Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Құқықтық сауаттылық пен мәдениетін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

Ағымдағы жылғы 26 маусымда Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету» семинарына қатысып, денсаулық сақтау саласының азаматтық қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің құқықтық құралдары» тақырыбына дәріс оқыды.

Семинарда Департаменттің заңды қызмет бөлімінің бас маманы А.Жунусова және  ақпараттық талдау бөлімінің аға инспекторы Д. Қасенова «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары және оның алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды.

Өз баяндамаларында қаржы полициясы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі және кешенді сипат алғандығын атап өтіп, Ақмола облысы бойынша Департамент қозғаған қылмыстық істер бойынша мысалдар келтірді.

Сонымен қатар, семинар өткізу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу жөнінде түсіндірмелер беріліп, сот үкімі заң күшіне енген сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Баяндамалар қызығушылықпен тыңдалып, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты қоғамда заң бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге «мүлдем төзбеушілікті» және  қаржы полициясы органына   азаматтардың  сенімін  арттыру болып табылады.

0
0
480

Осы тақырып бойынша

«Құқықтық сауаттылық пен мәдениетін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» - Yvision.kz