәтижесінде Шымкент қаласы үлкен мегаполис және өнеркәсіп, сауда мен мәдени орталықтардың тоғысқан жері екеніне көзіміз жетті. Осындай ақпаратқа негізделе отырып, бізге Шымкент қаласын зерттреуге деген қызығушылығымызды арттырып, болашақта ғылыми жобалар мен мақалаларды жазуда септігін тигізеді. Әсіресе, біз бүгін барған дендросаябағы мен зообақты алуға болады. Бүгінгі күннің ең қызықты сәттерінің бірі Шымкент…

0
0
717

«Туған елге тағзым» экспедициясы

Экспедиция мақсаты - оқушыларды патриот сезімге ояту және туған елге деген қызығушылығын ояту. Сол мақсатта, Біз, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 24 оқушысы Астана қаласына шілденің 1-і мен 10-ы арасында өтетін 10 күндік «Туған елге тағзым» экспедициясы бойынша келдік. Астанада ең көрнекті қонақ үйлерінің бірі, үш жұлдызды «Абай» («Турист») қонақ үйіне тоқтадық. Бізбен бірге бұл қонақ үйде Атырау қаласының оқушылары орналасқан. Өздері көңілді , белсенді , мейірімді және досшыл екен. Астанаға келгеннен кейінгі ең алғаш барған жеріміз – Астана қаласының IB Назарбаев Зияткерлік мектебінің ескі ғимараты. Ең алғаш ашылған мектептердің бірінде бізді сол мектеп оқушылары көңілді қарсы алды. Түскі асқа дейінгі уақытта біз Атырау қаласы, Астана қала…

5
1
1790

Астана қаласы бойынша инспекция ТКШ нарығындағы проблемаларды зерделеу жөнінде кеңес өткізді

Ағымдағы жылғы 30 маусымда Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Энергетика басқармасының, Коммуналдық шаруашылық басқармасының, «АстанаЭнергосбыт» ЖШС, Астана-Теплотранзит» АҚ, «Центральное газоснабжение» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК және ПМК өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығындағы проблемалық мәселелерді зерделеу жөнінде кеңес өткізді.

Кеңесте «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары түсіндірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша субъектілердің пікірі тыңдалып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығына қатысты барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

0
0
486