Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевпен кездесудің қорытындылары
Бүгін бір топ қазақтілді интернет-белсенділері болып Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесіп, білім берудегі ең өзекті мәселелерді талқыладық. Отырыс 5 сағатқа созылды, оның бір жарым сағатында Е.Сағадиевтің өзі болды. Көптеген мәселе көтерілді, соның ішінде халықтың мазасын алып жүрген ағылшын тілінде білім беруге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен не талқыладық, қандай қорытындыға келдік, соған тоқталайын. Негізгі мәселе БҰҰ жүргізген зерттеу бойынша біздегі 8 сынып оқушылары дамыған елдердің 8 сынып оқушыларынан кемінде 2,5 жылға қалып қойған. Қандай пәндер ағылшын тілінде оқытылады? Ағылшын тілінде өтілетін пәндер – информатика, химия, биология және физика. Қазақ тілінде өтілетін пәндер – қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы Орыс тілінде – орыс тілі мен әдебиеті (екеу…